8
Сурет 1.1 Канатты жүк көтеру аспаптарының түрлері
Сурет 1.2 Тоқылған жүк көтергіш аспаптардың түрлері
Монтаждауда тұрақты жүк көтергіш тетіктерді, көпірлік крандарды,
кран ˗ балкаларды, тельферлі монорельстерді және т.б.қолданады.
Көпірлі ілінетін кран (сурет 1.3)
заманауи жабдық, қолайлы
болғандықтан және жоғары темпті өнімділігіне байланысты соңғы кездері
кеңінен пайдаланылуда.
Сурет 1.3. Көпірлі ілінетін кран
9
Электрлік көпірлі ілінетін кранды басқару тәсілі өзектендірілген, радио
басқару арқылы жұмыс кезінде еркін қозғалыста болады. Кранның көпірі екі
балкадан тұрады. Балкалары екі вертикальды
қабырғасы бар жоғарғы және
төменгі көлденең белдікті коробкалы қимадан тұрады. Балканың жоғарғы
белдігінде арбаның астынан рельс бекітілген,
ұштарында арбаның соңына
дейін шектелген тіреуіштер орналасқан. Көпірлі ілінетін краннан басқа
лебедкалар, блоктар, домкраттар, үш
аяқтылар, тұғырлар, жүк көтеру
тетіктері мен монтаждау бекіткіш аспаптарын жүкті көтеру салмағына қарай
таңдайды. Ең қарапайым жүк көтергіш
бекіткіш аспаптардың бірі
мачталарды жабдықты монтаждауда қолданады.
Жүкті іліп алуды құрастырылған іліп алу сызбасына сәйкес арнайы
оқытылған жұмысшылар бригадасы орындайды. Жүк іліп алуда инвентарлық
ілгіштер, жүк көтеру көтерілетін жүктің салмағына байланысты
қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: