7
Көрк
ем еңбек
1-тарау. Визуалды өнер
Ықтимал жауаптар:
Оқушылар бірінші фотода лимон жемісі бар
бұтақ бейнеленген деп ойлауы мүмкін.
Лимон
жемістері мен жапырақтар анық көрінеді. Екінші
фотода қызыл түсті жіп иірімі бейнеленген. Үшінші
фотода жарығы жымыңдаған қала көшесінің су-
реті бейнеленген.
Оқушыларға микросуреттер туралы мәтінді
оқуды ұсыныңыз
және микроағзаларды бейне-
леуге байланысты ғылыми ізденістер туралы әң-
гімелесіңіз. ХХ ғасырда бейнелеу өнері мен сәулет
өнерінің дамуына өздерінің шығармашылығымен
ықпал еткен ғалымдар туралы айтып беріңіз. Қы-
зықты микросуреттерді көрсетіңіз. Оқушылардың
назарын Эрнст
Геккельдің шығармашылығына,
өнердің әртүрлі саласының өкілдері арасында
қолдау тауып жүрген оның «Табиғаттағы
пішін-
дердің көркемдігі» деген кітабына аударыңыз.
Зертте.
Бұл тапсырма Эрнст Геккельдің суреттерін
оқушылардың өз бетінше зерттеуіне және ассоци-
ативті ойлауын дамытуға бағытталған. Оқушылар
бейнелерді
зерттей отырып, онда қолданылған
сызықтарды, пішіндер мен түстерді
зерттейді,
олардың неге ұқсайтындығын анықтап, өз бетін-
ше өрнектердің нобайын салады. Микроағзалар-
дың осы суреттері оқушыларға жаңадан сәнге ай-
налған өрнектерді салуына көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: