Онтуганова шынар шералиевна



Pdf көрінісі
бет14/94
Дата13.04.2024
өлшемі6.99 Mb.
#498564
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   94
11.04.2023.disser

қабілеті деп есептеледі. Таным тіршілік үшін күресте ортаға бейімделу 
жағдайында адамның ерекше қасиеттерінің бірі бола алады. Екіншіден, таным 
білім алудың шығармашылық үдерісін түсіндіруі мүмкін. Мұндағы түсінік 
тұрғысында таным – жеке тұлға мен жалпы адамзат деңгейінде жүзеге 
асырылатын мәдени іс-шараның бір түрі. Үшіншіден, таным біліммен теңдесе 
алады. Бұл жағдайда адамның ерекше қайраткерлігі мен оның нәтижесі бір-
бірімен теңдеседі [6,б. 26]. Осы ретте адамның тұлғаға айналуы ақыл-ойы 
арқылы жүзеге асады. 
Жалпы «ақыл» деген ұғымның ана тілімізде бірнеше түрлі мағынасы бар. 
Алайда, олардың бәрі де тиісті мәселелерді іскерлікпен, ептілікпен шешу деген 
мағынаны білдіреді. Ой – белгілі бір мәселені шешу кезіндегі үдеріс болатын 
болса, ал ақыл – сол ойдың жемісі. Демек, «ойлау» өз бастауын өзінің 
категорияларының бірі болып саналатын ақыл-ой түсінігінен алады. 
Сондай-ақ, ақыл-ойды сезімнен жоғары қойған грек философиясының 
көрнекті өкілдерінің бірі Демокритті (б.д.д. шамамен 460-370) атауға болады. Ол 
сезім мүшелері бойынша берілген білім көлемінде тоқтап қалуға болмайды, 
толық білім ақыл-ой арқылы қалыптасады деп есептейді. Әрбір адамның дара 
дамуы ақылдың нәтижесі деген. Оның ілімінің тағы бір ерекшелігі, сезім 
мүшелері қабылдаған түйсіктер күңгірт, көмескі білім берсе, ақыл-ой осы сезім 
мүшелері қабылдаған түйсіктерді сараптау арқылы заттар мен құбылыстардың 


20 
ішкі сырын, мән-жайын, себебін ашып, ақиқатқа жеткізетіндігін көрсетеді. 
Философтың бұл пікірінен, адамзатқа сезім мүшелері арқылы таныған 
дүниесінің толық білім бермейтінін түсінеміз. Сондықтан да оқушылардың 
ақыл-ойын қалыптастыру алғашқы орынға шығады. Ақыл-ой тәрбиесін бірінші 
кезекке қойған грек ойшылы Демокрит адам алдымен ақылын, ойлау жүйесін 
жетілдіру керектігін, екіншіден, оны іс жүзіне асыруы шарт, сонда ғана жеке 
тұлға толысады, айнала ортамен қарым-қатынас жасай алатындығын айтады. 
Демокрит іліміндегі «Бой жеткен жерге ой жетеді» деген өсиеті даналықтың 
алғы шарты болса керек.
Ақыл-ойды дамыту идеясы өз заманындағы натурфилософияның негізін 
салушылардың бірі Сократтың да (б.д.д. 469-399) қызығушылығын тудырды. 
Сократ: «...ақыл мен ой рахымшылық, мейірімділік, білімде, даналықты, 
жақсылықты түсінгенде ғана мейірімді бола алады, ол ақиқат-шындық, таза 
болмыс, адам ақылының алғы шарты» деп, өз кезеңі үшін ақыл-ойды дамытуды 
уағыздады.
Философ Анаксагордың да еңбектеріндегі аса бір мәңгі өлмес теориясы – ол 
ақыл-ой туралы. Анаксагор: «...әлемнің бөлшектері мен оның біртұтастығы, 
олардың арасындағы байланыс ғарыштағы қозғалыста үнемі болып тұрады» 
деп айқындайды. Ал енді осылардың барлығын қозғалысқа келтіретін бөлек бір 
күш бар. Ол күш – ақыл-ой болды. Анаксагордың айтуынша ақылдың екі 
негізгі функциясы бар. Ол – біріншіден, қозғалыстың қайнар көзі. Ол алғашқы 
«итеруді» тудыра отырып, бұрынғы тыныштықта тұрған заттарды қозғалысқа 
алып келеді. Екіншіден, ақыл-ой ғарышты ұйымдастырушы. Сонымен бірге 
ғарыштың айнала қозғалысын тудыра отырып, оның дамуын жөнге келтіреді 
және жан-жақты ұйымдастырады.
Анаксогордың (б.д.д. шамамен 500-428) философиясынан негізгі мәселе – 
ақыл-ойдың жасампаздық рөлін көріп отырмыз. Ендеше, ақылдың өзі жай ғана 
ой емес, оның басты ерекшелігі – жасампаз шығармашылық екендігінде [6, б. 29] 
Ақыл-ой туралы пікірлерге зер салсақ, ойлау жүйесі жетілген адам ғана 
жүйелі пікір айта алатындығын байқауға болады. Ақыл-ойдың, адамгершіліктің 
күшіне сенген Аристотель ілімін жалғастырушы Сократ, сезімнің танымдық 
сатылары (түйсік, қабылдау, бақылау) мен ой формаларында (ұғым, пайым, ой 
тұжырым) біртіндеп, сатылап дамитынын дәлелдеді. Олай болса, бұл 
дәлелдердің біздің зерттеуімізде маңызы зор.
Адамның таным үдерісі өзін қоршаған сыртқы дүниені сезім мүшелері 
арқылы бейнелеп, соның негізінде қалыптастыратын білім мазмұнынан 
басталады. Бұл – сезімдік таным. Адамды сыртқы дүниемен тікелей 
байланыстыратын бұл сезімдік таным шындық дүние жайындағы біліміміздің 
дерек көзі болып табылады. 
Сезімдік таным үш формада жүзеге асырылады: түйсік, қабылдау, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет