85
Глоссарий
Технологиялық құжаттама
жабдық, материал, еңбек шығындары және т.с.с. көрсетілген, барлық
іс-әрекеттер, жұмыс тәсілдері, әдістері мен түрлері берілген, бұйымды
әзірлеу технологиясын айқындайтын
графикалық және мәтіндік
құжаттар
Технологиялық карта
іс-әрекеттер реті, материалдар, жабдықтар, құралдардың атаулары
көрсетілетін, бұйымды әзірлеу технологиясын сипаттайтын құжат
Токарьлық қашаулар (рейер,
мейсель)
білдектегі ағашты алғашқы
рет жонуға арналған құралды рейер, ал
соңғы рет жонуға арналған құралды
мейсель деп атайды.
Токарьлық білдек
ағашты жону арқылы өңдеуге арналған технологиялық мәшине
Тіреуіш
жону кезінде токарьлық қашау үшін тірек қызметін атқаратын
токарьлық
білдек бөлшегі
Фасонды бет
цилиндр, конус, сфералық бет сияқты түрлі беткі қабаттар көрініс
табатын бөлшек беті