190
куәландырды. Эксперименттік жұмыс барысында алға қойылған болжам толық
және негізді түрде дәлелденді.
Алайда, бұл зерттеу нәтижелері мен тұжырымдар қарастырылып отырған
мәселенің толық шешімі бола алмайтынын айта кетіп, зерттеу нәтижесі бойынша
мынадай ұсыныстар жасаймыз:
- зерттеу жұмысы нәтижелері оқу-оқыту үдерісінде логика элементтерін оқу
үдерісіне ендіруге байланысты зерттеу жұмыстарында,
болашақ мұғалімдерді
дайындауда және мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарында қолданыс
табуы мүмкін.
- «Логика элементтерін бастауыш білім беруде қолдану» атты ғылыми-
әдістемелік семинардың негізгі мазмұны республикалық деңгейде бастауыш
сынып
мұғалімдерінің
қысқамерзімді
біліктілігін
арттыру
курсына
дайындалатын білім беру бағдарламаларының құрамына енгізілсе;
- «
Логикалық сауаттылық» факультативтік
курс бағдарламасының
мазмұнын бастауыш мектептердің 3-сыныбына өткізуді ұйымдастыру жолға
қойылса;
- ЖОО-дағы бастауыш білім беру бағдарламасы бойынша дайындалған
дипломдық жоба өнімдерінде логикалық амал-тәсілдер арқылы баланың ойы мен
тілін дамыта оқыту мәселесіне байланысты тақырыптар қамтылса;
Зерттеу мәселесі көкейкестілігімен қоса күрделі болғандықтан, оны
толықтай қамтыдық деуге болмайды. Сондықтан
диссертацияда келтірілген
нәтижелер мен қорытындылар қарастырылып отырған мәселені шешудің
алғашқы сатысы деп білеміз.