Сабақ жоспары. Бірінші басылым. Ф пгмк 703-31-09 План учебног занятия. Издание первое



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата16.03.2024
өлшемі495.24 Kb.
#495817
түріСабақ
1   2   3   4
СӨЖ яз.предмет5..

қалай отырғыздық" тақырыбы бойынша өздерінің ағаш отырғызғанда не істегендерін 
әңгімелеу керектігін ажырататындай болуға тиіс. 
3) Шығарма жазу үшін материал жинау дағдысы мен шеберлігі. Яғни материал жинау 
барысында бақылаудың кейбір тәсілдеріне дағдылану, оны меңгере білуге үйрену. Мысалы, 
"Үй қалай салынды?" тақырыбы бойынша материал жинау барысында балалардың кейбіреуі үй 
ішінен сұрауы, енді біреулері кітап оқу арқылы, біреулері егер жақын жерде құрылыс болса, 
соның басына барып, көзбе-көз бақылау арқылы т.б. тәсілдермен бақылаулары мүмкін. 
Оқушылар қандай тәсілмен болса да берілген тақырып бойынша материал жинауға 
дағдылануда қажет. Егер оқушы материал жинау дағдысына жаттықтырылмаған болса, ол 
шығарма жұмысында талай-талай сәтсіздіктсрге ұшырайды. Сондықтан бастауыш сыныптан 
бастап, балалар бақылай білуге, кітаппен жұмыс жасауға, суреттерді қарап қабылдай білуге, 
экскурсия материалдарын жинактап, естерінде сақтай білуге жаттықтырылып, бірте-бірте бұл
жаттығуларды дағдыға айналдыру біліктерін жетілдіруді іскс асыра б еру кажет. 
4) Білетін, яғни жинаған материалдарын жүйелей білу дағдысы. Бұған бастауыш сынып
оқушылары мазмұндама арқылы үйретіледи. Ол үшін жинаған материалдарды іріктеп, жүйелей 
білуі қажет. 
.5) Оқушылардың өз ойын дұрыс және түсінікті білдіру дағдысы Ойын дұрыс білдіру деген 
шығарма яки мазмұндама жазғанда белгілі тілдік норманы сақтау, әдеби тілдің ең 
шұрайлыларын пайдалану білігі сөйлемдерді бір-бірімен байланыстырып, жатық тілмең жеткізе 
алу шеберлігі, ал ойын түсінікті білдіру дегеңіміз оқушының ойынның дәл, анық көкейге 
қонымды болуы. Шығарма мен мазмұндама жазу барысында оқушылар көптеген жаңа сөздер 
мен сөз тіркестерін үйренеді.Олар арқылы оқушылардың лексикалық қоры байып, тілдері 
ұстарады Мұғалім оқушылардың түсінігіне қиындық келтіреді-ау дсген сөздер мен сөз 
тіркестерін түсіндіріп, тіл дамыту жаттығуларын жүргізіп отырады Мысалы, оқушылар қыс 
кезіндегі түрлі ойынды немесе табиғатты суреттеу т.с.с. тақырыпқа шығарма жазатын болса, 
қардың түсін бірнеше сөзбен білдіруге болатынын (аппақ кар: күміс қар, жалт-жұлт еткен қар, 
ақша немесе үлпілдек қар, жаңа жауған қар т.б.) көрсетеді. Мұндай дайындық жұмыстары 
көбінесе грамматикадан өтілетін, тілдік материалға сай, грамматика, оку сабақтарында 


жүргізіледі. 
6) Жазғандарын тексеру, түзету, жақсарту білігі мен дағдысы. Бұл да біраз қиындық келтіретін 
күрделі жүмыс. Оқушылар мазмұндама, шығарма жазғанда көбінесе бұрын бітіріп, мұғалімге 
бірінші болып тапсыруға асығады да, жазғандарын қайта оқымайды, сөйтіп жазған
жұмыстарының бірде-бір сөзін, не тыныс белгісін, не әріп қатесін түзетпестен тапсырады. Бұл 
жөнінде мұғалімнің ескерткен сөзі де оларға әсер етпейді. Мұғалім бұрын тапсырған 
балалардың жұмыстарын қайтарып беріп,оқып шығып, «қатеңді түзе» дегеннің өзінде де 
кейбір оқушы жұмыстарын алып, партаның үстіне қойып, біраз айнала қарап отырады да 
(мұғалім қасына жақындаса, дәптеріне көзін салады, мұғалім алысырақ тұрса, айналаға қарап 
отырады, қайта тапсырады. Мұндай білік пен дағдыға оқушыларды үйрету канша қиын 
болғанымен, жазғандарын сын көзімен қарап оқып шығып, жазу барысында түрлі себептері 
(асығыстық, ойланбаушылық, ережені ұмытып қалушылық т.б) жіберген кателерін батыл 
түзете алу білігі мен дағдысын бастауыш сыныптарда үйренуге тиіс. 
7) Оқушы жазған әңгімесін белгілі бір тұлғада жазу керек. .Осы біліктер мен дпғдыларға 
оқушыларға қалай үйрету керек.Балаларды орфографиялық,пунктуациялық , морфологиялық, 
синтаксистік дағдыларға бірден үйрете алмайтынымыз сияқты , бұл көрсетілген дағдылардың 
барлығын бірден үйрете алмаймыз.Сондықтан бұл дағдыларды қалыптастыруда бірте-бірте
бір дағдыдан ,екінші дағдыға сатылап көшіп отыру әдісін қолданған жөн. 8) Қабылдаған таныс 
заттары мен құбылыстарды бір-бірімсн байланыстырып, бір жүйеге келтіру алу дағдысы 
болады. 
Оқушылар жазу жұмыстарында қате жібермеу үшін өздіктерінен жұмыс жасауы крек. 
Өздерінің жіберген қателерін дәптерлеріне жазуы, оны жою үшін үнемі жұмыс жасау қажет. 
Оқушы қатені жою үшін өз бетімен жұмыс жасап үйреніп, оны дәлелдей білуі немесе ережелер 
арқылы түсіндіруі қажет. 
Біраз уақыт өткеннен кейін ( тоқсан не жарты жылдық аяғында, оқу жылы аяғында) мұғалім 
оқушылардың жұмысына толық талдау жасайды. Кім қандай жерлерде қандай қателер жіберді, 
әсіресе әр оқушыға тән қателер ( мысалы: шылау мен жалғауларды айыра алмау, әріптің 
емлелеріне қатысты т.б ), сөйтіп мұғалім оқушылардың үлгерімі жөнінде тұтас талдау ( не карта) 
жасайды. Оқушылардың қате жіберу мотивін анықтайды. 
1. Оқушы ережені меңгермегендіктен ( не түсінбегендіктен т.б) 
2. Ережені біледі, бірақ оны жазуда дұрыс қолдана алмаған, яғни ережені қолдану білігі, 
дағдысы қалыптаспаған. 
3. Ережелерді араластырып шатастырады. 
4. Жазып отырғанының мағынасына түсінбей, зейін қоймай механикалық түрде әрекет етеді. 
5. Кейбір дыбыстарды қате естиді немесе өзі қате айтады.(өкпе-өпке, қақпа-қапқа,маңдай-
маңлай т.б.) 
6. Асығыс-үсігіс, ұқыпсыздықтың салдарынан қатесін байқамайды т.б деп осы сияқты 
себептерін анықтағаннан кейін сәйкес қосымша жұмыс ұйымдастырады 
Оқушылардың қателерін түзету жолдары да алуан түрлі. Қателерді қай кезде түзету керек? 
Егер жұмыс шағын не ескерту, түсіндірме диктанты, көшіріп жазу жаттығуларын сол кезде сабақ 
үстінде жөндеуге,түзетуге болады. Ал бақылау диктанты, мазмұндама, шығармадағы қателер 
соңынан түзетіледі. Қатені түзетуде жазу жұмыстарына талдау жасаудың пайдасы зор. Талдау 
жасағанда дәптерлерді таратып бермеу керек. Өйткені олар өз дәптерлеріне қарап алаңдап 
отырады да, мұғалімнің талдауын тыңдамайды. 
Жұмыс талданғанда оқушылардың көпшілігіне тән қателерден басталады. Қатемен жұмыс 
қандай қате, ол қалай жазылу керек, неге олай жазылады, ережелерін айтып, еске түсіреді, 
бұндай жұмысқа бір сабақ жеткілікті. Егер уақыт қалса, соған сәйкес мысалдар жазу, дәлелдеу
т.б. Жеке оқушылардың жіберген қателерін мұғалімнің түзетуі бойынша түрлі жұмыстар 
жүргізуге болады. 


Оқушылардың жіберген қателерін мұғалім түрлі жолдармен түзетеді. Орфографиялық 
қателерді түзету үшін шартты белгілер қолданылады. Мұндай белгілер оқушыларға таныс 
болуға тиіс: 
1. 
Қате жазылған сөз сызылып,үстіңгі жағына дұрыстап жазылады; 
2. 
Қате жазылған әріп н/е сөздің аты сызылады; 
3. 
Қате әріп не сөздің астын сызу; 
4. 
Артық әріпті немесе буындарды сызып тастау
5. 
Қателесіп бөлек жазған сөзді қосып жазу (алабота т.б) 
6. 
Қателесіп бірге жазған сөздерді бөлек жазу 
7. 
Дәптердің шетіне қате кеткен айтылуы ұқсас, емлесі басқа сөздерді жазып көрсету (
Анау-қойма. Жайылып жүрген қой ма? 
Жазба жұмыстарын тексергенде қателердi түрлi шартты белгiлер арқылы көрсету дұрыс. 
Мұның өзiндiк бiр жүйесi бар. 
/ - Емле қатесi белгiленедi. 
V - тыныс белгiсiнен кеткен қате. 
Z – абзац керек деген белгi. 
Z – артық қойылған абзац. 
? – дүдамал, екiұшты, осы сөйлемдi ойлан деген белгi. 
?! – пiкiрдi немесе фактiнi бұрмалаудан кеткен кемшiлiк. 
! – осы жерге ерекше көңiл аудар. 
~~~ - ауыстыруды керек ететiн, бiрнеше қайталанған сөздер мен сөйлемдер. 
- стильдiк жағынан дұрыс құрылмаған, жөндеп жаз деген белгi. 
*** - сөз қалдырып кетсе, түсiнiксiз сөйлемдердi белгiлейдi. 
Міне, осындай жұмыстар жүйелі жүргізілгенде ғана, осы айтылғандарды басшылыққа алғанда 
ғана жазба жұмыстары ойдағыдай болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет