27
– Сен кепкен қара лайдан жаратқан адамға сәжде
етпеймін, – деді.
(Аллаһ)
:
– Онда жаннаттан шық! Өйткені сен (жаннаттан)
қуылдың
және саған Қиямет күніне дейін лағынет бар, – деді.
(Ібіліс)
:
– Раббым! Ендеше, маған қайта тірілер күнге дейін мұрсат
бер, – деді.
(Аллаһ Ібіліске)
:
– Сен белгілі бір мерзімге мұрсат берілгендерденсің, – деді.
Ол:
– Раббым! Мені қаңғыртқаның үшін адам баласына жер
жүзіндегі (жаман)
нәрселерді жақсы көрсетіп, олардың
шынайы
құлдарыңнан
басқаларының
барлығын
адастырамын, – деді.
(Аллаһ)
:
– Маған келетін тура жол осы. Менің шынайы құлдарыма
ықпалың жүрмейді. Бірақ саған кім ерсе, ол адасқандардан
болады. Сөз жоқ, олардың бәрінің уәделі жері – жаһаннам, –
деді»
1
.
Аллаһқа жасалған алғашқы күнәдан
хабар беретін аяттар
жеткілікті. Оған алғаш қарсы шыққан Ібіліс еді, оған Аллаһтың
лағынеті болсын. Аллаһ тағала
Өзіне қарсы шыққанды бірден
жазалап, оны кәпірлер санатына қосты. «Кәпір» – Аллаһ
тағаланың нығметін жоққа шығарушы. Аллаһ тағала Ібілісті
көкке шығарып,
дәрежесін көтерді, ал ол Оның нығметін жоққа
шығарды.
1
«Хижр» сүресі, 28-43 аяттар.