90
Осыған сәйкес мектептік музейдің профилі анықталады. Профиль музей
түпнұсқаларының өнер түріне,
өндіріс салаларына, белгілі бір ғылыми пәнге
деген қатынасына сәйкес анықталады. Мәселен, тарихи, көркемөнерлік, әдеби,
сонымен бірге өлкетанулық бағыттағы кешенді профиль (тарихи-әдеби,
жаратылыстану-тарихи т.б.).
Мектептік музейлердің профилін анықтау барысында қоғамның саяси
қажеттіліктерін, оқу-тәрбие жұмыстарының міндеттерін, сонымен қатар
мектептік белсенділер ұжымының қызығушылықтарын ескеру керек. Ең
бастысы – профильді таңдау барысында түпнұсқа-ескерткіштер қорын ескерген
жөн. Егер жоғарыда айтылған талаптар орындалып, бірақ түпнұсқа-
ескерткіштер көлемі шектеулі болса, онда бұл профильді таңдамаған дұрыс.
Профильді
анықтауда, сонымен бірге, музейдің зерттемелі және жинақтау
жұмыстарын жүргізетін территориялық шекараларды ескерген жөн. Бұл кенті,
шағын аудан, әкімшілік аудан, қала болуы мүмкін. Зерттеу аумағын тым кең
шеңберде қарастырмаған дұрыс. Кейбір жағдайда мектептік музейлер өз
профильдерін әдейі мектеп тарихымен шектейді.
Көп жағдайда мектептік музейлер өлкетанулық профильде құрылады. Бұл
заңды құбылыс. Өлкетанулық профиль материалды кең кешенді зерттеу мен
жинақтауға мүмкіндік береді.
Мектептік
музейлерді,
басқа
да
халықтық
музейлерді
оның
ұйымдастырушылық
жұмысын іске асыратын, сонымен қатар оның қызметіне
тікелей қатысатын қоғамдық белсенділерсіз көзге елестету мүмкін емес. Музей
күрделі организм, бірақ оны қалыптасуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін
жадығаттарды жинақтау, оларды құжаттау, зерттеу, есеп жүргізу мен сақтауды
ұйымдастыру, арнайы музей үшін ғимаратты даярлау мен оларды құрал-
жабдықтармен қамтамасыз ету, экспозицияларды көркемдік-безендіру
жұмыстарын жүзеге асыру және т.б. секілді көптеген ұйымдастырушылық
жұмыстар жасау керек. Сонымен қатар, музейде үнемі
саяхат ұйымдастырып
тұру қажет, музейді тәртіп пен тазалықта ұстау керек. Алайда музейді
ұйымдастыру іс-шаралары осымен аяқталды деп есептеуге болмайды. Себебі
оның даму мен жетіле түсуінде шек жоқ. Осының барлығы музейдегі үлкен
ұжымның жүйелі де жақсы ұйымдасқан жұмыстарын қажет етеді.
Мектептік музейді ұйымдастыру жұмысымен көбінесе өлкені зерттеумен
айналысып жүрген мұғалім жүзеге асырады. Ол мектептік музей профилін
анықтауға көмектеседі, жалпы жұмыстың жоспарын құрады, белсенділер
қызметтеріне бағыт беріп отырады. Бірақ,
мұғалім мектептік музейді
оқушылардың қызығушылығына, олардың қоғамдық ұйымына, атқаратын
жұмыстарына қарап, солардың негізінде ұйымдастырады. Мектептік музейде
атқарылатын жұмыстарды ұйымдастыру төмендегідей кезеңдерден тұрады:
1. музей, оның профилі төңірегіндегі мәселелер педагогикалық кеңесте
талқыланады; сонымен бірге кеңес мектептік музейді ұйымдастыратын
жетекші-педагогты бекітеді;
2. мектептік музейді ұйымдастыру туралы ұсыныс жоғарғы сыныптардың
жиналыстарында талқыланады;
91
3. жоғарғы сынып оқушыларының жиналысы музей кеңесі мүшелерін
тағайындайды. Кеңес мүшелеріне музейде іске асыратын барлық жұмыстарды
ұйымдастыру және барлық іс-шараларға жауапкершілік жүктеледі. Бұл істің
барлығына
иницаторлар
болып
көбінесе
мектептік
өлкетанулық,
коллекционерлер немесе тарихи-ғылыми үйірме мүшелері табылады.
Музей кеңесі жыл сайын жаңартылып, кеңес мүшелері қайта сайланады.
Жаңадан кеңес құрылмас бұрын кеңес мүшелері өздерінің атқарған қоғамдық
іс-шарларына есеп береді. Кеңес мүшелері көбінесе 10-13 адамнан тұрады.
Олардың қызметтері төмендегідей жүйемен бөлінеді:
Достарыңызбен бөлісу: