3. Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс тезистері 1-модуль. Педагогикалық мамандыққа кіріспе



Pdf көрінісі
бет23/45
Дата01.04.2024
өлшемі1.02 Mb.
#497168
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   45
daris

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
2. Іс-әрекетті ұйымдастыру және мінез-құлықтың қоғамдық тәжірибесін 
қалыптастыру әдістері (жаттығу, үйрету, педагогикалық талап, қоғамдық пікір, тапсырма
тәрбиелік жағдаяттар).
3. Мінез-құлық пен іс-әрекетті ынталандыру әдістері (жарыс, мадақтау, жазалау).
Тәрбие әдістерін таңдау – барлық уақытта тәрбиенің оңтайлы жолдарын іздестіру. 
Оңтайлы деп белгіленген мақсатқа тез әрі көп күш жұмсамай жетуге мүмкіндік беретін 
пайдалы жол, құрал талады. Бұл күштердің көрсеткіштерін оңтайландырудың өлшемдері 
ретінде таңдап, алуан түрлі тәрбие әдістерінің тиімділігін өзара салыстыруға болады.
Тәрбие әдістерін қолданудың тиімділігі тәрбиешінің пікірінше тәрбиенің 
заңдылықтары мен қозғаушы күштеріне, баланың жекелік-типтік ерекшеліктеріне және 
тәрбиелік деңгейіне, оның табиғи нақты педагогикалық жағдаятта қалуына байланысты деп 
есептейді. Тәрбие әдістері белгілі бір жастағы баланың іс-әрекет типіне сай қолданылғанда 
табыс әкеледі.
Практикада тәрбие әдістері қиын, кейде қарама-қайшы әрекеттестік ретінде қатысады. 
Кейбір жеке әдістің тәрбиенің басқа да әдістері мен тәсілдерінен бөлек қолданылуы тиіс
бірақ басқасымен бекітіліп, өзара әрекеттесуі де мүмкін.
Сондықтан тәрбие әдістерін таңдауды анықтайтын жалпы шарттар (факторлар) болып 
табылады: тәрбиенің мақсаты мен міндеттері, мазмұны, тәрбиеленушілердің жас 
ерекшеліктері, ұжымның қалыптасу деңгейі, тәрбиеленушілердің жекелік және тұлғалық 
ерекшеліктері, тәрбие шарттары, тәрбие құралдары, педагогикалық мамандық леңгейі, 
тәрбиелеу уақыты, күтілетін салдары.
Тәрбие формалары – тәрбие үрдісінің сыртқы көрінісі. Мазмұн мен форма 
ажырамастай өзара байланысты – мазмұнның өзгерісі форманың да өзгеруіне алып келеді 
және керісінше. Мазмұн қалыптасады, форма мазмұнмен толықтырылады. Жетекші рөл 
мазмұнға беріледі. Тәрбие үрдісінің мазмұны тұлғаның – рухани, адамгершілік, физикалық, 
эстетикалық, еңбек, әлеуметтік қасиеттері мен сапасын құрайды. Практикада бұл мазмұн
оған максималды сай келетін нақты ұйымға сіңеді.
Тәрбие формаларын жіктеу саны жағынан тәрбие үрдісін қамтиды: жекелік, 
микротоптық, топтық (ұжымдық) және бұқаралық.
Тәрбие 
үрдісінің 
тиімділіг 
оны 
ұйымдастыру 
формасына 
байлаанысты. 
Тәрбиеленушінің санының артуынан тәрбие сапасы төмендейді. Сондықтан тәрбиенің 
жекелік және микротоптық формаларына көңіл бөлу қажет. Бірақ жекелік және микротоптық 
тәрбиенің экономикалық бағасының жоғарлылығы оның таралу жолына кедергі келтіруші 
болып табылады. Қазіргі тәрбиелік жүйенің көпшілігі тиімділігі
(маманданған 
педагогикалық басшылық жағдайында) және педагогикалық қызметтің экономикалық төмен 
бағасына қатысты тәрбиенің топтық (ұжымдық) формасына көшті.
Мектептегі тәрбие жұмысының көп таралған формасы тақырыптық әңгіме, жиналыс, 
экскурсия, мерекелер, викторина, ТКК (КВН) және т.б. түрінде қолданылатын сынып сағаты 
болып табылады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет