Мухангалиева Ж. К. Тарихи өлкетану


– 1532, ағаш және тері қоры –



Pdf көрінісі
бет36/94
Дата19.03.2024
өлшемі1.82 Mb.
#496006
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   94
Myhangalieva J.K. Tarihi olketany. 2018

1532, ағаш және тері қоры 2227, аралас және металл қоры 4359, 
фотоқұжаттар 97340. Тәуелсіздік алғаннан кейін іргетасы қаланған 
Президенттік мәдениет орталығының музей бөліміндегі 197486 жәдігердің, 
8609 данасы негізгі қорда, 5299 данасы ғылыми қосалқы қорда, 3565 данасы 
уақытша қорда сақтаулы. 
Музейлердің қалыптасуы мен дамуы барысындағы ағартушылық, 
тәрбиелік, ғылыми-зерттеушілік, жинаушылық, қор жабдықтау, сақтау және 
қорғау жұмыстары қоғам дамуының әр кезеңінде өзгеріп отырғаны байқалады. 
Музейдің мәдени-ағарту жұмысының түрлеріне экспозиция ұйымдастыру, әр 
бағыттағы экскурсиялар (шолу, тақырыптық, арнайы тапсырыстық, экскурсия-
дәрістер, дәрістер, әңгімелесулер, кеңестер жылжымалы көрмелер) жатады. 
Қазақстан жерінде құрылған музейлер жәдігерлерінің әр түрлілігі белгілі 
бір тақырыптық негізде экспозиция құруға мүмкіндік бермеді, сондықтан музей 
алғашқы көрермендерін жинақталған заттарды тізбектей көрсету арқылы 
қойылған көрсетілім негізінде қабылдады.
Қазан төңкерісінен кейін музей экспозицияларын құру үрдісінде 
айтарлықтай өзгеріс байқалды. Біріншіден, музейлер санының өсуі және 
салалануы; екіншіден, қоғамдық қатынастар желісіндегі жаңаша дүниетаным 
музей экспозицияларын жобалау және құруда музейлердің алдына жаңа 
талаптар қойды. 1920 жылдардан бастап экспозицияны құруда тақырыптық 


80 
(бейнелік) әдіс қолданылып, экспозицияның негізгі құрылымы ретінде 
тақырыптық-экспозициялық кешендер қалыптасты.
1930 жылы желтоқсанда Мәскеуде өткен бүкілресейлік музей съезі 
музейлерге тез арада жаңа маркстік-лениндік ілім тұрғысынан экспозициялар 
құруды ұсынды. Музей құрылысындағы диалектикалық материализм әдістеріне 
арналған 
«Диалектикалық 
материализм 
және 
музей 
құрылысы» 
тақырыбындағы баяндамасында Халық ағарту комиссариаты ғылыми бөлімінің 
меңгерушісі П.К. Луппол музейді партияның идеологиялық қаруы ету 
міндеттерін анықтап, экспозицияларды марксистік негізде құру керектігін 
жеткізді. 
Қазақстан 
музейлерінде 
тарихи-жаратылыстану, 
табиғи, 
этнографиялық бөлімдерге қоса өлкенің кеңес кезеңі тарихы және социалистік 
шаруашылық құрылысы, мәдениет бөлімдері ашылуға тиіс болды. Марксистік 
идеологияны енгізу арқылы музей қызметіне мұндай түбегейлі бетбұрыс жасау 
дәстүрлі музей қағидаларынан ауытқып «әсіре социолизм» тұрғысындағы 
дақпырттыққа алып келді. Съез ұсынған экспозицияларды құруға кеңес 
музейлері дайын болмады. Себебі, жаңа экспозицияларды құру үшін жаңа 
заттарды жинау қажеттігі туды, ал бұрынғы шынайы музейлік заттар көмекші 
құралдармен айырбасталуға тиіс болды. 
Жалпы нұсқаулармен бірге съез музейлердің салалық бағытана қарай 
негізгі міндеттерін анықтады. Музейлердің алдына қойылған талаптарға сәйкес 
жаңа тұжырымдама қабылданып, музейлер саласы бойынша қор жинақтау және 
экспозиция құруда мына қағида қатаң сақталуға тиіс болды: тарихи музейлер 
қор жинақтауды талаптарға сай жүзеге асырып, экспозицияларын мәдениет 
тарихы бағытында емес, «әлеуметтік-экономикалық формацияларының» 
тарихын көрсету мәселесіне көңіл бөлуге; көркемдік музейлерде өнер 
туындыларын емес, әлеуметтік-экономикалық формациялар тоғысындағы 
өнердің даму үрдісін көрсетуге; музей экспозицияларында диалектикалық 
материализмді қолдану әдістері, музей және индустриализация, музей және 
ұжымдастыруға қажеттілігі жайында айтылды. 
1946-1950 жылдар аралығында жұмыс істеген 25 музейдің барлығының 
кешенді қызмет атқаруға мүмкіндіктері болмады. Әсіресе ғимарат мәселесі 
қиындық тудырып, 25 музейдің 4-нің тұрағын ауыстыру қажет болса, 10-ы 
күрделі жөндеуді талап етті. Дегенмен, 1948-1949 жылғы музейлердің мәдени-
ағартушылық қызметіне қарасақ, музейлер экспозицияларын тамашалауға 
222.800 көрермен келсе, оның 71.500 экскурсияларға, 576 түрлі тақырыптарда 
дәрістер оқылып, 106 көрме ұйымдастырылған. Бірақ өткен жылдармен 
салыстырғанда бұл көрсеткіштер әлдеқайда төмен еді. Мәселен, 1940 жылы 
Семей музейіне 37.000 адам келсе, 1947 жылы 5 ай ішінде 800 адам, 1948 жылы 
11.000 адам келіп, 30%-ға қысқарған. Көрсетілген 5 ай ішінде Павлодар 
музейіне 750 адам, Көкшетау музейіне 800 адам (1937-1938 жылдары 20.000) 
ғана келсе, жылдық келушілерінің саны 20.194 құрайтын Қарағанды музейі 
көрермендері саны 700 адамды құраған.  
1965-1970 жылдар аралығында республика музейлері 98 тұрақты, 127 
жылжымалы көрме ұйымдастырды. Көрме тақырыптары түрлі мәселелерді 


81 
қамтыды. Мысалы, Шымкент облыстық тарихи-өлкетану музейі «Олар Кеңес 
үкіметі үшін күрескен», «50 жыл ішіндегі Шымкент», «Ғылым, мәдениет және 
өнер», Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі «Ленин және отарланған 
халықтардың ұлт-азаттық күресі» атты көрмелер ұйымдастырған. 
Ғылыми тұжырымдама жасау, қорларды жүйелі түрде жабдықтау, 
музейлік құндылығы бар түпнұсқа заттарды зерттеу, сипаттау, өңдеу, ғылыми-
зерттеу, экспозиция құру, сақтау сияқты істер музей қызметінің бүкіл 
бағытында жүзеге асырылады. Ғылыми-зерттеу нәтижелері, консервация, қайта 
жаңғырту (реставрация), коллекцияларды қорғау мен сақтау, келушілерге 
қызмет көрсетуді ұйымдастыру музей жұмысының деңгейін, дәрежесін 
анықтайды. Музей қорларына «музейлік мәні бар затты» жинастыру ұзақ 
уақытқа созылатын еңбекті талап ететін жауапты жұмыс. Жинақталған заттар 
міндетті түрде түбегейлі зерттеуден өткізіледі. Сондықтан, музей саласын 
зерттеп жүрген ғалымдар музейлердің қалыптасу және даму тарихын 
ғылыммен тығыз байланыстырып, оларды ғылыми-зерттеу мекемелерінің 
қатарына жатқызады. 
Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстан музейлерінің ғылыми-зерттеу 
жұмысының негізгі бағыттары археологиялық, этнографиялық, геологиялық, 
палеонтологиялық экспедициялар арқылы жүзеге асырылды. Мәселен, 
Орынбор губерниялық өлкетану музейінің ғылыми қор жабдықталуын 
Орынбор Ғылыми Мұрағаттық Комиссиясының жекелеген мүшелері губерния 
өңірінде археологиялық қазба жұмысынан бастады. Комиссия мүшелері А. 
Попов, И. Кастанье және басқалары қорғандарды қазумен, халық арасында көне 
заттарды іздестіріп, жинаумен айналысты. Зерттеушілер Ф.Д. Нефедов Бұзұлық 
және Соль-Илецк аудандарында (1887-1888 жж.), В.Я. Толмачев Бугурусланда 
(1910 ж.) жұмыс істеді.
Жетісу тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері профессор Бродский 
Шелек өзені бойына зоогеографиялық экспедиция жасаса, зоолог Шнитников 
Шу өзені бойына, профессор Мухин Іле өзенінің бойына және Шымкент 
уезіндегі Ақ-Бастау және Қара-Бастауда жүргізген палеонтологиялық 
экспедициялар туралы мәліметтер сақталған. Профессорлар Д.И. Нечкин мен 
А.А. Семенов басқарған экспедиция Түркістан қаласында болып, Қожа Ахмет 
Яссауидің кесенесін суретке түсіріп, архитектуралық өлшемдерін алып, оны 
қорғау жұмыстарын ұйымдастырды. Профессор Б.П. Денике басқарған 
экспедиция Айша Бибі кесенесін зерттеп суретке түсірді. Шымкент пен 
Әулиеата өңірінде белгілі ғалым М.Е. Массон басшылығымен археологиялық 
қазба жұмыстары жүргізілді. Осы аталған және басқада экспедициялар 
нәтижесінде Туркомстарис республикадағы бірінші кезектегі күрделі жөндеуді 
қажет ететін ғимараттарды, ескерткіштер мен өнер туындыларын айқындады. 
Кеңес үкіметі орнағаннан кейін Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының (1925 
жылдан Қазақстанды зерттеу қоғамы – Ж.М.) ұйымдастырылуы музейлердің 
ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге айтарлықтай әсерін тигізді. Құрылған 
күннен бастап қоғам мүшелері Қазақстан өлкесін жан-жақты ғылыми тұрғыдан 
зерттеу жұмыстарының бағыттарын анықтап, мұрағат, кітапханалар, 


82 
музейлермен етене байланыс жасау, тарихи-мәдени құндылықтарды жинақтау 
мақсатында экспедициялар ұйымдастыру, жергілікті жерлердегі сәулет өнері, 
археологиялық ескерткіштерді зерттеушілерге қолдау көрсету, жинақталған 
жазба және заттай деректерді жүйелеу, сұрыптау жұмыстарын ұйымдастыруды 
көздеді. Орталық өлкелік музей қызметкері этнограф А.А. Четыркина Қызыл 
керуен жұмысына қатысып, Торғай, Ақмола және Семей қалалары мен 
ауылдарынан қазақтың өлеңдерін, ертегілерін, жұмбақтары мен аңыздарын 
жазып, ұлттық ою-өрнектің үлгілерін суретке салып, музейге қазақ киімдері 
мен тұрмыс заттары үлгілерін алып келді. Олардың арасында бөрік, бешпент, 
көйлек, байпақ және т.б. болды. Қоғамның тағы бір мүшесі, музей қызметкері 
А.Л. Мелков 1923-1924 жылдар аралығанда ауылдарын аралап, қазақ 
фольклорын жазып, қолөнері бұйымдарын жинастырды. Музей қызметкерлері 
жәдігерлерді дұрыс күтімде ұстау әдістерін іздестіру және оларды жан-жақты 
зерттеу мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарының түрлі әдіс-тәсілдерін 
тиімді қолдана білді. 
Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстан музейлері өз экспозицияларында 
жауынгерлердің ерлігін насихаттау арқылы халықтың рухын көтеріп, 
жігерлендірді. Музейлердің ғылыми-зерттеу және жинақтау қызметі Отанды 
қорғау тақырыбы төңірегінде өрбіді. Соғыстан кейін қаржы тапшылығы, кадр 
жетіспеушілігінен музейлердің ғылыми жұмыспен айналысуға мүмкіндігі 
болмады. Сондықтан, Қазақ КСР Ғылым Академиясының музейлердің ғылыми-
зерттеу жұмысын жүргізуде айтарлықтай әсері болды. Атап айтсақ, Оңтүстік 
Қазақстан облыстық музейінің қызметкерлері профессор А.М. Бернштамның 
басқаруымен 
Қазақ 
КСР 
Ғылым 
Академиясының 
археологиялық 
экспедициясына қатысып, оңтүстік өңірдегі ертедегі Отырар, Сауран, 
Исфиджаб қалаларының тарихына қатысты құнды жәдігерлер жинады. 
1980 жылдардың ортасында қоғамда болған түбегейлі өзгерістер бүкіл 
музей ісіне жаңа серпілістер мен бетбұрыстар алып келді. Музей жұмысының 
нақты бағыт-бағдары, қоғамда алатын орны мен рөлі, мұрасы анықталды. 
Музейлердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында жаңа әдіс-
тәсілдердің дүниеге келуі оңтайлы істердің атқарылуына мүмкіндік берді. 
Музей заттарын жинақтау, сақтау, сұрыптау және пайдаланудың теориясы мен 
әдістемесінде жүргізілетін жаңа музейтанулық зерттеулерді қалыптастырды. 
Бүгінгі музейлердің ғылыми-зерттеу жұмыстары мына бағыттар арқылы жүзеге 
асырылады: музейдің ғылыми тұжырымдамасын әзірлеу; қорларды жабдықтау 
шеңберіндегі зерттеулер; музей заттарын және коллекцияларын зерттеу; 
қорларды 
сақтау 
және 
қорғау 
шеңберіндегі 
зерттеу 
жұмыстары; 
экспозицияларды және көрмелерді ғылыми жоспарлау; музейлер ара қатынасы 
шеңберіндегі зерттеу жұмыстары; музей ісі тарихын зерттеу; музейтану 
тарихнамасын зерттеу. 
Жылдар 
бойы 
қатып 
қалған 
қағидаттар 
негізінде 
құрылған 
экспозицияларды заман талабына сай қайта құру Қазақстан музейлеріне оңай 
болған жоқ. 1990-шы жылдардың басында тарихи-мәдени ескерткіштерді 
қорғау, сақтау, есепке алу, қайта жаңғырту, «Ұлттық музей қоры туралы 


83 
Ереже» сынды маңызды құжаттар да қабылданды. Мұндай істер республика 
музейлерінің жұмысын түбегейлі қайта құруды талап етті. 
Қоғамның қай саласының болмасын жұмысының ілгері басуы ең алдымен 
кәсіби мамандар арқылы жүзеге асырылады. Музейдің қоғамдағы орны, 
атқаратын рөлі, қызметінің тиімді жүзеге асырылуы және сапасы оның 
мамандарының біліктілігіне байланысты. Осыған орай, ұзақ жылдар бойы 
музейде қызмет жасаған тәжірибелі маман Рысжан Ілиясованың мынадай 
пікірін келтіре кетуге болады: «Музейдің ғылыми қызметкері, ол өлке 
тарихын жақсы меңгерген, іздеуші, табушы, жинаған затын мұқият зерттеп, 
қорға тапсырушы, экспозиция жасақтаушы, жасаған экспозиция бойынша 
тақырыпты ашатын мазмұнды дәріс, экскурсияның жадығатын дайындаушы, 
әрі жүргізуші, оған қоса ол музейде, не одан тыс орындарда мәдени-көпшілік 
жұмысын ұйымдастырып өткізуші болып кете береді. Сондай-ақ, ол жан-жақты 
білімді, адамдармен тығыз қарым-қатынаста, күнделікті ақпарат құралдарын 
қадағалап отыратын, әрі келушілердің сұрағына әрқашан дайын болуы керек». 
ХХ ғасырдың 20-шы жылдарының басында республиканың бірқатар 
музейлерінде тарихшы, археолог, этнограф ғалымдар қызмет етті. Мәселен, 
ХІХ ғасырдың екінші жартысында құрылған Семей тарихи-өлкетану музейінде 
кеңес үкіметі орнағаннан кейін А.А. Баландин, С.Н. Белослюдов, И.В. Власов, 
Г.А. Корнилов, А.А. Адрианов сынды ғалымдар қызмет атқарды. Шымкент 
қаласында негізі қаланған Сырдария өлкетану музейінде М.Е. Массон, Т.А. 
Шпота, В.П. Тризна және И.К. Шпота сияқты белгілі ғалымдар музей құрылған 
алғашқы күннен бастап қажырлы еңбек етті. 
Республикада кадр мәселесіндегі кеңес үкіметінің атқарған іс-
шараларының барысында 1925-1940 жылдар аралығында жұмысшы-
шаруалардан шыққан музей мамандарының саны 16,3 %-дан 51,7 %-ға, 
коммунистер үлес салмағы 1,3%-дан 8%-ға көтерілді. Кеңес үкіметінің ғылыми 
ұжымдарды 
«коммунистендіру» 
және 
«жұмыскерлендіру» 
саясаты 
қызметкерлердің біліми және кәсіби деңгейінен анық байқалды. Бұл 
адамдардың көпшілігі алдындағы мамандар сияқты терең білімімен 
ерекшеленбесе де, социализм идеяларын уағыздаушы жалынды насихатшылар 
болды. Осы кезеңде республика музейлері мамандары жағдайы былайша 
сипатталды: а) музей қызметкерлері еңбек өтілінің аз болуы, кейде жұмысқа 
сәйкес келмеуі; ә) ұлттық маман кадрларының тапшылығы, тіпті жоқтың қасы; 
б) кейбір музейлердің ғылыми қызметкерлермен толық қамтамасыз етілмеуі; в) 
жаңа мамандарды даярлау жағдайының нашарлығы; г) мамандарды даярлауға 
арналған арнайы оқу мекемелердің болмауы. Қазақстан музейлерінің ғылыми 
қызметкерлерінің құрамы бір жағынан, бұрынғы мамандардан құралса, екінші 
жағынан, музей ісінен хабары шамалы, еңбек өтілі жеткіліксіз қызметкерлерден 
тұрды.
Ұлы Отан соғысы кезінде майданға аттандыру, бюджеттің тапшылығына 
байланысты қысқарту сияқты себептер музейлердің онсыз да аз кадр әлеуетін 
күрт төмендетіп жіберді. Егер бұрын облыстық тарихи-өлкетану музейлерінде 
6-7 адам қызмет етсе, соғыс жылдарында 2-3 болып сиреп, музей жұмысына 


84 
кедергі жасады. Мәселен, 1942 жылғы қаңтардағы музей қызметкерлері туралы 
мәліметтерге жүгінсек, республиканың 13 облысы бойынша барлық 
қызметкерлер саны – 49, оның ішінде БК(б)П мүшесі – 9, комсомол мүшесі – 3, 
жоғарғы білім барлар – 8, орта білімі барлар – 19, аяқталмаған орта білімі 
барлар – 6, арнайы білімі барлар – 3, төменгі білімі (2, 3 сыныптық) барлар – 7. 
Облыстық музейлердің жағдайына нақты тоқталатын болсақ, Алматы облысы 
бойынша 5 адамның жоғары білімдісі жоқ, 2-інде орта білім, 2-і партия мүшесі, 
1-і комсомол мүшесі, Батыс Қазақстан облысы бойынша 2 адамның 1-інде орта 
білімі, екіншісінде аяқталмаған орта білімі болған. Ұлттық құрамы: қазақ – 1 
(Қостанай облысы бойынша), орыстар 28, қалғаны басқа ұлт өкілдері. 
Дегенмен, соғыс және соғыстан кейінгі жылдары Ә. Жиреншин, С. Есова, Л. 
Семенов, А. Баталова, А. Мұхамбетовалар Қазақстан музей ісін қалыптастыру 
мен дамытуға айтарлықтай үлес қосты.
Соғыстан кейінгі жылдары да музейлерде кадр мәселесі қиын жағдайда 
болды. Егер 1940 жылы республика көлеміндегі 24 музейде 187 адам қызмет 
етсе, 1949 жылы олардың саны 52 бірлікке қысқарып, 135 адамды құрады. 
1950-ші жылдардың басында музейлерде 144 адам жұмыс істесе, оның 25-і 
ғылыми қызметкер штатында болды. Ал жоғары, орта білімі барлары 22, 
ғылыми атағы бар республика бойынша 1 ғана адам болған. Оның ішінде, Қазақ 
КСР Орталық Мемлекеттік музейінде жұмыс істеген 37 адамның сегізі жоғары 
білімді, екеуінің орташа білімі болған. Ұлттық құрамы 16 орыс, 12 қазақ, 
қалғаны басқа ұлттың өкілдері болды. 20 музейдің 11-інің директоры орыс 
ұлтынан (51%), 5-еуі қазақ, қалғаны әр ұлт өкілдерінен қойылды. Соның ішінде 
үшеуі әйел адам болған. Облыстық тарихи-өлкетану музейлерінде 36 адам 
қызмет істесе, оның 7-де ғана ғылыми қызметкер болды. Соның ішінде жоғары 
білімді қызметкер 2 адам, яғни 22 % ғана құрады.
1970 жылы музей қызметкерлерінің саны 2 есе өсіп 640-қа жетсе, оның 
406-ы ғылыми қызметкер (68 %), жергілікті ұлт құрамы 46 %-ға өсті. Облыстық 
музейлерде директор, бас қор сақтаушы, 2 аға ғылыми қызметкер, ғылыми 
қызметкерден жабдықталған штаттық бірлік тұрақтанды. 1990 жылдардың 
басында Қазақ КСР-нің музейлерінде 2770 мың қызметкер тіркелген. Оның 
ғылыми қызметкерлері мен экскурсия жүргізушілері 1136 адам, 155-нің музей 
ісі мамандығы бойынша жоғары білімі болды. 
Одақ бойынша музей мамандарын даярлайтын оқу орындары 1980 
жылдары тез қарқынмен бой көтерді. Атап айтсақ, Н.К. Крупская атындағы 
Мәдениет институты, 1986 жылы Мәскеудегі Тарихи-мұрағаттық Мемлекеттік 
институтында 
музейтану 
кафедрасы 
ұйымдастырылса, 
1984 
жылы 
Бүкілодақтың мәдениет қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіру институтында 
«Музей ісі» кафедрасы және Мәдениет ғылыми-зерттеу институты жанынан 
«Музейтану» мамандығы бойынша күндізгі және сырттай білім беретін 
бөлімдері бар аспирантура ашылды. 
Қазақстанда жоғарғы кәсіби музейлік білім беру жүйесі 1930-шы 
жылдардан басталғанымен бұл үрдіс 1980-ші жылдары ғана жолға қойылды. 
1981 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих 


85 
факультетіне «Музейтану» арнайы курсы енгізілді. Тарихи пәндерімен бірге 
музейтану пәнін қоса меңгерген мамандарға музейлерде жұмыс істеуге 
мүмкіндіктер ашылды. 1980-ші жылдардың басында республикада музейлері 
қызметкерлерінің көпшілігінің жоғары білімі болды. Мәселен, 1980 жылы  
71,2%, 1987 жылы 75,7% қызметкерлердің жоғары білімі болған. Бұл 40-50 
жылдармен салыстырғанда әлдеқайда ілгерілеушілік. Дегенмен, бұл музей 
саласындағы мамандардың түрлі мамандықтар деңгейіндегі көрсеткіштері 
болып отыр. Қазіргі таңда Қазақстанда музей білімінің негізгі орталықтары әл-
Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің деректану және тарихнама 
кафедрасы, М. Әуезов атындағы Шымкент Мемлекеттік университетінің тарих 
кафедрасы болып табылады.
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін отандық музей ісінің қалыптасуы 
мен дамуына үлес қосқан Р. Ілясова, Р. Қосмамбетова, Н. Әлімбай, Б. 
Өмірбеков, Ұ. Ибрагимов, М. Жолдасбеков, Л. Ермоленко, В. Зайцев сияқты 
белгілі ғалымдар мен музей ісі білгірлерінің есімдерін ерекше айта кетуге 
болады. Қазіргі музейтанулық білім беру мынадай қағидаттарға негізделуі тиіс: 
біріншіден, гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық, жаратылыстану, жалпы 
кәсіби және арнайы пәндер енгізілген университеттік білім жүйесіне тірек 
артқан фундаменталды білім беру, екіншіден, оқу үрдісіне енгізіліп жатқан 
жаңа 
кредиттік 
технология 
бойынша 
интерактивті, 
қашықтықтан 
(дистанциялық) оқыту, қысқартылған модульдік оқу сынды әдіс-тәсілдерді 
тиімді қолдану арқылы білім сапасын жетілдіру. 
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін музей саласы құрылымдық, саяси-
идеологиялық, ұйымдық, түбегейлі өзгерістерді бастан өткерді. Бүгінгі Тәуелсіз 
Қазақстан үшін музейлер тек ғылыми-зерттеу, мәдени-білім мекемесі ғана емес, 
ол ұлттың ұлылығын айғақтайтын ерекше мәнді символ, мемлекеттік 
атрибуттардың бірі болып табылады. Музейлердің қатал идеялық-ақпараттық 
бағыттан арыла бастауы музей мен көрермен арасындағы қарым-қатынасты 
өзгертті. Музейлер көрерменге тек тәрбиелік әрекет нысаны емес, 
сұхбаттасушыға да айналды. Бүгінгі таңда республикамызда тарихи-мәдени 
мұраны сақтау және насихаттау саласындағы мемлекеттік саясаттың белсенді 
таратушысы болып табылатын музейлерді тамашалауға 1 млн. 300 мың адам 
келіп 20 мыңнан астам көрмелер мен дәрістер ұйымдастырылған. Кеңестік 
идеологияның қыспағында болған музейлерге бүгінгі күні мүмкіндіктер 
ашылып, оны жүзеге асыруда жағдайлар жасалып отыр. Осындай 
мүмкіндіктерге ие болып отырған Қазақстан музейлері ең алдымен, халықтың 
баға жетпес материалдық, рухани байлығын жиақтаушы әрі насихаттаушы, сол 
арқылы Қазақстан азаматтарының бойына отансүйгіштікті, патриоттық сезімді 
ұялатушы ғылыми, мәдени, біліми орда болуға тиісті. Жасалып жатқан игі істер 
де баршылық. 
Біріншіден, халыққа қызмет көрсетіп келген музейлердің бұрынғы 
құрылымы өзгеріп, жұмыс бағыты түбегейлі қайта құрылды. Сонымен қатар, 
Тәуелсіздік тұсында өзінің көрнекілігі, болмыс-бітімімен ерекшеленетін 
музейлер дүниеге келді. Мәселен, Президенттік Мәдениет орталығы, Қазақстан 


86 
Республикасы 
Тұңғыш 
Президентінің 
Музейі, 
саяси 
қуғын-сүргін 
құрбандарына арналған музейлер, халқымыздың аяулы тұлғаларына арналған 
мемориалдық музейлер мен музей-үйлер, ашық аспан аясындағы музей-
қорықтар. Бұл музейлер бүгінгі тарихымыздың көрнектемесі ғана емес, 
азаттық, теңдік, тәуелсіздік үшін алысқан ата-бабаларымыздың сан ғасырлық 
күресінің шежіресі міндетін атқаруы тиіс.
Екіншіден, музейлерде мәдени мұраны ұлықтау – қазақстандық 
патриотизмді қалыптастырудың пәрменді тетігі болып табылады. «Мәдени 
мұра» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысына Қазақстан 
музейлерінің де өзіндік үлесі баршылық. Мәселен, еліміздегі ең ірі музейлердің 
бірі Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік музейі аталмыш бағарлама 
аясында музей ісі, антроплогия, археология, этнография, деректану салалары 
бойыша ғылыми-қолданбалы жобаларды іске асыруда. «Мәдени мұра» 
бағдарламасы аясында «Есік» және «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-
музейлерін ұйымдастыру жұмыстары жай-күйінің қарастырылуы, ұлттық 
тарихымызға, оның ескерткіш-белгілеріне, жер бетінде қалған өрнек-іздеріне 
деген шынайы бетбұрысты, мемлекеттік мәртебедегі пайым биігін аңғартады. 
Үшіншіден, Тәуелсіздік лебімен құрылып жатқан музейлердің тарихи 
сананы қалыптастыруда, ұлттық рухани-мәдени мұраны жинақтап, насихаттау 
мақсатын жүзеге асыру үшін жаңаша бағытта қызмет атқарып жатқандығы. 
Музейлердің тақырыптық-экспозициялық жоспарында «Тәуелсіз Қазақстан» 
атты көрнектемелік кешен пайда болды. Осығын орай, белгілі ғалымдардың 
қатысуымен Отандық музейтанудың теориялық-әдіснамалық негізі жасалып, 
музейлердің ғылыми тұжырымдамасы (концепциясы) құрастырылды. Тұңғыш 
рет музейлердің ғылыми тұжырымдасы кеңес кезеңінде қатып қалған маркстік-
лениндік методология негізінде емес, еркін ойлау барысында Отан тарихының 
негізгі кезеңдері мен ерекшеліктерін, музейтану қағидаттары және 
ұстанымдарын сақтай отырып құрастырылды. 
Төртіншіден, тәуелсіздік алғаннан кейін музейлер жұмысын қайта құру, 
жаңа музейлердің ашылуы және музейлердің тақырыптық-экспозициялық 
жоспарларындағы түбегейлі өзгерістер еліміздің егемендік жолындағы 
күресінің нәтижесінде қол жеткізген еркіндігімізбен, елдігімізді баяндайтын 
жәдігерлермен баяндалуын талап етті. Осы мақсатта еңбек етіп жатқан 
Президенттік мәдениет орталығы Абылай ханның шапанын тауып, музейдің 
қорына қабылдады. Сол сияқты Төле би бабамыздың шапанының жұрнағы, 
үйінің маңдайшасы, Құраны табылып, музейге алдыру жұмыстары жүргізілуде. 
Қазыбек бидің шапанының дерегі Егіндібұлақтан шыққанын Орталық 
директоры М. Жолдасбекұлы мәлімдеді. Сонымен қатар, Кенесары ханның 
мылтығы Омбы тарихи-өлкетану музейнің қорынан табылса, Жәңгір ханның 
құнды коллекциясы, Әмір Темір жаздырған тас Мәскеу және Санкт-Петербург 
музейлерінің қорында сақталғандығы анықталды. Кезінде Ш. Уәлиханұлы 
жинақтаған геологиялық коллекциялар қоры, Эрмитаждың «Сібір алтыны» 
қорын толықтырып тұрған жәдігерлер, белгілі ғалым Ә.Х. Марғұланның 


87 
тізіміндегі 200-ден астам жәдігерлер және басқа да құндылықтар елімізден 
тысқары кетіп, ұлттық мәдениетіміздің тетіктерін толықтыра алмай тұр.
Бесіншіден, Қазақстан музейлерінің қалыптасуы мен даму тарихында 
тұңғыш рет «Мәдени мұра», «Мирас», «ҚР Орталық Мемлекеттік музейінің 
еңбектері» сынды музей басылымдарының дүниеге келуі, тарих тағылымы 
аясында тартымды, өнегелі жадығаттарды бұқараға жеткізуге мүмкіндік 
тудырып отыр. «Мәдени мұра», «Экспедициялар, зерттеулер», «Көнеден 
жеткен бір белгі», «Жауһар жәдігерлер», «Көрмелер туралы», «Тұңғыш 
Президент музейінен», «Өнегелі өмір» тағы басқа өзекті мәселелерді көпшілік 
назарына ұсынған басылымдардың ашылуы көңілге қонымды бастама.
Алтыншыдан, музей жұмысының компьютрленуі, жаңа технологиялық 
әдіс-тәсілдердің ендірілуі Қазақстан музейлеріне әлемдік кеңістікте өзінің 
лайықты орнын алуына мол мүмкіндіктер тудыруда. Мәселен, Қазақстан 
Орталық 
Мемлекеттік 
музейінің 
коллекциялық 
қорын 
«Музеолог» 
бағдарламасы аясында өз интернет желісі арқылы бүкіл әлем тамашалауға 
мүмкіндігі бар. Мұндай мүмкіндікті еліміздің басқа музейлері де тиімді 
пайдалануда. 
Музей 
қызметіде 
компьютерлендіру, 
ақпараттандыру 
технологиясын ендіру және Internet кеңістігін пайдалану арқылы бәсекеге 
қабілеттілігін арттыру мүмкіндігі бар. Музейлердің виртуалды кеңістікті игеруі 
және қызметінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануы бүгінгі күннің 
талабына айналуда.
Жетіншіден, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» 
мақаласынан кейін, рухани жаңғыру аясында жаңа музейлер құрылып, 
халқымызға ұлттық тарихи-мәдени ескерткіштерін, тұлғаларын таныту 
қызметтерін атқаруда. 
Музей қызметінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда ірі орталықтанған 
музей ұйымдастыру мен музейлендірудің маңызы зор. Әлемдік деңгейде музей 
ұйымдастыру саласында әлдеқайда озық елдер жеткілікті. Ғаламда қайталанбас 
мәдениет ошақтары да аз емес. Парижде Лувр, «Құдай ана ғибадатханасы», 
Эйфель мұнарасы, Германияда Дрезден галереясы, Испанияда Прадо, Санкт-
Петерборда Эрмитаж бар.
Тәуелсіздік алғаннан кейін астананың ауысуымен Елордасы Астана 
қаласында ҚР Тұңғыш Президентінің музейі, ҚР Президенттік Мәдениет 
орталығы, Алтын және бағалы металдар музейі сияқты салалық жаңа 
құрылымдық негізде музейлер бой көтеріп, халыққа қызмет атқарып жатыр. 
Дегенмен, аса бай тарихы мен мәдениеті бар қазақ халқы үшін мәңгілікке 
қызмет ететін өз Лувры, Эрмитажы қажет. Бұл музей қазақ халқының бүкіл 
тарихын өз қойнауында шоғырландыруы және әлемдегі дамыған 
мемлекеттерімен етене байланыс жасау арқылы қазақ халқының сан ғасырлық 
көшпелі өркениетінің қайталанбас туындыларын паш етуге тиіс.
Музей 
қызметінің 
бәсекеге 
қабілеттілігін 
арттырудың 
негізгі 
бағыттарының бірі туризмді дамыту. Республиканың мәдени әлеуетінде 
қордаланған өзекті мәселелерді шешуде музейлердің ықпалы жоғары. 
Қазақстан Республикасы бәсекеге қабілетті және табыс түсіретіндей 


88 
индустриясын жасау үшін жеткілікті әлеуетке ие. Біріншіден, елдің геосаяси 
тұрғыдан орнығуы тиімді, Батыс пен Шығыс арасындағы халықаралық туристік 
коммерциялық ағындар әрілі-берілі ағылып жатыр. Екіншіден, бұл жерде 
көшпелі және отырықшы егіншілік өркениеттерінің ежелден өзара аралас-
құралас болуын сипаттайтын бірегей тарихи-мәдени мұра шоғырланған. 
Үшіншіден, туристер мен тәуіп етушілер үшін қызығушылықты тудыратын 
нысандар зороастризмдік, буддалық, христиандық, мұсылмандық жәдігерліктер 
мол. Төртіншіден, Ұлы Жібек жолының бойында көптеген тарихи, 
археологиялық архитектуралық жәдігерліктер (ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік 
мұра тізіміне енген Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Алматы 
облысындағы ашық аспан аясындағы Тамғалы-тас және т.б.) туристерді 
қызықтырмай қоймайды. Сонымен қатар, «Әзірет Сұлтан» мелекеттік тарихи-
мәдени қорық-музейі, «Ұлытау» тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі, 
«Отырар» мемлекеттік археологиялық қорық-музейі, «Жидебай-Бөрілі» тарихи-
мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі, «Ордабасы» ұлттық тарихи-
мәдени қорық-музейі, «Тамғалы» тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейінің 
туризмді дамытуда әсері зор. 
Музей ісі қоғамдық іс-әрекеттің ғылым, білім беру, тәрбие, мәдениетке 
қатысы бар ерекше саласы болып табылады. Тәуелсіздік алғаннан бері қарай 
республика көлеміндегі музейлер саны 17,3%-ға артуда. Музейлердің басым 
көпшілігі (89,8%) мемлекеттік, қалғандары жеке меншікте. Ауылдық жерде 70-
тен астам музей (40,5%) шоғырланған. Сондықтан музейлердің бәсекелестікке 
қабілеттілігін артыру ісін дамыту мен жандандыру бүгінгі күн талаптарына сай 
ұйымдастырылуы қажет.
Музей жұмысын дамыту барысында біріншіден, музей ісін түбегейлі қайта 
құру; екіншіден, музей қорларындағы жәдігерлерді сұрыптай отырып, 
мәселелік-хронологиялық тұжырымдарға негізделген жаңа экспозициялар құру; 
үшіншіден, 
жәдігерлерді 
жан-жақты 
зерттеу 
арқылы 
ақпараттық 
маңыздылығын 
арттыру; 
төртіншіден, 
экскурсоводтың 
қызметін 
жаңашаландыру, түрлендіру жолдарын қарастыру; бесіншіден, техникалық 
құрал-жабдықтарды, ақпараттық кеңістікті музей ісінде тиімді пайдалану 
арқылы көрермендерді музейге тарту; алтыншыдан, музейлердің тәрбиелік 
мақсаттарына сай музейлік педагогиканы дамыту; жетіншіден, музейлік бизнес, 
маркетинг және менеджмент мәселелеріне назар аударып, музей ісінде аталған 
жаңалықтарды енгізуге мүмкіндіктер беру тұстарына ерекше көңіл бөлінуі тиіс. 
Тарихи-мәдени мұраны сақтау және насихаттау, зерттеуде қор 
коллекцияларын толықтыру ғылыми-зерттеушілік, археологиялық және 
этнографиялық экспедициялардың маңызы зор. Далалық экспедициялық 
жұмыстар арқылы ақпараттық құндылыққа ие болатын жадығаттар музей 
қорларына жинақталуда. Бірақ, қаржыландырудың жетіспеушілігінен жергілікті 
жерлерде музей қызметтері тиісті деңгейде жүргізілмей отыр. Мәселен, ғылыми 
экспедицияларды ұйымдастыруда, мәдени құндылықтарды зерттеу және 
насихаттауда, музейлердегі жәдігерлерді сақтау және есепке алуда, тарихи-
мәдени және табиғи құндылыққа ие заттармен қорды жасақтауда, олардың 


89 
тиісті дәрежеде сақталуында, жәдігерлерді жөндеу және қалпына келтіру 
жұмыстарын сапалы жүргізуде қиыншылықтар туындап отыр.
Қазақстанның 
мәдениет 
саясатындағы 
стратегиясының 
мәні 
демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудың 
конституциялық міндетімен анықталған. Ол этностық төлтумалықты дамыту 
және елдің ұлттық-мәдени көпқырлылығын сақтау, сондай-ақ осы негізде 
тұрақты қоғамдық-саяси ахуалы бар өңір ретіндегі елдің беделін нығайту басым 
міндеттер болып табылатын демократиялық мәдениет саясатын жүзеге асыруға 
бағытталған. Ұлттық заңнамада мәдениет саласындағы мемлекеттік саясаттың 
негізгі қағидаттары айқындалған. Олар: мәдени құндылықтарды жасаудағы, 
пайдаланудағы және таратудағы құқықтар мен мүмкіндіктер теңдігі; мәдениет 
саласындағы монополистік үдерістерге жол бермеушілік; қоғамның мәдени 
әлеуетінің өсуін қамтамасыз ететін инновацияларды қолдау, мәдениетті 
қаржыландыруда бюджеттік, коммерциялық және қайырымдылық бастауларды 
ұштастыру; мәдениет саласында халықаралық ынтымақтастыққа жағдай жасау, 
соның ішінде ұлттық мәдениеттің біртұтастығын сақтаудың бір факторы 
ретінде шетелде тұратын отандастармен мәдени байланысты дамыту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет