Фотосуретші қолындағы микроскоп
Оқушылар сабақ тақырыбын меңгере
отырып:
• бейнелеу өнерінің дамуына ғылымның ти-
гізер әсері туралы біледі;
• визуалды бейнелермен байланыстыра оты-
рып, микрофотосуреттердің пішінін, түсін,
құрылымын қарастырады;
• дизайн жасауда микрофотосуреттерді қол-
данады.
Ресурстар:
микроскоппен көріп, зерделеуге арналған ны-
сандар (гүлдің күлтежапырақтары, көбелектің не-
месе инеліктің қанаттары, үйдегі шаң-тозаң, қағаз,
мақта, жіптер, шаштар, аквариум қабырғасындағы
тат т.б.), зерттеу альбомы, түрлі түсті қарындаштар,
фломастерлер, бояулар.
Тірек сөз:
микрофотосурет.
Оқулық: Фотосуретші қолындағы микроскоп, 8-9 беттер.
Сабаққа байланысты деректі материалдар
Микрофотосуреттер – микрофототехниканың көмегімен алынған фотосурет. Шығармашылық
өнердің бұл түрінің бірден-бір өкілі – британдық фотосуретші, профессор Роб Кесселер. Роб Кессе-
лер біз елестететін экзотикалық микроәлемді ұсақ бөлшектермен көрсетеді. Оның жұмыстарында
өнер мен ғылым ұштасқан. Ортағасырлық голландиялық Р. Кесселер микрофотосуреттің шығар-
машылық мүмкіндігін зерделеу үшін микробиолог ғалымдармен бірге жұмыс істейді. Жоғары тех-
нологиялық зертханаларда ғылым мен өнерді ұштастыру арқылы өсімдіктер, өзектер, тұқымдар,
жемістер мен жапырақ бөлшектері бейнелерінің үлкен топтамасы пайда болды. Роб Кесселер бізге
органикалық әлемнің ең кішкентай бөлшектерінің құпиясын ашты. Бейнелердің күрделілігі мен ға-
жайып әсемдігін, яғни табиғаттың жасырын сырлары мен көзге шалынбас көркемдігін жай көзбен
көру мүмкін емес.
Британдық суретші Анна Думитриу өз шығармашылығының негізгі нысаны ретінде бактериялар-
ды таңдады. Суретші өз шығармаларымен қазіргі таңдағы өзекті мәселелерге, оның ішінде антибио-
тиктерге төзімді бактериялардың қатарының артуына және олардың мутациясына назар аударады.
Суретші ерекше технологиямен әйелдердің көйлегін, жастықтарды, перделерді, интерьердің басқа
да бұйымдарын жасаған. Ол өз жұмысында қауіпсіздік шараларын қолдана отырып, қауіпті бакте-
рияларды пайдаланған, содан соң дайын бұйымдарды зарарсыздандырған.
Достарыңызбен бөлісу: |