Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы



Pdf көрінісі
бет5/13
Дата13.03.2024
өлшемі1.28 Mb.
#495224
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
хикм адамдық пен мұрать

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы. 
Филология
 сериясы 
ISSN: 2616-678Х, eISSN: 2663-1288
Қ.А. Ясауидің өмірнамасына жіті ден қой-
сақ, алпыс үш жасқа толғаннан кейін-ақ: 
- Пайғамбар жасына жеттім. Ендігі өмірім – 
«Күпірлік!»-деген ұстанымға мықтап табан 
тіреп, қазіргі мавзолейдің оңтүстік шығысқа 
қарай 150-200 метр қашықтықта Аллаға құл-
шылық ететін – жер асты (жертөле) мешітін 
(Араб сөзінде – «халуат») салдырады. Халуатта 
қалған ғұмырын өткізген – Қ.А. Ясауи «Диуа-
ни хикмет» («Даналық сөздер» - «Хикметтер») 
атты ақиқат жолын, ізгілік мәнін сөз ететін ең-
бегін жазады.
Анығында, Қ.А.Ясауи «Хикметтері» - ақиқат 
жолын бағыт етті. Ар-иман ісі – басты ұстаны-
мы болды. «БисмиллаҺ»,- деп сөз бастады. 
Тақуалық жолын тұтты. Жалпақ жұртқа сөзін 
арнап, жан жылуын, жүрек отын шамшырақ 
етті. Жаратқанға жалбарынды. Ғаріптердің 
қамын ойлап, көмек қолын созды. Ораза, на-
маз мәнін ұқты. «Махшар күнінің» (Қиямет 
қайым күні) сырын ашып, әзәзілдің арбауына, 
шайтан-залымға лағнет айтты. Алла әмірін 
серт етіп, ақиқат жолына түседі. Әділетті істі 
ту етеді. Мұны байыпты зерделеу үшін Қ.А. 
Ясауидің «Хикметтер» кітабы арқылы тарата 
сөз етеміз. Аударған және түсініктерін жазған 
– Әбіраш Жәмішұлы [7, 208].
Еске алсақ, «1-хикмет» бастапқы тұстан-ақ 
ақиқатты айтып, әділеттілікті жақтап, тақу-
алық жолды ұстанып, барша жұртқа сөз ар-
найды. «Жан жылуын, жүрек отын» мейірім 
шуағымен ұсынып, ғаріп-кемтарларға демеу 
болып, қол ұшын береді. Бос белбеу, қуыс 
кеуде, қуыршақ кейіптегі «кекірейген кердең-
дерден» бойын аулақ ұстайды. Тиісті тұста: 
«Махшар күні мархабат ет, пана болғын»,-де-
се, «мейірімі жоқ меңіреулерге» қас екенін де 
анық-қанық жеткізеді. Аят, хадис мәніне ден 
қойып, ғаріп-кемтарларға көңіл бөліп, бойын 
да, ойын да таза ұстайды. Алғашқы кезекте:
«Бисмиллаһ» деп сөзді бастап, хикмет ай-
тып,
Шәкірттерге дүррі гауһар шаштым міне. 
Тақуалық жолын тұтып, қайғы жұтып
«Дәптер сәни» беттерін аштым міне,-десе, 
келесі кезекте ой-сөз жүйесі дами түседі:
Сөзiмдi айтам зейін қояр барша жанға, 
Жан жылуын, жүрек отын аңсағанға. 
Демеу болсын ғаpiп, пақыр, шаршағанға, 
Кекірейген кердеңдерден қаштым міне.
Қам көңілдің қайғысына дауа болғын
Жолда шаршап шалдыққанға сая болғын, 
Махшар күні мархабат ет, пана болғын, 
Мейрімі жоқ меңіреулерге қаспын мi-
не,-деп ақиқат мәніне ден қойып, ізгілік жо-
лына бет бұрады. Алла ісін, құран мәнін терең 
түсінеді. Жаратушыға жалбарынып, хақ жо-
лына түседі. Алла әмірін, намаз, ораза мәнін, 
алпыс үш жастың қасиет-құдіретін терең 
сезінеді. Нәтижесінде: ақиқат жолы – бағы-
ты, ар-иман – ұстанымына айналады. Оның 
маңызды қырын, тәлімді тұстарын төмендегі-
ше таратып, мәнді тұжырым жасайды:
Алпыс үшке жетті жасым, өттім ғафыл,
Алла әмірін атқармаған мен бір жаҺіл.
Ораза, намаз дегеннен жұрдай тақыр,
Үсті-басым баттасқан кір, күспін міне.
Уа, дариға, махаббаттың дәмін татпай,
Жар да сүймей, үйді ойлап, дүние таппай,
Ойсыз, қамсыз, шайтандықтан бойды тарт-
пай,
Жан берерде жанталасқа түстім міне.
Немесе:
Қашты иманым, қасіретке батты ділім,
Жылдам жетті-ау әйтеуір кәміл пірім.
Шайтан лағнет зыта қашып жоғалтты ізін,
БихамдуллаҺ, иман нұрын құштым міне.
Кәміл пірім қызметінде тындай жүрдім,
Дамыл таппай, көз ілмей зырлай жүрдім.
Әзәзілдің арбауына қыңбай жүрдім,
Сосын да мен қанат қағып ұштым міне,-деп 
ақиқат өмірдің мәнді-нәрлі тұстарын, Құран-
ның сыр-сипатын, намаз, оразаның пайдалы 
қырларын, ар-иманның қасиет-құдіретін жан-
жақты ашады. Маңыздысы, адам әлемінің 
мың сан қырлы-сырлы сипаттарын, өмірі мен 
еңбегін, ақыл-парасатын, дәстүрі мен дүние-
танымын, діні мен ділін, дүниеәуи-жаҺандық 
дидарын, біліми-ғылыми арналарын, ар-има-
ны мен фалсафалық-салауаттық сипаттарын, 
мәдени-рухани Һәм көркемдік-эстетикалық 
құндылықтарды, 
танымдық-тағылымдық 
мәнін, тәлім-тәрбиелік иірімдерін дидакти-
калық қағидаттармен берік байланыстырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет