Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы



Pdf көрінісі
бет9/13
Дата13.03.2024
өлшемі1.28 Mb.
#495224
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
хикм адамдық пен мұрать

Нәтижелер
Қ.А. Ясауидің «Хикметтер» мұрасы өз ке-
зеңі мен өмір белестерінің бүтін болмысын, 
көрген-түйген тәжірибе тәлімін кең түрде 
қозғайды. Ақиқат жолына жету мәнін, іздені-
стері мен іркілістерін жастық кезеңімен, есе-
ю-өсу жолдарымен байланыстырады. Отан 
мен отбасы құндылықтарын негізге алады. 
Алла ісі, Хақ дидары, ақыл-парасат, жүрек 
жайы, мейірім шуағы, имандылық иірімі 
өмір тағылымымен телқабыс өріс алады. Оны 
ақындық әлемімен ұштастырады, ұстаздық 
ұлағатпен, ғұламалық тереңдікпен, кемең-
герлік көрегендікпен де жүйелі дамытып, 
байыпты тұжырымдар жасайды. Біздіңше, 
«Хикметтер» жүйесінің мән-мазмұны мен 
тұтас табиғатынан жалпыадамдық мәселе-
лер – адам мұраты, еңбегі мен өмір өнегесі 
кең түрде қозғалады. Ел-жер мәні, дәстүр 
мен дүниетаным, дін мен діл, отан мен от-
басы құндылықтары жан-жақты ашылады. 
Қожа Ахмет Ясауи хикметтеріндегі адамдық мұрат пен имандылық негіздері


143
№ 1(142)/2023
ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева. Серия Филология
BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series
Тарих тағылымы мен таным арналары, Хақ 
Тағала, Құран нәрі, аят-хадис, жан-тән сипа-
ты, софылық идеясы кең өріс алады. Ар-ож-
дан, жәннат пен дозақ, дұға-тілек, ғалам мен 
ғалым, қанағат пен рахым, мінез бен сабыр
нәпсі-шайтан, жастық пен достық сыры, кісілік 
пен кішілік, қарапайымдылық қағидаты, 
имандылық иірімі т.с.с. өмір, тұрмыс-тіршілік 
негізінде кеңінен көрінеді. Демек, «Хикмет-
тер» мұрасы ақиқат жолын, әділетті істі, адам 
мұраты мен өмір мәнін, дүние дидарын, ға-
лам сырын, отан мен отбасы құндылықтарын 
көрсетуімен – жалпыадамдық мәселелерді 
кең түрде қозғайды. Алла ісін, Құран нәрін, 
софылық идеяны жүйелі сөз етуімен де адам 
факторын, әлемдік үдерістер мәнін кең түрде 
айқындайды. Мұның бәрі-баршасы адамзат 
қоғамы мен жалпыадамдық мәселелермен 
берік үндесіп, кеше мен бүгін мәні айқында-
лып, байланыс-сабақтастық үдерістерін дамы-
та түсері анық. Ақиқат жолы, адамдық мұрат, 
ғаламдық үдерістер, өмір тағылымы мәнді.
Анығында, ақиқат жолы айқын. Адамгер-
шілік мұраттары мен қағидаттары мәнді. 
Алла ісі, Құран нәрі, Мұсылманшылық шарт-
тары берік. Дидактикалық-фәлсафалық Һәм 
софылық сипаттар көңілге қонымды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет