Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет109/162
Дата08.04.2024
өлшемі2.74 Mb.
#497964
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   162
Бухгалтерлік есеп 4

Мысалдар келтіреміз: 1) жаңа өндірістерді дайындау, сондай-ақ 
жаңа агрегаттарды орнату үшін 2005 жылы маусым айындағы жұмыс 
жүргізушінің материалдық есебіне сәйкес, 800000 теңге сомада 
құрылыс материалдары жұмсалды. Бұл жағдайда бухгалтерлік 
жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту


177
1630 — 1317 = 800000 1 типті операция
А (+) А (-)
2) 2005 жылы I-тоқсанда кен орнындағы кен-дайындау жұмыста-
рын жүргізу үшін 2005 жылы наурыз айының 26 жұлдызындағы 
кен-жүргізу бригадасының жүктеліміне сәйкес, кеншілерге 1900000 
теңге сомада еңбекақы есептелді. 
Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1630 — 3350 = 1900000 3 типті операция 
А (+) П (+)
з) Берілген аванстар бойынша. Олар бойынша есеп айырысу
№ 1610 «Берілген аванстар» активті шотында бейнеленеді. Олардың 
келіп шығу көздері ақша қаражаттары болғандықтан, шаруашылық 
операциялардың жазылуы № 1610 активті шоттың дебетіне № 1040, 
1050, 1070 шоттардың кредитінен жасалады.
Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1610 1040, 1050, 1070 Төлем тапсырмалары 
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында активті 
шоттар орналасқан. Демек, бұл жағдайда 1 типті «Активті-активті» 
операция орын алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер 
болады (бір жағынан берілген аванстар бойынша дебиторлық 
қарыздар көбейеді, ал екінші жағынан сол сомаға кәсіпорынның 
ақша қаражаттары шығыс етіледі). 
Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорында тауар-материалдық ресурстарды 
жеткізіп беру үшін 2005 жылы шілде айының 26 жұлдызындағы 
№ 832 төлем тапсырмасына сәйкес, 2400000 теңге сомада аванс 
аударылды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту


178
1630 — 1040 = 2400000 1 типті операция 
А (+) А (-) 
Біз қысқа мерзімді активтердің көбеюін (келуін) қарадық.
Енді қысқа мерзімді активтердің кему (шығыс етілу) жағдайларын 
қараймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет