82
Көркем еңбек
1-тарау. Визуалды өнер
Абстракционизм
кескіндеуде және мүсіндеуде пішінді нақты бейнелеуді ескермейтін өнер
бағыты. Абстракционизмнің негізгі бір мақсаты - геометриялық пішіндерді,
белгілі бір түстер үйлесімділігін пайдалана отырып, жалпы көзқарасты
бейнелеу, үйлесімділікті сақтау.
Бактериография
бактериялар көмегімен салынған суреттер. Олардың ерекшелігі - зертханалық
жағдайда салынатын бейнелердi қалыптастыру үшiн бактериялардың өсуiн
бақылау.
Био-арт
тірі ағзалармен жұмыс жасалатың, ғылым мен өнер ұштасуынан пайда болған
сала
Детализация
шығарманың идеялық бейнесінің әсерін күшейту мақсатымен сансыз ұсақ-
түйектердi егжей-тегжейлі нақтылап бейнелеу
Жарнама
белгілі бір затқа немесе, бұйымға көпшілік назарын аударту үшін түрлі
әдістермен барынша көрнекі жасалатын ақпараттық афиша
Инсталляция
қазіргі заманғы өнер түрі, әртүрлi элементтер тұтас етіп көрсетілетін
композициялық көркемөнер туындысы
Комикс
белгілі бір әңгіме немесе хикая мазмұнын жеткізетін суреттер топтамасы
Композиция
көркем шығарманың идеясын жеткізетін бірізділік пен тұтастық
Микроағзалар
жай көзге арнайы құралсыз көрінбейтін, тым ұсақ тірі ағзалар тобының
жиынтық атауы
Микрофотография
өте кіші нысанды ұлғайтып көрсететін фотосурет техникасы. Бұл әдетте
микроскоптың көмегiмен орындалады. Микрофотография деп сондай-ақ,
микрофототехника көмегімен алынған бейнелерді де атайды.
Микросуреттер
микроскоптардың көмегімен орындалған немесе үлкейтіліп салынған
суреттер
Модерн
таза сызық, ықшамдылық, тұтастықпен ерекшеленетін XIX ғасырдың соңғы
он жылдығы мен XX ғасырдың басында кеңінен таралған өнер стилі
Оп-арт
сәндік мақсаттарда оптикалық сызықтар мен құбылмалы бояу әсерлерi
пайдаланылатын өнердегі стиль түрі
Поп-арт
бұқаралық мәдениеттің формаларына негізделген заманауи өнер түрі
Перфоманс
заманауи өнер түрі, суретшінің немесе топтың идеясының белгілі бір орын
және уақыт арқылы көрсетілуі
Тепе-теңдік
жазықтағы заттар түсі, пішіні мен саны жағынан үйлесіммен теңгерілген
кеңістік
Тұтастық
композицияның барлық құрамдас бөліктерінің ортақ бір идеяға
бағындырылуы
Достарыңызбен бөлісу: |