26
– Бұл жерден (жаннаттан)
түс. Сенің бұл жерде
тәкаппарлық етуіңе орын жоқ. Шығып кет! Сен қор
етілгендерденсің, – деді.
(Ібіліс)
:
– Маған олар қайта тірілетін күнге дейін мұрсат бер
1
, –
деді.
(Сонда Аллаһ тағала)
:
– Сен мұрсат берілгендерденсің
2
, – деді.
(Ібіліс рұқсат алып болғаннан соң)
:
– Ендеше, мені қаңғыртқаның себепті мен де оларға
қарсы Сенің тура жолыңда отырып аламын. Сонан соң
оларға алды-артынан, оң-солынан келемін де, Сен олардың
көбін шүкір етушілердің қатарынан таппайсың, – деді.
(Оған Аллаһ тағала)
:
– Бұл жерден айыпталған, қуылған түрде шық! Олардан
(адамдардан)
кім саған ерсе, міндетті түрде жаһаннамды
сендердің бәріңмен (шайтан
әрі оған ерген адамдар және
жындармен)
толтырамын, – деді
3
.
Бұл әңгіме басқа бір аяттарда толығырақ келтірілген:
«(Мұхаммед!)
Сол уақытта Раббың періштелерге: «Мен
кепкен қара лайдан адам жаратамын. Оның жаратылысын
тамамдап, оған рухымнан үрлеген (жан салған)
сәтте, оған
сәжде қылыңдар!» – деді. Сонда періштелер түгел сәжде
Достарыңызбен бөлісу: