168
жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1150 — 5320 = 320000 3 типті операция
А (+) П (+)
Материалдық қорлар мен қысқа мерзімді дебиторлық
берешектердің көбеюі
а) Жеткізушілерден. Жеткізушілермен есеп айырысу № 3310
«Жеткізушілерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» пассивті
шотында бейнеленеді. Активтер жеткізушілерден келгендіктен,
шаруашылық операция № 1310–1315, 1317, 1330 шоттардың дебетіне
№ 3310 шоттың кредитінен жасалады. Жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1310–1315
1317 3310
Шот-фактура
1330
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында пассивті
шот орналасқан. Демек, баланстың активі мен пассивінде көбею
жағына өзгерістер болатын 3 типті «Активті-пассивті» операция
орын алады.
Бір жағынан материалдық қорлар, ал екінші жағынан бір мезгілде
жеткізушіге кредиторлық қарыз көбейеді.
Бұл жағдай жазудың
дұрыс жасалғанын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорын жеткізушіден 2005 жылы наурыз
айының 29 жұлдызындағы № 49 шот-фактура бойынша 600000 теңге
сомаға материалдар (тауарлар) алды. Бұл жағдайда бухгалтерлік
жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1310, 1330 — 3310 = 600000 3 типті операция
А (+) П (+)
Ескерту: аяқталмаған өндіріс жеткізушіден келуі мүмкін емес
(өйткені, ол аяқталмаған элемент болып табылады), ол
негізгі
169
өндірістен келеді.
ә) Материалдық қорлар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім субъек-
тінің өзімен жасалады.
Материалдық келу көздері: есепті сомалар, ақша қаражаттары,
өзара есеп айырысулар,
еңбекақы, кредиторлық қарыз, калькуля-
циялық шығындар болуы мүмкін. Демек, шаруашылық операцияның
жазылуы төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1310—1315 (1010, 1250, 3350, 3390, 8010) жүкқұжаттар,
1317
еңбекақы бойынша есеп
айырысу, калькуляциялар
Аяқталмаған өндірістің, дайын өнімнің келу көздері: негізгі және
көмекші өндірістер. Демек, шаруашылық операцияның жазылуы
төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1340 8020—8030 Аяқталмаған
өндірісті шығыс ету
есептері
1320 8010—8030 Техникалық бақылау бөлімінің
қабылдау актісі
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында активті
және пассивті шоттар орналасқан. Активті шот (№ 1040, 1250, 8010
және т.б.) орналасқан кезде баланстың активінде тек қана өзгерістер
болатын 1 типті «Активті-активті»
операция орын алады, яғни
ресурстар материалдық қорларға айналады.
Пассивті шот (№ 3320, 3350, 3390 және т.б.) орналасқан кезде
баланстың активі мен пассивінде көбею жағына өзгеріс болатын 3
типті «Активті-пассивті» операция орын алады, яғни материалдық
қорлардың көлемімен қатар бір мезгілде кредиторлық қарыздар
көбейеді. Бұл жағдай, жазудың дұрыстығын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: