181
П (-) А (-)
в) Берілген аванстар. Бұл есептер № 1610 «Берілген қысқа
мерзімді аванстар» активті шоттарында бейнеленеді. Активтер осы
активті
шоттарға шығыс етілетіндіктен, ақша қаражаттары кре-
диттік жағында орналасады және шаруашылық операцияның жазуы
жоғарыда көрсетілген шоттардың дебетіне жасалады. Проводка тө-
мендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1610 — 1010, 1040
Келісім шарттар,
төлем тапсырмалары,
шығыс кассалық ордерлер
Жазудың дұрыстығын тексереміз:
дебеттік жағында тек қана
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда (№ 1610) 1 типті «Активті-
активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде тек қана
өзгерістер болады. Бір жағынан кәсіпорынның берілген аванстар
бойынша дебиторлық қарыздары көбейеді,
екінші жағынан бір
мезгілде сол сомада оның ақша қаражаттарының мөлшері кемиді.
Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз:
келісім шарттар бойынша жеткізіп берушіге
2005 жылы шілде айының 26 жұлдызындағы № 832 төлем
тапсырмасына сәйкес 2400000 теңге сомада материалдар жеткізіп
беру үшін аванс аударылды (берілді).
Бұл жағдайда бухгалтерлік
жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1610 — 1040 = 2400000 1 типті операция
А (+) А (-)
г) Жеткізушілермен есеп айырысу. Бұл есептер № 3310 «Жеткі-
зушілерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» пассивті шотында
бейнеленеді. Активтер жеткізіп
берушілердің заттары немесе
қызметтерін төлеуге шығыс етілетіндіктен, ақша қаражаттары
кредиттік жағында орналасады
және шаруашылық операцияның
жазуы жоғарыда көрсетілген шоттың дебетіне жасалады. Проводка
төмендегіше болады:
182
Дт Кт Құжаттар
3310 — 1040 Төлем тапсырмалары
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана
пассивті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 3310) баланстың активі
мен пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-активті»
операция орын
алады. Бір жағынан жеткізіп берушілерге кредиторлық қарыздар
жабылады, ал екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға кәсіпорынның
ақша қаражаттары шығыс етіледі. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын
білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: