М. К. Молдакулова, Т. В. Бедыч


 Жөндеуді диагностикалауға арналған бақылау - өлшеу



Pdf көрінісі
бет9/73
Дата02.04.2024
өлшемі2.83 Mb.
#497358
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   73
1.Жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды жөндеу, реттеу және сынақтан өтк

1.5. Жөндеуді диагностикалауға арналған бақылау - өлшеу 
құралдары мен стендтері 
Жабдықты жасау, пайдалану және жөндеудің барлық кезеңдеріндегі 
диагностикалау жабдықтың жағдайын бақылау арқылы бірізділіігін 
қарастырады. Әр кезеңде нақты бір бірімен байланысқан алғашқы кезең 
соңғы кезеңнің негізі болып табылады. 
Техникалық диагностикалаудың міндеті зауытта немесе жөндеу 
өндірістерінде жабдықтар мен агрегаттар, машиналардың жинақталуын және 
сынақтан сапалы өткізілуін стендттерде диагностикалық параметрдің 
номинальды мәні бойынша сапалылығын көрсету. 
Өндірісте экспериментальды жұмыстар мен реттеуді өткізу үшін 
бақылау өлшеу аспаптары мен стендтер кеңінен қолданылады. Аспаптар 
паркіне қызмет көрсету және орнықтыру, қажетті өлшем дәлдігімен 
минималды шығынмен сатып алу эксперименттің техникалық шарттары 
арқылы аспаптар мен стендтердің саны мен типі анықталады. Аспаптар 
жақсы жұмыс істеуі керек және тиісті тексерілген сертификаттары болуы 


18 
керек. Аспаптарды тексерудің тәртібі мен мерзімдері тиісті нұсқаулықтарда 
белгіленеді. 
Электронды манометр (сурет 1.14). Манометр қысым параметрлерін 
өлшеуге және көруге мүмкіндік береді. Дисплейде өлшенген мәндердің 
нақты көрсетілуі қамтамасыз етіледі. 
Сурет 1.14. Электронды манометр 
Бергіш өлшем туралы ақпарат алу үшін қолданылады. Бергіштің 
әртүрлі түрлері бар (сурет 1.15 а, b). Гидравликалық жүйеге енгізілген 
бергіштің ерекшелігі мен артықшылығы - қымбат тұратын жүйенің жұмысын 
тоқтатпай, жұмыс сұйықтығының көрсеткішін дәл және тез өлшемді 
көрсететіндігі (сурет 1.15 б). Бергіш электрондық немесе аналогты бақылау 
құрылғыларымен 
пайдалануға 
арналған 
және 
оларды 
агрессивті 
сұйықтықтармен пайдалануға болады. 
Бергіш электронды және аналогты бақылау аспаптар, немесе оларды 
агрессивті сұйықтықтарды пайдалануға арналған құрал. 
 
а) 
 
б)
Сурет 1.15. Бергіштер түрлері 
 
Сағат типіндегі индикатор (сурет 1.16) абсолютті және қатынасты 
өлшейтін, бөлшектің берілген геометриялық формасынан ауытқуын, өзара 
орналасқан беттерді бақылайтын өлшеуіш аспап. [19] 


19 
Сурет 1.16. Сағат типті индикатор
Штангенциркуль ШЦ˗2 (сурет 1.17) сыртқы және ішкі өлшемдерді, 
слесарлық белгілеулерді астыңғы және төменгі ернеуімен тексеруге арналған 
аспап. [1, 19] 
 
 
Сурет 1.17. Штангенциркуль ШЦ-2 
Өлшеуіш қысқышы (сурет 1.18) жұқа металл тіліктердің әртүрлі 
қалыңдықтағы өлшемін енгізіп өте жақын ара қашықтықты өлшеуге арналған 
аспап (тілік қалыңдығы). Өлшеуіш тесікке тіліктер жиынтығы келесі 
өлшемге дейін тесікке кіргізіле береді.[19] 


20 
 
Сурет 1.18. Өлшеуіш қысқыш 
 
Тораптар мен тетіктерді диагностикалау және бақылау арқылы 
тексеріледі. Тораптар мен агрегаттарды жөндеуде қолданылатын жабдық – 
стендтер. Мысалы, сандық бағдарламамен басқарылатын станоктың ЭЕМ 
«Электроника НЦ-31» микробазасы станок жөндеуде сапалылығын және 
жұмысқа жарамдылығын басқару пульті арқылы, процессор, оперативті есте 
сақтау құрылғысы, магистраль мен таймер адаптері, электр автоматикасының 
контроллері, өлшемді түрлендіргіш контроллері мен жетек контроллері 
арқылы стендте тексеріледі.(сурет 1.19). 
Сурет 1.19. Сандық бағдарламамен басқарылатын станокты тексеретін 
стенд 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет