1. Химиялық термодинамика жəне оның міндеттері. Термодинамиканың негізгі



Pdf көрінісі
бет44/59
Дата13.03.2024
өлшемі3.08 Mb.
#495349
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   59
РК химия

Электродиализ 
бұл тұрақты
электр
тоғының
əсерінен жеделдетілген диализ əдісі.
Ультрафильтрация – бұл мембрананың екі жағынан түсетін қысымдар
айырымы есебінен жүретін диализ əдісі.
Компенсациялық диализ – бұл коллоидты ерітіндіні тек төмен
молекулалы қоспалар бөлігінен (биологиялық сұйықтықтар)
тазарту үшін қолданылатын диализ, ол үшін диализатордағы
еріткішті коллоидты ерітіндіде сақталуға тиісті төмен молекулалы
заттар ерітінділерімен алмастырады.
Вивидиализ:

компенсациялық диализдің түрленуіне жатады;

«жасанды бүйрек» аппаратының жұмыс істеу негізі болып
табылады;

құрамында қанмен концентрациялары бірдей, қанда сақталуға
тиісті заттары бар диализденетін ерітіндіні пайдаланады.
44. Қоллоидтық ерітінділердің молекулалық-кинетикалық қасиеттері: броундық
қозғалыс, диффузия, седиментация, осмостық қысым. Дисперсті жүйелердің
оптикалық қасиеттері. Фарадей-Тиндаль эффекті. Рэлей теңдеуі.
Коллоидты жүйелердің молекулярлық-кинетикалық қасиеттері:
броундық қозғалыс;

диффузия;

осмос;

седиментация.
Броундық қозғалыс – бұл коллоидты бөлшектердің еріткіш молекулаларының
соқтығысуының əсерінен ретсіз, үздіксіз қозғалысы.
Диффузия – бұл жылулық немесе броундық қозғалыс салдарынан коллоидты
бөлшектер концентрациясының бүкіл көлем бойынша өздігінен теңесуі.


Осмостық қысым – бұл еріткіш молекулаларының жартылай өткізгіш
мембрана арқылы коллоидты ерітіндіге өтуіне кедергі келтіретін коллоидты
ерітіндінің гидростатикалық қысымы.
Седиментация – бұл дисперсті бөлшектердің ауырлық күшінің əсерінен шөгуі.
Тиндаль эффектісі – бұл коллоидты ерітіндісі бар ыдысқа жарық сəулесін жібергенде
жылтырайтын конустың пайда болуы.
Рэлей теңдеуі:
Ip – шашыраған жарық қарқындылығы;
I0 – түскен жарық қарқындылығы;
K – дисперсті орта жəне дисперсті фазаның сыну көрсеткішіне тəуелді болатын
тұрақты; V – бөлшек көлемі;
ν – бөлшектік концентрация (зольдің көлем бірлігіндегі бөлшектер
саны); λ – түскен жарықтың толқын ұзындығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет