Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет18/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

Аллаһтың қасында Исаның мысалы (Аллаһ) оны топырақтан 
жаратып, «бол» дегенде болған Адамның мысалындай»
3
деген аят келген. 
Әнәс 
ибн 
Мәлик 
(Аллаһ 
оған 
разы 
болсын) 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) «Оған Аллаһ тағала рух үрлеген 
кезде, жан алдымен оның басынан кірді. Сонда ол түшкірді де: 
«Әлхамду лилләһ», – деді. Сонда Аллаһ тағала оған: «Саған 
Раббыңның мейірі жаусын», – деді», – деп айтқанын жеткізген
4

Осылайша, Адамға рух толығымен енбей жатып, Аллаһ 
тағаланың мейірімі түскен. Рух көзіне жеткенде, ол жұмақтың 
жемістеріне қарап, олар туралы ойлана бастады. Ал рух қарнына 
жеткенде, оның тамақ жегісі келді және аяғына жан бітпей 
1
Хадисті Муслим мен Ахмад жеткізген. 
2
«Хижр» сүресі, 29-аят. 
3
«Әлі Имран» сүресі, 59-аят. 
4
Хадисті Ибн Хиббан риуаят еткен. 


24
 
 
жатып, ол тағамға қарай ұмтылды, жұмақтың жемістеріне 
асықты. Аллаһ тағаланың «Адамзат асыққыш болып 
жаратылды»
1
деуінің мәні – осы. 
Адам періштелерден құрметті әрі білімді еді 
Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Аллаһ оған 
көктер мен жердегі барлық нәрселердің атауын үйретті», – 
деген. 
Бұл – жануар, ал анау – теңіз, мынау – құс, мынау – тау деген 
сияқты. Аллаһтың үйретуімен Адам барлық нәрсенің атауын 
білді. Аллаһ тағала оған, сонымен қатар барлық еңбек өнерін: от 
жағуды, ағашты, темірді т.с.с. пайдалануды үйретті. Аллаһ оның 
бейнесін ғана емес, сондай-ақ білімін, ақыл-есін де өте жоғары 
дәрежеде сомдады. «Ол (Аллаһ) Адамға барлық (нәрселердің) 
аттарын үйретті де, сонан соң соларды періштелерге 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет