3. Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс тезистері 1-модуль. Педагогикалық мамандыққа кіріспе



Pdf көрінісі
бет20/45
Дата01.04.2024
өлшемі1.02 Mb.
#497168
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45
daris

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
сапалы 
тәрбиелеу 
мақсатында 
әлеуметтік 
құнды, 
әрі 
жан-жақты 
іс-әрекет 
ұйымдастыру;тұлғаның аса маңызды әлеуметтік функциясын, яғни, өзгермелі еңбектік іс-
әрекет жағдайындағы қатынастарын дамыту, әлеуметтік қуаттылықты көтеру. 
Келесі құрылым ТП-нің негізгі сатыларын белгілеуге негізделеді. Бұл сатылар - 
қойылған міндеттердің сапалы шешілуіне бағытталған бірізді кезеңдердің міндетті түрде 
өтетін процесі. Құрылым ТП бірізділігінің және бірлігінің терең заңдылығын түсінуде өте 
маңызды: қойылатын талаптар мен ережелерді тәрбиеленушілердің түсінуі; білімнің 
сенімділігі; сезім қалыптастыру;іс-әрекетке араласу және іс-әрекет арқылы тәрбиелеу. 
Тәрбие теориясы мен әдістемесі тәрбие үрдісінің мәні, қағидалары және әдістері
мақсаты мен мазмұны нақтыланатын жалпы педагогиканың бөлімі біолып табылады. 
Педагогикалық ойлар дамуының барысында жоғары айтылған үрдіс ғалымдар мен 
практиктердің көңілінде болды. Қазіргі уақытта да тәрбие педагогиканың негізгі категориясы 
болып қалады. Осы құбылыстың мазмұны практикалық тәжірибенің, педагогика ғылымының 
және оның жетекші доктринасының дамуына қарай жаңартылады. Әлеуметтік тәжірибені аға 
буынна кіші буынға берудің қоғамдық практикасы оны белгілейтін терминдерден бұрын 
қалыптасқан, сондықтан тәрбиенің мәні әр түрлі көзқарас тұрғысынан тұжырымдалады. Кез 
келген жағдайда сәйкес келетін ықпалды басынан өткізетін адам тәрбиенің пәні ретінде 
қарастырылады.
Тәрбиенің мәні тәрбиешінің тәрбиеленушіге арнайы әсер етуге талпынуын көрсетеді 
(К.Д. Ушинский). Яғни тәрбие адамды немесе адамдар тобын өзгерту бойынша әрекеттердің 
бір түрі болып саналады. Бұл тәрбиеленушінің психикалық күйін, дүниетанымы мен 
санасын, білім мен іс-әрекет тәсілдерін, тұлғалық және құндылық бағдарын өзгертуге 
бағытталған практикалық-өзгерту іс-әрекеті.
Тәрбие өзінің өзіндік ерекшелігін тәрбиешінің тәрбиеленушіге қатынасы бойынша 
мақсаты мен ұстанымын анықтаудан көрінеді. Сондықтан тәрбиеші тәрбиеленушінің табиғи, 
генетикалық, психологиялық және әлеуметтік мәнінің бірлігін, сонымен қатар оның жасы 
мен өмір сүру жағдайын ескереді.
Практика көрсеткендей, педагогикалық ықпалдың қызметі көптеген мақсатта, әр 
алуан деңгейде, әр түрлі әдістер арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, адам өзінің 
психологиялық күйін, мінез-құлқын және белсенділігін басқара отырып, өзіне-өзі мақсатты 
бағытта тәрбиелік ықпал ете алады. Мұндай жағдайда өзін-өзі тәрбиелеу жөнінде айтуға 
болады. Сонымен адамның өзіне қатысы бойынша ұстанымы (ол қазір және болашақта кім 
болғысы келеді) тәрбиелік мақсатты және оған жетудің тәсілдерін таңдауға байланысты. 
Тәрбие үрдісінің құрылымы негізгі элементтердің өзара байланысынан тұрады: 
мақсаты мен мазмұны, әдістері мен құралдары, сонымен бірге қол жеткізетін нәтижелер.
Тәрбие үрдісінің құрылымдық мақсатты өлшемдері оны шешуге үрдіс бағытталған 
міндеттердің жиынтығынан тұрады:
- тұлғаны тұтастай қалыптастыру; 
- жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаның адамгершілік қасиеттерін 
қалыптастыру; 
- тұлғаның мотивациялық, үйлесімді интеллектуальдық, эмоциональды және еріктік 
салаларын дамыту; 
- ғылым, мәдениет, өнер саласындағы қоғамдық құндылықтарға оқушыларды 
қатыстыру; 
- қоғамның демократиялық құрылымына, тұлғаның құқығы мен міндеттеріне сай 
өмірлік ұстанымдарын тәрбиелеу; 
-тұлғаның оның мүмкіндіктері мен тіліктерін, сонымен бірге қоғамның талаптарын 
ескере отырып, икемділіктерін, қабілеттерін және қызығушылықтарын қалыптастыру;
- оқушылардың жеке және қоғамдық санасын дамытатын танымдық іс-әрекеттерін 
ұйымдастыру;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет