74
Көркем еңбек
Тірек сөздер: дыбыстар, шу, децибел,
ультрадыбыс, инфрадыбыс.
Оқулық: Тұрғын үй
экологиясы, 74-75 беттер.
Сабаққа байланысты деректі материалдар
Біздің үйіміздегі адамға әсер ететін электрмагниттік сәулеленудің ошағы –
электрсымдары болып
табылады. Көптеген үйлер көп пәтерлі, бөлмелері шағын болып келеді. Мұндай пәтерлерде розетка-
лар, ажыратқыштар, кір жуғыш мәшинелер, компьютерлер, теледидарлар жақын орналасады. Бар-
лық электраспаптары қосулы күйде электрмагниттік сәуле шығарады. Адам күнделікті өмірде алуан
түрлі шу мен дыбыстардың ішінде өмір сүреді. Ауадағы түрлі механикалық тербелістер де адам айна-
ласында жүріп жатады. Адам ультрадыбысты
қабылдай алмайды, әйтпесе адам өмірі азапқа айналар
еді.
Дыбыстар какофониясы,
құлақ жаратындай дыбыстар - шу деп аталады.
Адамның жүйке ауруы, есту қабілетінің нашарлауы мен түрлі психикалық ауытқулардың туын-
дауына осы шу да әсер етеді. Дыбыстың да өлшемі бар. Мәселен, 20-30 децибел (дб) дыбыстың зи-
яны жоқ. Бірақ осы деңгейден асқанда қауіпті бола бастайды. Адамға табиғаттың шуы өте жағымды
әсер етеді. Мысалы, жауын тырсылының дыбысын тыңдау жанға жайлылық сыйлайды.
Көптеген ауруларды емдеуде табиғат дыбыстары, құстардың сайраған әні, классикалық музыка
дыбыстары жағымды әсер етеді. Құстардың сайрауы адамға қанат бітірердей шабыт сыйласа, жаң-
быр дыбысы жанды тыныштандырады. Жаңбырлы ауа райында адам ұйқысы қатты болады.
Жүйкені тыныштандыру үшін біраз уақыт дыбыссыз әрі шусыз ортада отыра тұру қажет. Барлық
радио, телефон, теледидар, музыка құралдарын сөндіріп қою керек. Күніне жарты сағат толық ты-
ныштықта отыру ағзаны тыныштандырып, қалпына келуге мүмкіндік береді. Денені барынша бос
ұстап, еркін жатқанда ағза қалпына жылдам келеді.
Достарыңызбен бөлісу: