Онтуганова шынар шералиевна



Pdf көрінісі
бет9/94
Дата13.04.2024
өлшемі6.99 Mb.
#498564
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   94
11.04.2023.disser

Зepттeу бaзacы: тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар Түркістан 
облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Кентау қаласының адами 
әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта 
мектебі» КММ және Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту 
басқармасының Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты
«Ататүрік атындағы №4 мектеп лицейі» КММ базасында жүргізілді. 
Эксперименттік-тәжірибелік жұмыстарға 30 бастауыш сынып мұғалімі және 3-
ші сынып оқушыларынан 150 оқушы қатысты. Оның 76 оқушысы эксперимент 
тобы және 74 оқушысы бақылау тобы ретінде алынды. 
Зерттеу жұмысының кезеңдері 
Бірінші кезең (2018-2019 жж.) – теориялық-әдіснамалық зерттеу 
жұмыстары. Логикалық амал-тәсілдер арқылы бастауыш мектеп оқушыларының 
ойы мен тілін дамыта оқыту бойынша материалдар жинақталып, философиялық, 
педагогикалық, психологиялық еңбектер және бастауыш мектептің оқу 
бағдарламалары мен оқу құралдарына талдау жасалынды. Зерттеу тақырыбына 
сәйкес отандық және шетел ғалымдарының еңбектерімен таныса келе, зерттеудің 
ғылыми аппараты түзілді. Логикалық амал-тәсілдер арқылы бастауыш мектеп 
оқушыларының ойы мен тілін дамыта оқытудың теориялық-әдіснамалық 
негіздері айқындалды. 
Екінші кезеңде (2019-2020 жж.) - тәжірибелік-эксперименттің анықтау 
кезеңі жүргізілді. Зерттеу жұмысының өзегі етіп алынатын негізгі мақсаттар 
сараланды; бастауыш мектеп оқушыларының ойы мен тілін дамыта оқытуда 
қолданылатын логикалық амал-тәсілдер жүйеленіп, оның әдістемелік жүйесі мен 


12 
құрылымдық-мазмұндық моделі әзірленіп, сәйкес компоненттері, өлшемдері, 
көрсеткіштері мен деңгейлері түзілді. Логикалық амал-тәсілдер арқылы 
бастауыш мектеп оқушыларының ойы мен тілін дамыта оқытудың 
диагностикасы жүргізілді. Оқу жылының екінші жарты жылдығында 
қалыптастыру кезеңінің материалдары тәжірибеден өтті. Дамудың әр кезеңіне 
сәйкес логикалық амал-тәсілдерді қолданудағы талаптар анықталды және оқу-
әдістемелік кешендер: «Бастауыш мектеп оқушыларының ойы мен тілін дамыта 
оқыту» атты 24 сағатқа арналған ғылыми-әдістемелік семинарының 
бағдарламасы (бастауыш мектеп мұғалімдеріне арналған), бастауыш мектептің 
3-ші 
сынып оқушыларына арналған «Логикалық сауаттылық» атты 
факультативтік курс бағдарламасы және «Логикалық амал-тәсілдер арқылы 
бастауыш мектеп оқушыларының ойы мен тілін дамыта оқытудың негіздері» 
атты оқу-әдістемелік құрал әзірленді және қалыптастырушы кезеңнің 
материалдары түрінде сынақтан өткізілді. 
Үшінші кезеңде (2020-2021 жж.) – қалыптастыру кезеңі жалғасты, оның 
тиімділігі дәлелденді. Зерттеу нәтижелері жинақталып қорытындыланды. 
Қалыптастырушы және бақылау кезеңдерінің нәтижелеріне жан-жақты талдау 
жасалып, зерттеу міндеттерін шешудегі негізгі нәтижелер ғылыми-теориялық 
тұрғыда негізделді. Зерттеу жұмысының нәтижелері тұжырымдалып, ғылыми-
әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар әзірленді. Диссертациялық жұмыстың 
материалдарының дайындалуы мен жариялануы, рәсімделуі жүзеге асты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет