Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Тарау. Өгдүлміш патшаға елші қылып жіберуге



Pdf көрінісі
бет47/136
Дата23.03.2024
өлшемі1.36 Mb.
#496319
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   136
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Тарау. Өгдүлміш патшаға елші қылып жіберуге 
қандай кісі керек екенін айтады
Айтты Өгдүлміш: «Патшам ойлап көрген жөн,
Бұл бір істі білімменен өрген жөн.
Елші қылу керек елден ерек-ті,
Ақыл, білім жетік болса керек-ті.


219
Бұ Құдайдың құлдарының ішінен
Елші болсын ең таңдаулы кісіден.
2560. Талай істің бітірер ел қандайын,
Ол біледі қайырлы істің мән-жайын.
Елші керек байсалды, өткір санасы,
Өзі – шешен, ойшыл, білім данасы.
Сөз астарын, түрін білсе жүз есе,
Сол арқылы іс қатесін түзесе.
Тыңда, айтыпты бір жиһангер тектісі,
Ел бастаушы, зор білімді бек кісі.
«Ақылды адам – ер» деп елден асатын,
Білімдіні жоғары тұт аса тым.
2565. Ақыл жеңсе әрбір істе – ұнаған,
Орынды ол іс – оны талай сынаған.
Істі дана біліміне бойлатар,
Сол істі ұстап, алақанда ойнатар.
Ақыл, білім қосып істі бастаса,
Талай істер біліп жатар астаса!» 
Болсын елші шын берілген тоқмейіл,
Сенімді, адал, ақ сөйлетін ақ пейіл.
Бек пайдасын жақтайтын жан тілейді,
Шын сүйеді содан бектей сүлейді.
2570. «Пайдалы» де адал болса бегіне, 
Оны өзіңе бауыр қып ал егіле.
Жаны ашыса – өз бауыры болғаны
Одан жақын – жүрегінің ол қаны.


220
Ашкөз адам өз еркінің құлы ғой, 
Ол жарамас елшілікке – мұны қой!
Пейілі тоқ кедей – байға жатады, 
Сабыр етсе – берекеге батады.
Ашкөз адам тілеп көзін сатады, 
Содан ел-жұрт «тіленші» деп атады.
2575. Айтқан кісі пейілі тоқ, асы мол, 
Көзітоқтар – бай болудың басы сол:
Көздің сұғы – кедейліктің шоқтығы, 
Байыта алмас оны әлемнің тоқтығы.
Ашкөз құл боп тоймағаннан тұтылар, 
Ол құлдықтан өлсе ғана құтылар!» 
Бір білімдар Жақсы айтыпты – епті ғой, 
«Ашкөздерге бұл – насихат» депті ғой:
«Десең шындап барынша бай болайын!» – 
Тап көңілді байытудың қолайын.
2580. Көзітоқ құл бек болады, тақ бірақ – 
Ашкөз бектің құл болғаны жақсырақ.
Ашкөз болса бек – кедей ғой жұтаған, 
Көзітоқ құл бек боп қонар құт оған!» 
Ұятты адам таза өмірді сүреді,
Түрлі білім таза жерде жүреді.
Ұят кетсе – адамды пәс етеді,
Шындыққа адам ұятпенен жетеді.
Тыныш адам жақсы ат алар түйсінер,
Құлқы таза адамға жұрт сүйсінер.


221
2585. Ақыл, білім болса – кісі мол кетер,
Со біліммен барлық іске қол жетер.
Бәйітті оқы – не дер екен тыңдағын,
Әр ісінді білімменан шыңдағын:
«Ұқ ақылмен, біл біліммен бұл істі,
Бақыт берсін – күндер, жылдар жылысты.
Ер жетеді тілегіне зердемен,
Ақыл, білім қосып әрбір қыл істі!»
Адам түрлі жазу білсе зейінмен,
Ол өседі зерделі боп кейіннен*.
2590. Жазып, оқып, сөз үйренее бұлардан,
Өзін-өзі дана етеді бұл адам.
Білсе түгел өнер-білім бар сырын,
Ол жандырар сонда адамның жүз нұрын.
Кітап оқып, сөзді білсе байырғы,
Өлең жазып, ұға білсе шайырды.
Емдей білсе, көк жұлдызын санаса,
Түс жорыса тура талдап оны аса*.
Есеп білсе, өлшей алса әлемді,
Сан түбірін, есептесе көлемді*.
2595. Шахмат пен дойбыны жөн тұтатын,
Ойнағанын өлердей қып ұтатын*.
Чөген ойнап, өзі мерген болсайшы,
Құс салатын бір тамаша болса аушы.
Көп тіл біліп, сөйлей алса азулы,
Шебер жазып, білсе талай жазуды.


222
Мұндай өнер-білім білсе ырыс деп,
Елші қойса болар оны дұрыс деп.
Зерек елші бере білер қол ұшын,
Бек бәленің алдын алар сол үшін.
2600. Елші жаман болса, соры сөгілер,
Сонда бектің бар беделі төгілер.
Елші жақсы болса – бектің ділгірі,
Барлық түрлі істің жақсы білгірі.
Ақыл-өнер оған тосса – мол қауіп,
Оны сыйлап, кетсе содан жол тауып.
Барлық түркі тілін білсе пайымдап,
Сөзін ұқса, сөйлей алса қайымдап.
Болса елшіде ақыл-өнер анық бар,
Бектің аты ел үстінде қалықтар.
2605. Бір ақсақал айтқан сөздің мақұлын,
Оны ұқпаган кісі жояр ақылын:
Аты шығар болса ақыл мен өнері,
Онсыз адам қартайса – жоқ сенері.
Ерден ерің асады ақыл-өнермен,
Ол ұшады көк жиектеп кенермен.
Ақыл-өнер білген кісі би еді,
Ұлы таудың басын жерге иеді.
Свз түсінген дереу жауап қайтарар,
Сауалға да тура жауап айта алар.
2610. Ішпейтін жан – салауатқа ірге өзі,
Ұстамдылық – құт, қуаттың бір көзі».


223
Білім қалар білімді адам ішкенде,
Масқа надан жуымайды еш пенде.
Бұл ішімдік ақыл, білім – өріске
Жау ғой, бастар жанжал, ұрыс-керіске.
Не білімді, ақылды адам жоліксе,
Іс бұзылар ішімдікке еліксе.
Ар-ұятқа, тазалыққа қарамай,
Ішкен адам қалады ғой жарамай,
2615. Біліміңді айналдырса албасты,
Дей бер ақыл шараппенен алмасты.
Шарап ішсе – бақ іриді жентек боп,
Шарап ішкен шығар телі-тентек боп.
Ішке түскен шарап сөзді түртеді,
Жаны күйіп о сөзден жұрт үркеді.
Бұ бәйітті алатүғын басты орын,
Оқы, түсін ішкі сырын, астарын:
«Мас қылады «шарап» деген арам ас,
Көңіл сырын жаяр, түкке қарамас.
2620. Білімділер ішсе – болар білімсіз,
Білімсіздер ішсе – түкке жарамас!» 
Ашық көңіл, тілі сұлу, ағымды,
Өте ақылды, елге болсын жағымды.
Тіл тәттіде – сөз жағымды, орамды,
Сонда адамның ісі болар жарамды.
Жады жақсы болсын әсте ұтатын,
Естігенін есте қатты тұтатын.


224
Көркі-жүзі болса, шіркін, шырайлы, 
Бойы сұлу тартып тұрған нұр-айды.
2625. Адамшылық биік болса – мәрт болар
Кісілікке осы екеуі шарт болар.
Тәтті сөздің ыңғайына ел жүрер, 
Шырын сөзге үлкен-кіші елжірер.
Ісі елшінің болды көп сөз желісі, 
Сөзі жақсы болса, бітер төл ісі.
Табылса адам дәл осы сөз жайында, 
Атақ беріп, елші қылып дайында.
Елші қып ал пайдалан да хақыңды: 
Жатты – алысқа, жақын жібер жақынды!» 
2630. Айтты патша: «Ұқтым бұ сөз өзегін,
Тағы айтып бер келген бір сөз кезегін».
Сөз борышын өте – саған тағы сын, 
Мен өтейін сөз хақысын, тағысын.
Қандай болу керек хатшы көрнекті*, 
Сенсе бегі ел жазғанда өрнекті?» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет