76
Көркем еңбек
Тірек сөздер: микроклимат,
экосистема, желдету.
Оқулық: Үйдегі микроклимат, 76-77 беттер.
Сабаққа байланысты деректі материалдар
Үйдегі микроклиматтың маңызы зор. Қолайлы температура мен ылғал адам өмірін жайлы
қылып
қана қоймай, денсаулығын да жақсартады. Бұл ретте тұрмыстық техникалардың да әсері
зор. Адам өмірінің көп уақытын үйде өткізеді. Сондықтан да тұрғын үй адам денсаулығына, көңіл-
күйі мен жұмыс қабілетіне әсер етеді. Үйдің суықтығы, ауаның ластануы және жоғары ылғалдылық
адам денсаулығының нашарлауына себеп болады. Адам үшін үй – жаңбырдан, суықтан, ыстықтан
қорғайтын,
сондай-ақ жұмыс істеп, демалуына қолайлы жағдай жасайтын баспана, тұрғын жай.
Сапалы пластик терезелер жылуды сақтайды. Пәтерді экосистема деп қарастыруға болады, өйткені
ол ағза мен бейорганикалық компоненттердің жиынтығы болып табылады.
Үйдегі микроклимат
Оқушылар сабақ тақырыбын
меңгере отырып:
• микроклимат
дегеніміздің не екенін біледі;
• микроклимат өлшемдерімен танысады;
• пәтердегі жарықтандыру (табиғи және жа-
санды) және желдету талаптарын сақтауға
үйренеді.
Ресурстар:
жарықтандыру (табиғи және жасанды) және
желдету әрекеті бейнеленген көрнекі фотосурет-
тер мен бейнематериалдар; зерттеу жұмыстарына
арналған дәптерлер, альбомдар, сызуға арналған
құрал-жабдықтар.
Достарыңызбен бөлісу: