180
қарыздары көбейеді, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада оның
ақша қаражаттарының мөлшері кемиді.
Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз:
1) кәсіпорын директорының Астанаға іссапар-
мен барып қайтуына 2005 жылы маусым айының 16 жұлдызындағы
№ 1138 шығыс кассалық ордеріне сәйкес, іссапар шығыстарына 34000
теңге мөлшерде қолма-қол ақша берілді. Бұл жағдайда бухгалтерлік
жазу төмендегіше болады:
Дт Кт
Сома Ескерту
1250 — 1010 = 34000 1 типті операция
А (+) А (-)
б) Еңбекақыны қолма-қол ақшамен төлеу. Бұл есептер № 3350
«Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек»
пассивті шо-
тында бейнеленеді. Активтер еңбекақыға шығыс етілетіндіктен,
ақша қаражаттары кредиттік жағында орналасады және шаруашы-
лық операцияның жазуы жоғарыда
көрсетілген шоттың дебетіне
жасалады. Проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
3350 — 1010
Есептеу-төлеу ведомосы
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана
пассивті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 3350) баланстың активі
мен пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-активті»
операция орын
алады. Бір жағынан еңбекақы бойынша кредиторлық қарыздар
жабылады, ал екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға кәсіпорынның
ақша қаражаттары шығыс етіледі. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын
білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: