3. Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс тезистері 1-модуль. Педагогикалық мамандыққа кіріспе



Pdf көрінісі
бет31/45
Дата01.04.2024
өлшемі1.02 Mb.
#497168
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45
daris

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
Мемлекеттік білім берудің жалпыға міндетті стандартында типтік оқу жоспары 
беріледі. Типтік оқу жоспары – мамандық бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім 
беру стандарты негізінде жасалатын және студенттердің меңгеруге қажетті ең аз көлемдегі 
кредиттерін, бақылау формаларын, сондай-ақ оқытудың қосымша түрлерімен қорытынды 
атестаттауын көрсете отырып жалпы білім беру пәндері (ЖБП), базалық пәндер (БП), 
кәсіптендіру пәндері (КП), циклдеріне шоғырландырылған оқу пәндері тізімі тұрғысынан 
міндетті компоненттерді белгілейтін негізгі оқу құжаты. 
Типтік оқу жоспарында белгіленген әрбір оқу пәніне типтік оқу бағдарламасы 
дайындалады. Типтік оқу бағдарламасы – ол мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру 
стандарты негізінде жасалып, типтік оқу жоспарындағы міндетті компонент пәндерінің 
мазмұнын, оқу көлемі мен тәртібін анықтайтын, меңгеруге қажетті негізгі білімдер, 
іскерліктер, дағдылармен құзыреттіліктер тобын, ұсынылған әдебиеттерді көрсететін және 
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы өкілетті органымен бекітілетін оқу 
құжаты. 
Маман дайындауда типтік оқу жоспарында көрсетілген Жалпы білім беру пәндері
Базалық пәндер, Кәсіптік пәндер блогындағы міндетті компоненттегі пәндер тізіміне енген 
пәндерді барлық студент міндетті түрде оқиды. 
Міндетті компонент – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты белгілеген 
және оқу бағдарламасы бойынша студенттің міндетті түрде оқитын оқу пәндері көлемінің 
тізімі. 
Сонымен қатар Жалпы білім беру пәндері, Базалық пәндер, Кәсіптік пәндер 
блоктарының әр қайсысын тереңірек меңгеру мақсатында таңдау бойынша компонент 
құрылады. Бұл пәндер тізбегі жоғары оқу орны жұмыс берушілермен бірлестікте ғылыми 
жаңалықтар және қоғам мен өндіріс қажеттілігіне байланысты ұсынылады. Осы блоктағы 
пәндерді студенттер өз қалаулары бойынша таңдап оқиды. Яғни, таңдау бойынша 
компонент – жоғары оқу орны ұсынатын, барлық академиялық кезеңде оқытылатын 
студенттердің жеке таңдалған пәндерінің тізімі. 
Сондай-ақ, оқу бағдарламасында берілген мазмұнды меңгеру мақсатында 
пререквизиттер мен постреквизиттер көрсетіледі. Жоғары оқу орны студентінің білім 
мазмұнын меңгеруде ескеретін жайлардың сол пәнді меңгеруге дайындығын анықтау және 
осы пәнді меңгерудің келесі пәнді меңгерудегі орнын білу болып табылады. Олай болса, өз 
кезегінде оқытушы пререквизиттермен постреквизиттер туралы білулері қажет. 
Пререквизиттер: оқылатын пәнді меңгеруге қажетті білімдер, іскерліктер, дағдылар 
мен құзыреттіліктер тізімі, студенттердің ауысуы барысында оқу курсын реттейтін құрал. 
Постреквизиттер: келесі оқытылатын пәндерді меңгеруге қажетті білімдер, 
іскерліктер, дағдылар мен құзыреттіліктер тізімі. 
Студенттердің оқу пәндерін таңдау іс-әрекетін ұйымдастыруға эдвайзер 
тағайындалады. Эдвайзер – студенттердің білім алу бағытын таңдауға және өзгертуге, 
олардың жеке оқу жоспарын құрастыруға септігін тигізетін, академиялық тәлімгердің 
қызметін атқаратын маман дайындаушы кафедраның оқытушысы. 
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жоғары базалық білім стандартында 
(бакалавриат) кредиттік оқыту жүйесі бойынша студенттің оқытушы басшылығымен 
жүргізілетін өз бетінше жұмысы – аудиторияда және аудиториядан тыс жүргізілетін 
оқытудың түрі деп атап көрсетілген. Тьютор дегеніміз – оқу пәндерін жүргізетін және нақты 
пәнді меңгеру бойынша студенттің академиялық кеңесшісі рөлінде танылатын кафедра 
оқытушысы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет