93
Ал далалық күнделікте төмендегідей мәліметтер түсіріледі: 1) реттік өмір;
2) пәннің атауы мен қысқаша мазмұнына сипаттама; 3) заттай немесе жазба
ескерткішті анықтаған адам туралы мәлімет; 4) заттай немесе жазба
ескерткіштің мұражайға түскен күні; 5) оларды нөмірлеу.
Мектептік музей заттарын есепке алу екі мақсатты көздейді: 1)
музей
заттарын адамдар іс-әрекетінен қорғау үшін; 2) оның ғылыми қорғанысын
қамтамасыз ету үшін.
Музей заттарын есепке алудың қарапайым тәсілі музей заттарын қабылдау
мен тапсырудан, заттарды инвентарлық кітапқа тіркеуден тұрады.
Қабылдау-тапсыру актісі негізгі қордың барлық заттай және жазба
ескерткіштеріне жүргізіледі. Акт екі данада болуы керек және мазмұны
төмендегідей формада толтырылуы керек: 1) акт нөмірі; 2) актының
тапсырылған жері мен толтырылған мерзімі; 3) заттарды қабылдаушы және
беруші мекеменің немесе жеке тұлғаның толық аты-жөні; 4)
затты мәңгілікке
немесе уақытша пайдалануға беріп жатқандығын анықтап жазу; 5) заттарға
бұрын соңды жасалынған белгілермен және мазмұнына сипаттама берген
түсініктеме мәліметтерімен қоса актідегі бұрынғы заттардың тізімін есепке алу;
6) тапсырушының және қабылдауышының қолы.
Есепке алудың келесі кезеңі музей заттарын музейдің инвентарлық
кітабына тіркеу болып табылады. Кітапқа қажетті мәліметтерді енгізу үшін ең
алдымен затты анықтау керек. «Анықтау» деген ұғым астарында музей
заттарын анықтау, қандай қызмет атқаратындығын, мазмұнын, қандай
материалдардан жасалғандығын анықтау, өндіріс техникасын, заттың түпнұсқа
ма әлде көшірме ме екенін анықтау, затты жасаған адамды анықтау кіреді. Зат
туралы осындай мәліметтерді анықтау өте қиынға түседі. Оны шешу үшін
анықтамалық
әдебиеттерге, осы бағытта маманданған мамандардың
кеңестеріне жүгіну керек. Инвентарлық кітап келесі графалардан тұрады: 1)
реттік нөмірі; 2) жазба мерзімі; 3) түскен заттың уақыты мен ол туралы дерек
көзі және акт нөмірі; 4) заттың атауы және нөмірі; 5) жасақталу материалы мен
техникасы; 6) өлшемі; 7) сақталу формасы; 8) қандай жинаққа кіргендігі
жөнінде; 9) ескертулер.
Мектептік музейдің негізгі қорына түскен музей және заттарының өзіндік
шифры болуы керек – мазмұны және нөмірі. Осы арқылы ол туралы мәліметті
инвентарлық кітаптан қарауға болады. Шифр музейдің қысқартылған атауын
және инвентарлық кітап бойынша бекітілген нөмірін көрсетеді. Мысалы, Бөкей
Ордасындағы мектептік музейдің шифры: БОММ-228.
Музей заттарын сақтау. Мемлекеттік және халықтық музейлердегі
барлық ескерткіштер музей қорын құрайды. Музей – осы қордың жадығаттарын
сақтайтын қойма болып табылады.
Мектептік музейлердің коллекциялары – мемлекеттік музей қорының
құрамдас бөлігі болып табылады. Оның қорғалуы мен пайдаланылуы
төмендегідей ережелерден тұрады: 1) мектептік музейдегі ескерткіштерге
бұзылу
қаупі төнгенде, оны қайта қалпына келтіру мен оның қорғанысын
қамтамасыз ету мүмкіндігі болмағанда бұл ескерткіштерді мемлекеттік
94
музейдің біреуіне тапсыру керек; 2) егерде экспозициялардың әсерінен немесе
тарих сабақтарында мектептік музей заттарын үнемі қолдану олардың
бүлінуіне әкелсе, онда түпнұсқаны тезарада қоймаға жіберіп, оны көшірмемен
ауыстырып қолдануға беру керек.
Заттай ескерткіштер жасалған жадығаттарына сәйкес түрлі жағдайда
сақталуды қажет етеді. Ол үшін коллекцияларды төмендегідей топтарға жіктеу
керек: 1) керамика, шыны; 2) ағаш; 3) металл; 4) мата және киім-кешек; 5)
жазба ескерткіштер мен көркемөнер жадығаттары; 6) археологиялық
коллекциялар; 7)
нумизматика коллекциялары; 8) филателиялық (почталық
маркілерді коллекциялау мен зерттеу - Ж.М.), филумениялық (сіріңке
қорабтарын коллекциялау мен зерттеу - Ж.М.), филократиялық (почталық және
көрмелік открыткаларды коллекциялау мен зерттеу - Ж.М.) жадығаттары; 9)
көркемөнер өндірісі.
Негізгі және қосалқы қор жадығаттары сақталу қоймасында қатаң
талаптарға сәйкес сақталынуы керек: 1) қойманың температуралық
ылғалдылығын ескеру; 2) тазалық; 3) бүлдірушілерден музей коллекцияларын
қорғау (яғни адамдар іс-әрекетінен). Қойманың температурасы қыста +10
0
С-
дан 18
0
С-ға дейін; жазда +25
0
С-дан жоғары болмауы керек. Орташа
ылғалдылық 50-60% болуы керек.
Тарихи ескерткіштерді жинақтау, зерттеу мен сақтаудың ең басты мақсаты
– білім беру мен тәрбиелеу. Осындай музей жадығаттарын қолданудың басты
және ерекше формасы экспозиция мен көрме ұйымдастыру болып табылады.
Солар арқылы барлық адамдар ескерткіштермен танысады және олардың
тарихи құбылыстар, оқиғалар туралы түсініктері қалыптасады. Музейдегі
экспозициялық ескерткіштер белгілі бір жүйеде демонстрацияланатындықтан
олар тарихи дамудың заңдылығын түсінуге сәйкестендіріледі.
Мектептік музейде экспозиция құрар алдында
ең бірінші шешуді қажет
ететін мәселе – ескерткіштер қандай жүйеде көрсетілуі тиіс деген мәселе
төңірегі. Мектептік музейлердің тәжірибелері көрсеткендей жадығаттарды
демонстрациялаудың жүйесін таңдау проблемасы туындаған кезде тақырыптық
экспозиция құрудың пайдасы мол екендігі байқалады. Тақырыптық экспозиция
кезінде барлық экспозициялық жадығаттар – түпнұсқа-ескерткіштер, олардың
ғылыми-қосалқы жадығаттары тарихи даму заңдылықтарына сәйкес
қалыптасқан тақырыптар бойынша топтастырылады.
Келесісі жүйелі экспозиция болып табылады. Онда ескерткіштер
төмендегідей принцип бойынша топтастырылады. Музей заттарының
түрлерінің, географиялық таралу аймақтарының ортақтығына сәйкес т.б. Бұл
топтардың ішінде ескерткіштер хронологиялық шеңбер бойынша орналасады.
Экспозиция жүйесі анықталған соң, музейге таңдалған ескерткіштерге
картотека жүргізіледі. Картотека келесі мәліметтерден тұрады: 1)
экспонат
арналған экспозиция тақырыбының атауы; 2) экспонат туралы негізгі
мәліметтер (атауы, қалыптасқан уақыты, автор және т.б.); 3) заттың нөмірі және
сақталу орыны; 4) экспонат өлшемі; 5) сақталуы жөнінде белгі.
95
Экспозицияны құрудың келесі кезеңі тақырыптық-экспозициялық жоспар
құру. Ол келесі жағдайда құрылады: 1) реттік нөмірі; 2) тақырып атауы,
тақырыпшалар; 3) түпнұсқа жадығаттарын тізу; 4) қосымша жадығаттарды тізу;
5) экспонаттың экспозициядағы орны; 6) ескертулер.
Достарыңызбен бөлісу: