Масимова хуршидам ташболатовна


 Педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу



Pdf көрінісі
бет25/68
Дата05.04.2024
өлшемі4.3 Mb.
#497779
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   68
жетісітк бағалау

1.3 Педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс-әрекетін дамытудың әдіснамалық тұғырлары
Қоғам өмірінде жүз беретін кез келген өзгеріс білім беру жүйесіне өз әсерін 
тигізеді. Біз алдыңғы тарауларда айтып өткендей, оқыту үдерісіне оқушылардың 
оқу жетістіктерін критериалды бағалау технологиясының енгізілуі білім беру 
саласы соның ішінде педагогтерді даярлау, қайта даярлау бағыттарының 


79 
өзгеруіне түрткі болды. Бұл өзгерістер педагогикадағы әдіснамалық негіздерді 
қайта қарауды талап етті. Білім беру жүйесіне байланысты барлық негізгі 
бағыттарды анықтау оның әдіснамалық тұғырларын нақтылау арқылы жүзеге 
асады.
Біздің зерттеу мақсатымызға сәйкес, педагогтердің біліктіліукті арттыру 
жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс - әрекетін дамытудың 
әдіснамалық тұғырларын анықтау өзекті саналады.Себебі, ғылыми зерттеу 
жұмысын ұйымдастырудің маңызды міндеттерінің бірі ол – зерттеу негізін 
құрайтын әдіснамалық тұғырларды анықтап алу. 
Философиялық энциклопедиялық сөздікте әдіснама (грек тілінен 
аударғанда methodos – зерттеу жолы, таным, ілім, білім; logos – сөз, түсінік) 
қағидалар жүйесі және тәжірибелік теориялық іс-әрекетті ұйымдастыру және 
құру тәсілдері, ғылыми таным әдістері туралы оқу; қандай да бір ғылымда 
қолданатын әдістердің жиынтығы дегенді білдіреді делінген [211]. Әдіснаманың 
негізіне белгілі бір білімдер (ұғымдар, заңдылықтар) жүйесі жатады.
Әдіснаманың 
шынайылығы 
оның 
негізінде 
жатқан 
теорияның 
ақиқаттығына байланысты.Ғылыми әдіснама дұрыс құрылған теорияға 
негізделсе, зерттеу барысында қателіктер болмауы тиіс. Жалпы алғанда, 
әдіснама танудың елеулі қызметін атқарады, оның ішінде белгілі білім 
саласының дамуының, әсіресе, әлеуметтік ғылымдардың әртүрлі саласына 
қатысты қызметін атқарады.Оның бұл қызметтерін жүйе ұйымдастырушылық, 
түсіндірме-бағалаушылық, жобалаушылық ретінде анықтауға болады. 
А.И Новиков және В.И Загвязинскийдің пікірінше педагогика әдіснамасы – 
педагогика теориясының әдістері мен тұғырларын және оның жалпы 
принциптерінғана емес, сондай-ақ, мазмұнның жаңартылуы, дамыту 
тәжірибелерін айқындауды сипаттайды.Яғни,білім беру жүйесінің өзгеруі, 
жаңартылуы, дамыту бойынша іс-әрекеттер, қалыпсыз жағдаяттарда педагог іс - 
әрекетінің бағыттаушысы - білім беру әдіснамасы болды [212;3]7 Білім беру 
және педагогика әдіснамасы мазмұндық аспектте білім беру жүйесінің даму 
бағыттарын болжайды, оқыту үдерісін ұйымдастыру, жобалауды жүзеге асыруға 
мүмкіндік береді. 
Педагогикада «тұғыр» түсінігі оқыту және тәрбиелеудің стратегиясын 
анықтайтын принциптер жиынтығы ретінде түсіндіріледі.Осы орайда, әр бір 
принцип оқыту үдерісінде кездесетін нақты қарама – қайшылықтарды шешу 
жолдарын реттеу,басқару болып табылады. Тұғыр – белгілі бір бағыттағы 
мәселені шешудің негізі болған идея, принцип, әдістердің бірлігін түсіндіру 
мақсатында қолданылады. 
Осы орайда, тұғыр жаңа идеяны ашуға мүмкіндік беретін әлеуметтік- 
экономикалық, философиялық, психологиялық - педагогикалық алғышарттары, 
мақсаттары, принциптері, мақсатқа жету кезеңдері. Яғни мәселені шешудің 
әдіснамасы.
Н.Д Хмельдің «тұғыр» ұғымына берген анықтамасына сүйенсек, 
әдіснамалық тұғыр – теорияның негізгі ережелеріне негізделген және зерттеу 
пәніне қатысты іздеу бағыттарын анықтайды [213]. 


80 
Е.В Ушаковтің пікірінше тұғыр - нақты әдіснамалық ұйғарымдардың 
теориялық негіздемесі болып табылады. Ғалым әдіс пен тұғырды салыстырып, 
олардың үш ерекшелігін атап көрсетеді: 
1.Тұғыр – рәсімделу деңгейі төмен әдіснамалық білім, ғылыми мәселені 
нақты әдістің көмегі мен шешуге мүмкін болмағанда қолданылады,ғылым 
мәселені шешу амалынғана іздейді. 
2.Тұғыр – директивтілігі төмен әдіснамалық білім, ол мәселені шешудің 
басқа амалдарын және альтернативті амалдарын болжайды.Яғни мәселені шешу 
үшін альтернативті тұғырларды қолданады. 
3.Тұғыр – кең мағынадағы әдіснамалық білім болып,өз құрамына тұғырдың 
ядросы саналатын әдістер жиынтығын топтастырады. Әдістерден бөлек 
теориялық тезистер, түсініктер, принциптерді қамтиді [214;13]7 
Бұл орайда, әдіснамалық тұғырдың екі ерекшелігін атап көрсетуге 
болады:концептуалды теориялық бөлім және технологиялық бөлім оны жүзеге 
асыру моделінің қуралы ретінде. 
Э.Г Юдин әдіснамалық тұғырды зерттеудің жалпы стратегиясын 
басқаратын түсінік немесе принцип, нысанды анықтау қуралы, зерттеудің 
әдіснамалық бағдары ретінде сипаттайды [215;60]7 
Әдіснамалық 
тұғырлардың 
мәнін 
ашуда 
отандық 
ғалымдардан 
Ш.Таубаеваның [216;124] ғылыми көз қарастарын атап өту орынды.Ғалым 
заманауи білім беру парадигмасы аясында ғылыми зерттеулерде көп қолданысқа 
ие болған жүйелілік, парадигмалық, синергетикалық, инновациялық, 
құзыреттілік және квалиметриялық тұғырларды атап көрсетеді. Ғалымның 
тұжырымы бойынша тұғыр дегеніміз – қойылған зерттеу міндеттемелерін 
шешудің негізгі жолы, ол осы шешімдердің бағыты мен стратегиясын ашады. 
Біздің зерттеу жұмысымыздың әдіснамалық негіздерін «баға», «бағалау», 
«критериалды бағалау», «бағалау іс - әрекеті» ұғымдарының мәнін ашатын
жалпы диалектикалық заңдылықтар, философиялық, педагогикалық және 
психологиялық зерттеулер құрайды.Сондықтан, біз зерттеу жұмысымыздың 
мақсатына сәйкес педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың 
оқу жетістіктерін бағалау іс - әрекетін дамытуды әдіснамалық тұғыр тұрғысынан 
зерттеп, талдап, өз зерттеуімізге негіз болған тұғырларға тоқталуды жөн көрдік. 
Жоғарыда аталған ғалымдардың ғылыми көз қарастарына сүйене отырып, 
біз педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс - әрекетін дамытудың әдіснамалық тұғырларын 
жүйелілік – іс - әрекеттік, аксиологиялық, акмеологиялық, синергетикалық деп 
жіктедік.Оны келесі сызбадан көруге болады: 


81 
Сурет 14 - Педагогтердің біліктілікті арттыру жағдайында оқушылардың оқу 
жетістіктерін бағалау іс - әрекетін дамытудың әдіснамалық тұғырлары 
Зерттеуіміздің негізгі мәселесін шешу мақсатында таңдап алынған тұғырлар 
бір – бірімен байланысты болып келеді және педагогтердің біліктілікті арттыру 
жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау іс - әрекетін дамытуға
ықпал етеді. 
Енді зерттеу жұмысымыздың негізі болған тұғырлардың сипаттамалары 
және олардың біздің зерттеуіміздегі мәселелерді шешудегі рөліне тоқталайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет