Сабаққа қатысты ескертулер
Үйдегі микроклимат жайлы бейнематериал
үзінділерін көрсетіңіз. Жұмыс дәптерлеріне кесте
салуды ұсыныңыз, онда үйдегі микроклиматқа
әсерін тигізетін негізгі жайттар көрсетіледі.
Оқушыларға бөлменің немесе пәтердің төбеден
қарағандағы суретін сызуға тапсырма беріңіз.
Оқушылар бөлме жоспарларында шартты
белгілермен терезе, есік және электр нүктелері
тұрған орынды көрсетсін.
Суреттерге мұқият қара.
Тапсырма оқушылардың байқампаздығын
дамытуға бағытталған. Олардан оқулықтағы су-
реттерге қарауды және сұрақтарға жауап берді
сұраңыз. Бұл фотосуреттер тұрғын үйлердегі жай-
лы жағдайды салыстыру үшін берілген. Осылайша
оқушылар адам тұрмысына қолайлы жағдайлар-
ды анықтауы тиіс.
Назар аудар.
Оқушылар ұсынылған ақпаратты оқи отырып,
үйде сақталуға тиіс микроклимат өлшемдерін ай-
қындайды. Материалды оқу кезінде пәтердегі от-
тегінің деңгейіне, күндізгі және түнгі температура
мен ауа ылғалдылығының деңгейіне назар ауда-
рады.
Оқушылармен жасанды және табиғи жа-
рықтандыру көздері жайлы әңгіме өткізіңіз. Қыз-
дыратын лампалар жасанды жарық көзіне жата-
ды. Жасанды жарықтандырудың кемшіліктерінің
бірі - ол жарықтың шамамен он пайызын бөледі
де қалғаны жылу энергиясына айналады. Ағза
қызметін дамыту үшін табиғи жарықтандырудың
маңызы да зор. Күн сәулесімен жарықтанды-
рылған орындар инсоляция деп аталады. Егер үй
ішіне табиғи жарық тәулігіне үш сағат түссе, онда
адамның көңіл-күйіне де қолайлы әсер етеді.
Оқы, қызық!
Үйді желдету қажеттігі жайлы сыныппен бірге
талқылаңыз, күнделікті өмірден мысал келтіріңіз.
Желдету – үйге таза ауа кіргізу, сөйтіп зиянды
тозаңдарды жою. Зиянды тозаңға артық жылу, ар-
тық ылғал, түрлі газдар мен зиянды заттардың бу-
лары, шаң жатады. Бүгінде қашықтықтан басқару
пульті арқылы адам тұрмыстық заттар мен электр
құралдарының жұмысын реттеп, үй ішіндегі ми-
кроклиматты өзгерте алады.
|