Онтуганова шынар шералиевна


Зерттеудің жетекші идеясы



Pdf көрінісі
бет8/94
Дата13.04.2024
өлшемі6.99 Mb.
#498564
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   94
11.04.2023.disser

Зерттеудің жетекші идеясы: логикалық амал-тәсілдерді оқыту үдерісінде 
қолдану арқылы бастауыш мектеп оқушыларының ойы мен тілін дамыта оқыту 
ақыл-ойы мен тілі дамыған, ойлау қабілеттілігіне ие, ойлауда икемділігі бар 
тәуелсіз ойдың иесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. 
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: тұлғаның ойлау іс-
әрекеті қалыптасуы туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық 


11 
ілімдер, тұжырымдамалар, ақыл-ойды сатылап қалыптастыру теориясы 
(П.Я.Гальперин, Н.Ф. Талызына және т.б.), логикалық ойлауды дамыту 
теориялары (Л.С. Выготский, П.П. Блонский, А.Н. Леонтьев, З.А. Зак, Жан 
Пиаже және т.б. ), дамыта оқыту теориясы (Л.В.Занков, Д.Б. Эльконин, В.В. 
Давыдов, Ж.Қараев және т.б.), педагогика мен психологиядағы теориялық 
қағидалар, логикалық амал-тәсілдер арқылы ой мен тілді дамыта оқыту туралы 
ғылыми тұжырымдамалар, оқытудың дидактикалық заңдары мен ұстанымдары, 
әдіснамалық маңызына жүйелілік тұғыр (Н.Д.Хмель, Ш.Т.Таубаева, А.Н. 
Леонтьев, В.П.Беспалько, М.А.Данилов, И.В.Блауберг, В.В.Краевский, 
Г.П.Щедровицкий және т.б.), тұлғалық-бағдарлық тұғыр (А.Н. Леонтьев, С.Л. 
Рубинштейн және т.б), іс-әрекеттік тұғыр (Л.С.Выготский, В.В.Давыдов, 
А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн), субъективтілік тұғыр (К.А. Абульханова-
Славская, В.Н. Дружинин, А.Р. Ерментаева т.б.) басшылыққа алынды. 
Зерттеу әдістері 
- теориялық әдістер: зерттеу мәселесі бойынша философиялық, 
психологиялық, педагогикалық және әдістемелік зерттеулерді, ғылыми-
теориялық әдебиеттерді талдау, жинақтау, контент-талдау, қорытындылау, 
салыстыру, нақтылау, интерпретациялау, модельдеу әдістері пайдаланылды; 
- эмпирикалық әдістер: бақылау, сауалнама жүргізу, сұхбаттасу, 
диагностика, педагогикалық эксперимент, статистикалық алынған нәтижелерді 
математикалық-статистикалық өңдеу, сараптау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет