4
АНЫҚТАМАЛАР
Бұл диссертациялық жұмыста келесі терминдерге
сәйкес анықтамалар
қолданылған:
Ой - сыртқы дүниені бейнелеудік ең жоғары формасы
Тіл - сыртқы әрекеттердің құрылымына сәйкес келетін ішкі әрекеттердің
ерекше формасы.
Таным –көз таныс, үйреншікті, белгілі, таныс.
Логика – адам ойлауын өзінің нысаны ретінде қарастыратын ғылым.
Логика-ойлауды
оның қызметі мен құрылымын, оны құрайтын элементтерді,
яғни түрлі
қалыптары, сондай-ақ, олардың
арасындағы байланыстар мен
қатынастар тұрғысынан қарастырады.
Даму – мәңгі, қажетті қозғалыс, уақыттағы өзгеріс
Дамыту – алдыңғыдан кейінгінің, алғы сөзден кейінгі сөздің, алдыңғы ой-
пікірден соңғы дебіздің, әдепкі құбылыстан екінші құбылыстың екпін қуатының
күшейіп, өсіп отыруы.
Дамыта оқыту – шынайы өмірдегі, болмыстағы дамудың заңдылықтарын
негіз етіп алатын үдеріс.
Дамыта оқыту – ақыл - ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай,
қорытындылай алу дағдысы.
Ойлаудың сөздік-логикалық түрі – тілдік негізде жүзеге
асырылатын
ұғымдарды, логикалық құрылымдарды қолданатын ойлаудың негізгі түрлерінің
бірі деп танылады.
Ойлаудың көрнекі-әрекеттік деп аталатын түрі
адам алдына қойылған
міндетті шешу берілген жағдайды нақты түрде қайта өзгерту көмегімен жүзеге
асырылуымен байланысты танылады.
Оқыту жүйелілігі – оқу материалы мазмұнының зерттелетін ғылымның
ішкі логикасына, сонымен бірге оқушылардың
жас ерекшеліктері мен
психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келуін талап ететін дидактикалық
қағида.
Ойлау – сыртқы дүние заттары
мен құбылыстарының байланыс-
қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде бейнеленуі.
Достарыңызбен бөлісу: