Сабаққа қатысты ескертулер
Оқушылардан сұрақтарға жауап беруді және
сызбаны оқып-зерттеуді сұраңыз (жауаптарды
үстіндегі тілшеге жазу керек). 1. Микроклиматқа
қандай факторлар әсер етеді? 2. Адам өмірі үшін
микроклиматта қандай қолайлы жағдай болуы
тиіс?
? ?
МИКРОКЛИМАТ
1. 2.
Адам өміріне қолайлы болуы үшін бөлме тем-
пературасы жазда 20-22 градус, қыста 22-25 градус
болуы тиіс. Микроклиматқа үйдегі ауаның ылғал-
дылығы да әсер етеді. Бөлмедегі ауа ылғалдылығы
40-60% болуы керек. Ауа жылдамдығы қоршаған
ортаның жылу күшіне байланысты. Ауа жылдам-
дығын ұлғайтқан кезде жылу беру жолымен кон-
венция көтеріледі. Бөлмеде қолайлы жағдай жа-
сау үшін алуан түрлі әдістер қолданылады.
Назар аудар.
Тапсырма жылу радиаторларының орналасуын
өз бетінше оқып-үйрену мақсатында ұсынылған.
Оқулықта үйдегі жылу радиаторларының орна-
ласу алгоритмдері берілген. Берілген талаптарды
оқушылармен бірге қарастырып, олардың себеп-
терін түсіндірген жөн.
Анықта.
Оқушылар үйдегі микроклиматтың не екенін
біледі. Енді олар үйдегі микроклиматты жиһазды
дұрыс қою арқылы да жақсартуға болатынын түсі-
неді. Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылар
қонақ бөлме мен жатын бөлмеге, балалар бөлмесі
мен асүйге жиһазды дұрыс қою туралы кеңестер-
мен танысады.
Орындап көр.
Бұл тапсырма оқушылардың шығармашылық
қабілеттерін дамытуға арналған. Тапсырма 4
немесе 6 оқушыдан құрастырылған топтарда
орындалады. Сабақ соңында дайын жұмыстарды
талқылауға шығару қажет.
Тапсырманың мақсаты: интерьерді дұрыс ой-
ластыруды үйрету.
Тапсырманы екі нұсқада, ПВХ немесе қағазды
пайдаланып орындауға болады.
Құралдар мен материалдар:
1. Қағаздан жасалатын бұйымдар: қайшы, сыз-
ғыш, түрлі түсті қағаз, А4 форматты парақтар,
тұсқағаз, желім, қатты қағаз, б/п орама.
|