олардың жабық тұрған ұятты жерлерін өздеріне көрсету
үшін, екеуін азғырып: «Раббыларың сендерді, періште болып
кетпеулерің немесе мәңгі қалушылардан
болмауларың үшін
ғана мына ағаштан қайтарды», – деді. Оларға: «Мен сендерге
шынайы кеңес берушілерденмін», – деп ант ішті»
1
, – деген.
Ібіліс ант ішіп, оларды алдап, жаннаттың тұрғынына тіптен
лайық емес істерге итермелей бастады. Нәтижесінде, олар
Ібілістің құрған тұзағына түсіп, алданады. Күнә істеп, киімсіз
қалады. Қасиетті Құранда бұл жайында: «Сонда екеуі ағаштан
татқан сәтте ұятты жерлері ашылып қалды»
2
, – делінген.
Адам да, Хауа да ұяттан жерге кірердей күй кешті. Мұндай
шынайы, риясыз ұят адам баласының болмысында бар,
сондықтан да адам әлі күнге дейін жалаңаштықтан қысылады.
Адам ата мен Хауа ана жаннат ағаштарының жапырақтарын
жұлып, денелеріне жапсыра бастады. Аллаһ тағала: «Екеуі
жаннат жапырақтарынан үстеріне жапсыра бастады»
3
, –
дейді.
Адам ұялғанынан қашты. Аллаһ оған тіл қатып шақырды.
Хадисте: «Адам қашқан кезде Аллаһ тағала оны: «Ей, Адам!
Сен Менен қашпақсың ба?» – деп шақырды. Ол: «Жоқ, уа,
Раббым. Мен Сенен қашпақшы емеспін. Бәлкім, осы күнәкар,
жалаңаш күйімде көруіңнен ұялдым», – деді»
4
, – деп айтылған.
1
«Ағраф» сүресі, 20-21 аяттар.
2
«Ағраф» сүресі, 22-аят.
3
«Ағраф» сүресі, 22-аят.
4
Хадисті Ибн Сағд риуаят еткен.
31
Ағаш жемісінен алғаш Хауа жеді және Адамды да осыған
итермеледі. Бұл туралы Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Егер Хауа
болмағанда, ешбір әйел күйеуіне қиянат істемес еді»
Достарыңызбен бөлісу: |