3. Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс тезистері 1-модуль. Педагогикалық мамандыққа кіріспе



Pdf көрінісі
бет25/45
Дата01.04.2024
өлшемі1.02 Mb.
#497168
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   45
daris

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
ұсыныс, болжам, аксиома, жетекші идеялар, әр түрлі жаратылыс және қоғамдық процестерді, 
құбылыстарды түсіндіре отырып, ғылыми негізін құраушы сол және басқа ғылымның
нақты ұғымдары ретінде бейнеленеді. 
Ғылыми дүниетаным негізіне дүниені түсіну, дүние туралы белгілі ғылымдардың 
жиынтығы жатады. Дүниетаным тек қана білімді меңгеру процесінде ғана емес, сонымен 
бірге ғылыми емес, қарапайым көзқарастарды жеңу нәтижесінде қалыптасады. Ол қоғамның 
жаңаруына, қоғамдық және жаратылыстану ғылымдары дамуына сәйкес жетілу үстінде. 
Өмірді жақсартудағы жаңа ғылыми деректер, қоғамдық және жаратылыстану ғылымындағы 
ашулар, жаңа қоғамдық тәжірибелер толықтырылуда, нақтылануда, бұрыннан қалыптасқан 
көзқарастар және ойлау стеротиптері өзгеруде. 
Аксиологиялық (құндылық) көзқарас тұрғысынан оқушылардың дүниетанымы оның 
іс-әрекетіне байланысты сипатталады; ол оптимист немесе пессимист, белсенді 
шығармашыл немесе баяу мазмұнды болуы мүмкін. 
Оқушылардың дүниетанымын психологиялық тұрғыдан сыртқы дүниенің оның 
санасында бейнеленуінің жалпы жүйесі ретінде емес, меңгерген ғылыми түсініктер, өлшем, 
баға жүйесі ретінде, сонымен бірге психикалық іс-әрекет – өзінің тәрбиесінде және дүниеге 
деген өзінің қатынасын реттеу үшін дүниетанымдық мақсатта, бұл бейнелерді пайдалануға 
бағытталған – іс-әрекет пен қабылдаудың таным операциясы жүйесі ретінде қарастыру 
қажет. 
«Дүниетанымдық іс-әрекеттің» қызығушылығы жеке тұлғаның саналы түрде 
өмірге, дүниеге деген өзінің қатынасын құру қажеттілік талаптары және оның эмпирикалық 
немесе эмоциональдық негіздегі ғана емес тәртібі, бірақ ғылыми дүниетаным мазмұнына
сүйенуі болып табылады.
Әлеуметтік бағдарлаудың әдісі танымдық әрекеттердің жалпылау жиынтығы деп 
түсіну қажет, нақты қоғамдық оқиғаларға, құбылыстарға қалай қарау керек екені жайлы 
мәселердің шешімін қалай орындау жолдары? Егер ол пайдалы болса, оны мәнді деп
ойлауға бола ма және егер «иә» десеңіз оны қандай мақсатта, қалай пайдалану керек және 
егер ол зиянды болса қалай жоюға болады? 
Дүниетанымның негізгі қызметтері: ақпаратты-бейнелі, бағдарлы-реттеуші және 
бағалау болып табылады (И.Ф.Харламов) 
Дүниетанымның ақпаратты-бейнелі қызметтері қоршаған ортадағы оқиғалар мен 
құбылыстарды қабылдау тәсіліне және оның адам санасында бейнеленуіне байланысты. 
Дүниетаным призма рөлін атқарады, яғни барлық сыртқы әсерлер сыну арқылы өтеді. 
Дүниетанымның бағдарлы-реттеуші қызметі адамның тәртібі мен іс-әрекеті арқылы 
оның санасымен, көзқарасын және сенімін анықтауға байланысты болып келеді. Егер адамда 
сол және одан басқа да дүниетаным қалыптасса, онда ол адамда тұрақты көзқарас пен сенім 
жинақталады, яғни ол олардың іс-әрекеттері мен қылықтарын анықтайды.
Дүниетанымның бағалау қызметі адамды қоршаған орта құбылыстарын, оның өз 
көзқарастары мен сенімдерін бағалаудан шығады немесе басқаша айтқанда өз дүниетанымы 
болады.
Тұтас-психикалық білім ретiнде дүниетаным – күрделi де көп аспектiлi құрылым. 
Оның өзегі – теоретикалық ойлау, жоғары интеллектуалды сезiмдердi бiлдiру, саналы 
мақсатты ерiк-жiгердiң дамыған қабiлеттiлiгiмен үйлесімді көзқарастар мен сенiмдер. 
Көзқарастар – адамның қол жеткізген идеялары, бiлiмдері, теориялық тұжырымдар мен 
болжамдар ретiнде қабылдаулары. Олар табиғат пен қоғам құбылыстарын түсiндiрiп, 
адамныњ мiнез-құлық, іс-әрекет пен қатынастардың бағыт-бағдары қызметiн атқарады.
Жеке тұлғаның дүниетанымы – салыстырмалы түрде кеш келетін құбылыс, ол 
жеткіншек шақта пайда болатын, жалпы тәрбиелік бағыттылық, дүниетаным мен дүниені 
сезіну жүйесі болып табылады. Қазіргі уақытта сенім дүниетанымның өзегі “бастапқы”, 
“элементарлық кереге көзі” болып табылады деген ережені терең негіздеу деп санауға 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет