31 |
тәсілдерін; орфографиялық және грамматикалық нормаларды, пунктуациялық ереже-
лерді біледі;
-
әртүрлі қарым-қатынас салалары мен стильдеріне қатысты мәтіндерді, әртүрлі типтегі,
стильдегі және жанрдағы мәтіндердің мазмұнын, оның ішінде академиялық, ғылыми-тех-
никалық тақырыптарды, цифрлық мәтіндердің мазмұнын; тақырыпты, негізгі ойды,
проблеманы, мақсатты және мақсатты аудиторияға байланысты көркем және көркем
емес мәтіндердің стилистикалық және жанрлық ерекшеліктерін түсінеді;
-
дайындалған және дайындалмаған монологтік және диалогтік қарым-қатынаста, оның
ішінде көпшілік алдында, қойылған мақсаттарға қол жеткізе отырып, әртүрлі қарым-қа-
тынас стратегияларын; тыңдаушыға әсер ету мақсатындағы сөйлеу әдісін қолданады;
олардың стилистикалық саралануын ескеріп, тілдік бірліктердің құрылымы мен қолдану
нормаларын; оқырман алдында тұрған міндеттерге байланысты оқудың әртүрлі стра-
тегияларын сақтайды; ақпарат іздейді, қажетті ақпаратты табады және түрлендіреді;
грамматикалық, орфографиялық, пунктуациялық және стилистикалық нормаларды
сақтайды;
-
сөйлеу тәртібі мен бағалаудың ашық және жасырын түрлерін; мәтіннің жасырын мағы-
насы мен мәтінге енгізілген көркем бейнелеу құралдарының мағынасын; күрделі мәтін-
дердің тілдік, құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін; әртүрлі жанр мен стильдегі
мәтіндердің лингвистикалық, жанрлық және стилистикалық ерекшеліктерін талдайды;
-
өз көзқарасын білдіріп, тыңдаған және оқыған мәтіндегі ақпаратты; қорытынды жасап,
шешу жолдарын ұсынып, проблемалық мәтіннің мазмұнын; мәлімдемені жақсартуға
бағытталған ұсыныстар жасап, тілдік бірліктер мен риторикалық әдістерді қолданудың
сенімділігі, өзектілігі, тиімділігі тұрғысынан ақпаратты бағалайды;
-
әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі, оның ішінде ықпал ететін мәтіндерді (диалог
пен полилог, пікірталастар), сөйлеу жағдайын ескеріп, толық және үзінді мәтіндерді,
оның ішінде цифрлық форматтағы мәтіндерді; өз пікірін дәлелдеп, шығармашылық
және академиялық мәтіндерді құрастырады; әртүрлі дереккөздерден алынған ақпаратты
синтездеп, оны нақты дәлелденген дәйекті хабарлама түрінде ұсынады.
7.6.3.3.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» (Т2) пәні бойынша күтілетін оқу нәтижелері
Жоғары мектепті бітіргеннен кейін оқушы:
-
грамматикалық, лексикалық, синтаксистік ұғымдарды, сөздердің тікелей және бейнелі
мағынасын, сөздердің синонимдік, антонимдік және омонимдік қатарларын, түрлі жанр-
дағы көркем
шығармалардың мазмұнын біледі;
-
оқу-кәсіптік, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени және жоғары мамандандырылған тақы-
рыптар аясындағы арнайы мәтіндердегі сөздер мен терминдердің мағынасын түсінеді;
-
қазақ тілінің грамматикалық құрылымдарын, әдеби түсініктеме беру тәсілдерін, орфо-
графиялық, стилистикалық және пунктуациялық нормаларды ауызша және жазбаша
мәлімдемелерде қолданады; монолог/диалог құру кезінде тыңдаушыға әсер ету мақса-
тында сөйлеу этикетінің нысандарын орынды қолданады;
-
әртүрлі графикалық мәтіндердегі ақпаратты, жанрлық және құрылымдық ерекшеліктері
мен тілдік құралдарын, ғылыми-публицистикалық және публицистикалық стильдегі
мәтіндердің мақсатты аудиториясын талдайды;
-
мәтіндегі (әдеби шығармадағы) негізгі ойды және оны білдіру тәсілдерін, автордың
ұстанымын, шығармада көтерілген әлеуметтік
мәселелерді бағалайды;
-
ауызша және жазбаша мәтін құрады, «пікірталас-монолог», «пікірталас-диалог», «пікір-
талас-полилог» түрінде сенімді және еркін сөйлейді, өз пікірін түрлі нұсқаларда дәлел-
дейді; көтерілген мәселе бойынша өзінің азаматтық ұстанымын жүйелі және логикалық
түрде білдіреді; өз көзқарасын білдіреді; публицистикалық және ғылыми стильдердің
жанрлық және стилистикалық ерекшеліктеріне сәйкес тиісті тілдік құралдарды қолдана
| 32
отырып қысқаша мақала, баспасөз парағын, тезис, реферат, сұхбат, есеп, үндеу хат, блог
жазады; бұқаралық ақпарат құралдарын қолданып, ғылыми-көпшілік және публицисти-
калық стильдер мәтіндерінен негізгі ақпаратты анықтап, қысқаша мәтін құрады.
7.6.3.4.
«Орыс тілі мен әдебиеті» (Т2) пәні бойынша күтілетін оқу нәтижелері
Жоғары мектепті бітіргеннен кейін оқушы:
-
қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және оқу салаларының
лексикалық бірліктерін, грамматикалық нысандарын (жалғаулар, жұрнақтар, сөйлем
құрастыру схемаларын) біледі;
-
мәлімдеменің мәні мен мақсатын анықтап, көлемді хабарламаның негізгі және егжей-тег-
жейлі ақпаратын; әртүрлі жанрлардың, формалар мен стильдердің екі немесе одан да көп
тұтас және тұтас емес мәтіндерден алынған ақпаратты, олардың тақырыбы мен негізгі
ойын, мақсаты мен мақсатты аудиториясын, сөйлеу тәртібі мен бағалаудың ашық және
жасырын нысандарын; көркем шығармалардың/үзінділердің мазмұнын, олардың тақы-
рыбы мен негізгі ойын түсінеді;
-
ақпаратты алу және бағалау үшін әртүрлі оқу стратегияларын, ал дәлелдерді күшейту,
тыңдаушылардың назарын аудару және оларға әсер ету үшін цифрлық медианы; шығар-
машылық жұмыстарды әзірлеп, жариялау үшін технологияларды; ауызша және жазбаша
сөйлеуде алынған
ақпаратты қолдана біледі;
-
инфографика, схема, кесте, графиктер мен диаграммалар деректерін; әртүрлі жанр-
дағы және формадағы мәтіндердің стилистикалық ерекшеліктерін; жанрлық және ком-
позициялық ерекшеліктерді, көркем, бейнелеу құралдарын, көркем шығармалардың
әлеуметтік-тарихи контексін; көркем емес мәтіндердің мазмұнын, олардың мақсаты
мен мақсатты аудиториясын, автордың ұстанымын анықтап, жанрлық және тілдік ерек-
шеліктерді талдайды;
-
тыңдалған мәтінді / ауызша мәлімдемені дәлелдердің өзектілігі мен жеткіліктілігі / назар
аудару тәсілдерін қолдану және мақсат пен мақсатты аудиторияға сәйкестігі, ақпараттың
шынайылығы мен өзектілігі тұрғысынан бағалайды; мәтіннің нысаны мен мазмұнын,
идеяларды білдіруге арналған авторлық тәсілдерді, кейіпкерлердің іс-әрекеттерін; ав-
тордың ұстанымын және көтерілген мәселелерді бағалайды;
-
сенімді және шынайы дәлелдер келтіріп және мақсатты аудиторияны ескере отырып,
жаһандық мәселелер бойынша дәлелді монологтік және диалогтік сөз әзірлейді; үздіксіз
мәтіндердің деректерін талдап, синтездеп, ауызша мәлімдеме жасайды; белгілі бір әлеу-
мет тік рөлді\жағдайды ескеріп, мәселелерді шешуге арналған идеяларды ұсынып, шығар-
машылық мәлімдеме жасайды; әртүрлі жанрлар мен стильдерде жазбаша мәтіндер: ака-
демиялық эссе, бірқатар көркем стильдегі мәтіндер, белгілі бір мақсатта және мақсатты
аудиторияға арналған мәтіндер; тұтас емес мәтіндер; қысқаша немесе егжей-тегжейлі
мазмұндамалар жаза алады.
7.6.3.5.
«Ағылшын тілі» пәні бойынша күтілетін оқу нәтижелері
Жоғары мектепті бітіргеннен кейін оқушы:
-
ауқымды баяндамада жасаушының(–лардың) көзқарасын немесе пікірін, бірқатар күрделі
және дерексіз жалпы және оқу тақырыптары бойынша ауқымды мәтіндердегі автордың
ұстанымын, пікірін немесе
сөйлеу тонын ажырата біледі;
-
ауқымды баяндамаданың негізгі тұстарын, нақты ақпаратты, ұйғарынды мағынаны,
күрделі және дерексіз негізгі ойларды, таныс және бейтаныс көптеген жалпы және оқу
тақырыптарындағы мәтіндердегі нақты ақпарат пен мәліметтерді түсінеді;
-
күрделі және дерексіз тақырыптарды қоса алғанда, әртүрлі жалпы және оқу тақырыпта-
рындағы мәтін деңгейінде құрылымды өз бетінше таңдап, әртүрлі таныс және бейтаныс
жалпы және оқу тақырыптарын талқылау кезінде ресми және бейресми тіл регистрлерін
қолданады;
33 |
-
жалпы және оқу тақырыптарын еркін талқылау барысында келтірілген дәлелдердің
сәйкессіздігін талдап, ажыратады;
-
әртүрлі баяндамаларда басқа адамдардың көзқарастарын бағалайды және оларға түсінік-
теме береді; өз көзқарасын және басқа адамдардың көзқарасын түсіндіреді және негіз-
дейді; таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша әртүрлі жазбаша жанрлар үшін
мысалдар мен негіздемелер келтіріп, дәйекті дәлелдерді
өз бетінше әзірлейді;
-
таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша әртүрлі жанрлардың жазбаша мәтіндерін
әзірлеу барысында әртүрлі мысалдар арқылы логикалық дәлелдер келтіреді.
Достарыңызбен бөлісу: