3. Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс тезистері 1-модуль. Педагогикалық мамандыққа кіріспе



Pdf көрінісі
бет28/45
Дата01.04.2024
өлшемі1.02 Mb.
#497168
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45
daris

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
әдістері, құралдары, нәтижесі (өнімі). Соңғы уақытта негізгі дидактикалық категориялардың 
мәртебесі дидактикалық жүйелер мен оқыту технологиялары ұғымдарын меңгеруді талап 
етеді.
Оқыту қағидалары оқыту үрдісінің заңдылықтарынан туындайды, олар көпжылдық 
тәжірибені қорытып талдауды көрсетеді және қазіргі мектеп жағдайында оқыту үрдісінің 
өзіндік ерекшеліктерін ескереді. Қағида – бұл педагогтың өзінің практикалық іс-әрекеті мен 
мінез-құлқында басшылыққа алатын бастапқы, алғашқы ережесі. Демек, қағида 
заңдылықтардан тұлғаға тәуелділігімен ажыратылады: оны қабылдайды немесе 
қабылдамайды. Заңдылықтар тұлғаның еркіне тәуелсіз көрінеді: ол іс-әрекетті 
ұйымдастыруда ескеріледі. Оқыту қағидалары – бұл оқытудың мазмұнына, ұйымдастыруға 
және әдісіне қойылатын талаптар жүйесін анықтайтын негізгі ережелер. Оқыту үрдісін 
құрылымдауда оқыту қағидасына нақты сүйенетіндіктен, олардың әрқайсысын нақтырақ 
сипаттаймыз.
1) Оқытудағы саналылық, белсенділік және дербестік қағидалары біліалушылардың 
сабақтың мақсаты мен міндеттеріне, оның практикалық маңызына жауапкершілігін жете 
ұғынуы; білімалушылардың танымдық белсенділігін артыратын тиімді әдістер, тәсілдер, 
техникалық оқыту құралдары (ТСО) және басқа да көрнекілік құралдары, қазіргі әдістеме 
және әсіресе оқыту тәсілдері арқылы ынталандырады; оқу материалын зерттеу және оны 
практикада пайдалану үрдісіндегі ынтаның, шығармашылықтың көрінуіне мүмкіндік береді.
2) Көрнекілік қағидасы көрнекілікті сабақтың мақсаты мен мазмұнына жауап беруіне, 
айқын бейнесін көрсетуіне, түсінікті және қол жетімді болуына, педагогикалық 
психологияның талаптарына сәйкес келуіне, шығармашылықпен және әдістемелік тұрғыдан 
дұрыс қолдануға бағдарлайды.
3) Жүйелілік, бірізділік және кешенділік қағидасы: оқу пәнінен білім жүйесін беруді; 
жаңа білімді алдыңғы меңгерілген біліммен байланыстыруды; оқыту үрдісін ұйымдастыру 
мен нәтижесін жүйелі әрі әрекетті бақылауды қамтамасыз етуді; оқу сабақтарын айқын 
жопарлауды жүзеге асыруды; оқу материалының логикалық байланысын және орнласуын 
қатаң сақтауды талап етеді.
4) Оқытудың жоғары деңгейдегі қиындықтар қағидасы: білімалаушылардың ақыл-
ой және физикалық (дене) мүмкіндіктерін үнемі ескеруге; меңгерілетін материалдың, оны 
мазмұндау қарқынының (темпінің) олардың шамасына шақ болуына; білімалушылар 
дайындығының бастапқы деңгейіне сүйене отырып, оқу материалын біртіндеп, 
қарапайымнан күрделіге меңгертуге; білімалушыларда оқу әрекетінің нақты қыиндықтарын 
жеңуге саналы көзқарасын тәрбиелеуге бағдарлайды. 
5) 
Меңгерілген білімнің, біліктілік пен дағдының беріктілігі қағидасы: 
білімалушыларға меңгерілетін материалдың маңызын олардың практикалық әрекеті үшін 
түсіндіруді; меңгерілетін материалды және ең алдымен оның негізгі ережелерін берік әрі 
ұзақ сақтау ұстанымын қалыптастыруды; бұрын меңгерілген оқу материалын жүйелі 
ұйымдастырылған қайталауды; оқытылатын материалды меңгеруге жүйелі бақылауды 
енгізуді талап етеді. 
6) Оқытудағы топтық және жекелік тәсіл қағидасы: баланы келісілген 
үйлестірілген бірлескен әрекеттестікте оқыту; топта жағымды психологиялық ахуалда 
оқытуды қалыптастыруды ұсынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет