Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық



Pdf көрінісі
бет4/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

5
1-тарау. Визуалды өнер
Визуалды өнер
Қымбатты мұғалім!
Өнерде шегара мен шектеу болмайтыны белгілі. Өнер жайлы шексіз айтуға және оны зерттеуге 
болады. 
«Визуалды өнер» тарауында сіздер оқушылармен бірге бейнелеу өнерінің әртүрлі қырларын оқып 
білесіздер. Бұл тарау мына бағыттар бойынша біріккен сабақтардан тұрады: 
өнер және ғылым, микросуреттер; 
заманауи бейнелеу өнері;
• көрме ұйымдастыру. 
Өнер және ғылым, микросуреттер. Ғылым мен өнер арасында орныққан тығыз байланысты та-
рих көрсетіп отыр. Бұл тарауда оқушыларды суретшілердің ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, ми-
кроскоптың көмегімен жасаған бейнелер әлемімен таныстырасыз. Оқушылар бактериялармен, виру-
стармен және жай көзге көрінбейтін басқа да микросуреттермен танысады, оқыған материалдарын 
шығармашылық тұрғыда талдайды және тәжірибелік жұмыстар жасайды.
Заманауи бейнелеу өнері. Оқушылар бейнелеу өнерінің поп-арт, символизм, абстракционизм, 
перфоманс т.б. сияқты жаңа бағыттарымен танысады. Заманауи өнердің дамуына технологиялардың 
тигізетін әсеріне және олардың ерекшеліктеріне назар аудара отырып, қазіргі қазақстандық сурет-
шілермен танысады. Олар қазіргі суретшілердің шығармашылығымен шабыттанып, әртүрлі стильде 
және заманауи бағыттарда өздерінің шығармашылық жұмыстарын орындайды. 
Көрме ұйымдастыру. Дұрыс ұйымдастырылған көрме тарауды оқытудың қорытындысын шығару-
дың тиімді жолы болып табылады. Жасаған бұйымын толық аяқтау үшін оқушылар шығармашылық 
жұмыстарын безендіріп үйренеді. Шығармашылық жұмыстарды перфоманс түрінде таныстыру рәсімін 
өткізу жолдарымен танысады.
Оқыту үдерісін ойдағыдай жүзеге асыру үшін түрлі түсті қарындаштар, бояулар, түрлі өлшемдегі 
қағаздар т.б. негізгі материалдар мен құралдар қажет. 
Еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілейміз! 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет