73
құралдары, өндірістік инвентарь – қолөнер мен өнеркәсіп коллекцияларына
бөледі және олар қару-жарақ, тұрмыс ескерткіштері деп те топтастырылады.
Қару-жарақтардың өзі суық қару-жарақтарына, ұзын сапты қару-жарақтар,
қысқа сапты қару-жарақтар, атқыш қарулар, артиллериялық қарулар, қорғаныс
қаруларына бөлінеді.
Тұрмыс коллекциялары: 1) тұрмыстық және шаруашылық құрылыстардың
модельдері мен бөлшектерінің коллекциялары; 2) үй ыдыс-аяқтарының
коллекциялары; 3) маталар, кілемдер коллекциялары (халықтық өнердің,
өндірістің, сыртқы және ішкі сауданың тарихын зерттеуде маңызды дерек
көздерін құрайды); 4) киім-кешектер, бас киімдер,
аяқ-киімдер, әшекей
бұйымдар коллекциялары. Ал киім-кешектердің өздері ұлттық, қалалық, әскери
деген топтарға бөлінеді. Әрі қарай жасалған кезіне, түріне, географиялық
аудандарына қарай топтастыру жүзеге асады.
Музей қорларының құрамында кең көлемді түрлі жазба деректердің
жинағы кездеседі, бұл заңды құбылыс. Жазба деректерсіз, соның ішінде
құжаттық жадығаттарсыз музейді елестету мүмкін емес. Олар музей
жадығаттарын
кешенді зерттеуде, экспозицияда оқу, тәрбиелік маңызы бар
объектілер қызметін атқаруда өте маңызды. Оның мұрағаттық құжаттардан
өзіндік ерекшеліктері бар. Біріншіден, мұрағат құжаттарынан айырмашылығы
көбінесе өлкетану музейлерінде экспонаттар жеке тұлғалардан жинақталады.
Екіншіден,
музей
жинақтарында
топтастырылған
жазба
деректер
коллекцияларының ішінде облыстық мұрағат өз қорларында сақтау мүмкіндігі
болмайтын түрлері кездеседі. Мәселен, афишалар мен жиналыстар
болатындығы туралы хабарламалар, листовкілер,
шақыру билеттері, түрлі
қоғамдық ұйымдарға мүшелік билеттері, жаргазеттері, күрес үндеулері, ақша
бірліктері, акциялар, қарыз аблигациялары, карточкілер және т.б.
Музейдегі жазба деректердің жинақтарында кітаптар, ноталар, газеттер
үлкен орын алады. Негізгі қордың құрамына музей профиліне сәйкес
түпдеректер болып табылатын ескі басылымдар және сирек кездесетін
қолжазбалар, кітаптар кіреді. Тіпті музейде сирек кездесетін қолжазбалар мен
кітаптар бөлімдері де құрылады.
Маңызды дерекнамалық рөлді көркемөнер деректері атқарады. Олардың
ішінде деректік жадығаттары мен көркемөнер туындылары айрықшыланады.
Деректік
жадығаттарға негативті таспа, позитивтер, үнтаспа және
бейнетаспа және т.б. жатады.
Көркемөнер туындылары – суреттер қолдануына қарай станокты,
монументальды, декаративті деп, жасалу техникасына қарай майлы,
акварельды, гуашты, фрескі, мозаика деп бөлінеді. Ал графиктер қолдануына
қарай станокты, кітаптық, плакаттық, қосымша деп бөлінеді.
Жасалу
техникасына қарай карандашпен, көмірмен, тушьпен салынған графиктер деп
бөлінеді.
Мүсіндерді де қолдануына қарай станокты, монументальды және
декаративті деп бөлінеді. Ал жасалу жадығаттарының ролін тас, мәрмәр,
металл, сүйек, ағаш және т.б. топтастырылады.
74
Музейдің басқа ғылыми мекемелерден басты ерекшелігі – түпдерек-
ескерткіштер қорына негізделген экспозиция құруында жатыр. Экспозиция
дегеніміз тамашалауға арналған белгілі бір жүйемен экспонаттардың
орналасуы.
Экспозиция
арнайы
ғылыми
және
ұйымдастырушылық
жұмыстардан тұрады:
тақырыптық, кейін тарих және музейтану ғылымына
негіздеп тақырыптық-экспозициялық жоспар құру; экспозицияға қордан
экспонаттар таңдау; ғылыми-қосалқы жадығаттарды өңдеу (карта, сұлба,
диаграмма және т.б.), түсіндірмелі жадығаттарды өңдеу (этикетаж, мәтіндер);
экспонаттарды орналастыру графигі мен көркемдік жабдықтауды шешу;
жабдықтарды даярлау және ең соңында дайындалған экспозициялық ауданға
жадығаттарды монтаждау.
Музей жадығаттарын оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану әдіс-тәсілдеріне
келер болсақ, олар: 1. музей экспозициясына, көрмесіне қатыстыру, яғни
тарихи ескерткіштерге
саяхат ұйымдастыру; 2. музейлерде білімді жетілдіру
бағытында дәрістер тыңдау; 3. сабақтан тыс оқушылардың музейлердегі
жұмыстары: өлкетанушылар үйірмелерін, «Қызыл ізкесушілер» клубын,
сонымен қатар, өлке тарихы бойынша жадығаттар жинақтауға тапсырылатын
музей достарының клубын ұйымдастыру; 4. музейлердегі тақырыптық
кештерге бару, белгілі адамдармен кездесулер ұйымдастыру.
Достарыңызбен бөлісу: