Білім беру бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



Pdf көрінісі
бет34/58
Дата21.04.2024
өлшемі0.73 Mb.
#499391
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   58
Назарбаев зияткерлік мектептері программа

Негізгі мектеп
7.9.2.1 «Қазақстан тарихы» пәні бойынша күтілетін оқу нәтижелері
Негізгі мектепті аяқтағаннан кейін оқушы:
-
тарих ғылымының негізгі ұғымдарын; отандық тарих кезеңдерін; тарихи дереккөздердің 
түрлерін; ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихының негізгі оқиғаларын, 
құбылыстарын, үдерістерін; отан тарихында маңызды рөл атқарған тарихи тұлғалар мен 
қайраткерлерді; тарихи даму барысында ұлттық мәдениеттің маңызды жетістіктерін біледі;


| 56
-
тарихтың барлық кезеңдерінде отандық және дүниежүзілік тарих дамуының тұтастығы 
мен үздіксіздігін сипаттайтын негізгі оқиғалардың, құбылыстар мен үдерістердің мәнін; 
Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуына тән бел-
гілерді; Қазақстанның тарихи даму жолының ерекшеліктерін, оның әлемдік тарихтағы 
рөлі мен орнын; отан тарихындағы көрнекті тұлғалардың рөлі мен орнын; жаһандану 
кезеңіндегі жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардың ерекшеліктерін; белгілі 
бір уақыт мерзіміндегі тарихи оқиғалар мен үдерістерді жүйелеу және құрылымдау 
негіздерін; Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі тарихи оқиғалары 
мен үдерістерін сипаттайтын тарихи деректердің мәнін түсінеді;
-
ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін Қазақстан тарихының тарихи оқиғаларын, құ-
былыстарын, үдерістерін меңгеру барысында тарихи картаны, мұрағаттық құжаттарды, 
бастапқы және қайталама деректерді, кітапханалық ресурстар мен медиа-ресурстар-
ды қолданады; тарихи кезеңдерді, олардың хронологиялық ретін ажыратады; тарихи 
оқиғаларды түсіндіру және талдау кезінде тарихи терминдер мен ұғымдарды сауатты 
пайдаланады; өзекті әлеуметтік оқиғалар мен құбылыстарды түсіндіру үшін тарихи 
фактілердің маңызы мен тарихи үдерістердің мәні туралы мәліметтерді, деректерді, 
дәлелдерді дұрыс құрылымдайды; ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан 
тарихының тарихи оқиғалары мен үдерістерін зерделеу кезінде тарихи талдау және 
түсіндіру, тарихи дереккөздерді түсіндіру, уақыт пен кеңістікте бағдарлау, дағдыларын 
қолданады;
-
ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихындағы тарихи оқиғаларды, құ-
былыстар мен үдерістерді; Қазақстан Республикасының тарихи даму ерекшеліктерін, 
оның әлемдік тарихтағы рөлі мен орнын; еліміздің тарихындағы көрнекті тұлғалардың 
рөлі мен орнын; уақыт пен кеңістіктегі, сабақтастық пен өзгерістер, ұқсастықтар мен 
айырмашылықтар контекстіндегі қоғамдық, экономикалық, саяси және мәдени үдеріс-
тер ді талдайды;
-
тарихи оқиғаларды, үдерістерді, құбылыстарды және жеке тұлғаларды, олардың отан-
дық тарихқа әсерінің контекстегі әртүрлі нұсқаларын; әртүрлі тарихи дереккөздердің 
дұрыстығын; қазіргі өркениеттің перспективаларын, оның мәселелері мен даму қиын-
дықтарын; әлемдік экономикадағы, саясаттағы және мәдениеттегі қазіргі қазақстандық 
қоғамның рөлін; нақты тарихи оқиғаларға, құбылыстар мен үдерістерге әртүрлі көзқа-
растарды; тарихи оқиғаның, құбылыстың, үдерістің қоғамның дамуы үшін маңызын 
бағалайды;
-
елдер мен өңірлердің, халықтардың және түрлі әлеуметтік топтардың қазіргі және бо-
лашақ тарихи дамуының ықтимал бағыттары мен тенденцияларын болжайды және 
модельдейді; гипотезалар ұсынады; тарихи мәселелерді тұжырымдайды және оларға 
жауап табады; оқу зерттеулерін жоспарлайды және жүзеге асырады; оқу ақпаратын 
шығармашыл нұсқада ұсынады; оқу зерттеулерінің нәтижелерін аудитория алдында 
таныстырады; оқу үдерісі туралы кері байланыс пен бағалау пайымдауларын орынды 
және оң қабылдайды.
7.9.2.2 «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша күтілетін оқу нәтижелері
Негізгі мектепті аяқтағаннан кейін оқушы:
-
адамзаттың ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі негізгі тарихи оқиғалары мен үдеріс-
тер дің орнын (тарихи картадан) және уақытын (тарихи хронологиясын); негізгі тарихи 
терминдер мен олардың мағынасын; көрнекті тарихи тұлғаларды портреттері мен ісінен 
аңғарып біледі;
-
тарихи оқиғалар, құбылыстар мен үдерістер арасындағы өзара байланыстарын; дүние-
жүзі лік тарих оқиғаларының Қазақстан тарихындағы оқиғаларымен үндестірілуін; әлем 
халықтарының өркениеттерінің, дәстүрлері мен мәдениеттерінің әртүрлілігін түсінеді;


57 |
-
тарихи картаны, мұрағаттық құжаттарды, кітапхана ресурстарын және интернет дерекқо-
рын; тарихи оқиғалар мен үдерістерді түсіндіру және талдау кезінде тарихи кезеңділік 
пен хронологияны, тарихи терминдер мен ұғымдарды; бастапқы және қайталама тарихи 
дереккөздерді, сондай-ақ өнер туындыларын қоса алғанда, әртүрлі дереккөздерден 
алынған тиісті мәтіндік, визуалды, аудио және бейне ақпаратты қолданады; тарихи 
деректер мен дәлелдерді сауатты құрылымдайды; әртүрлі дереккөздерден ақпаратты 
синтездей отырып, адамзаттың өткен кезеңінің бейнесін түрлі формада (абстрактілі, 
ауызша, жазбаша) жеткізеді;
-
тарихи оқиғалар мен үдерістерді тарихи тұжырымдамалар және метапәндік макротұжы-
рымдамалар, әртүрлі ақпарат көздерін түсіндіру, сипаттамалық ерекшеліктер мен бел-
гілерді, ұқсастықтар мен айырмашылықтарды, уақыт пен кеңістіктегі өзгерістер мен 
сабақтастықты, себеп-салдарлық байланыстарды және адамзаттың тарихи тәжірибесі 
аясындағы оқиғалар мен үдерістердің тарихи маңыздылығын анықтай отырып талдайды; 
тарихи оқиғаларға қатысты рефлексия жүргізеді; дәлелдерді дамыту үшін тарихи зерттеу 
нәтижелерін пайдалана отырып, әртүрлі дереккөздерден алынған ақпаратты жүйелейді; 
тарихи даму заңдылықтарын анықтап, жалпы қорытындыларды тұжырымдайды;
-
тарихи деректер мен интерпретацияларды, тарихи дереккөздер ақпаратының маңыз-
дылығы мен дұрыстығын бағалайды; тарихи тұлғалардың рөлін анықтап, дәлелдей-
ді; тарихи оқиғаға немесе құбылысқа түрлі көзқарастарды салыстыра отырып, өткен, 
қазіргі және болашақ оқиғаларды сыни тұрғыдан түсінеді; жеке-маңызды құндылық 
қорытындыларын қалыптастырады; тарихи білімі мен дағдыларын пайдаланып, қазіргі 
саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени үдерістерді бағалайды; дүниежүзілік тарих 
оқиғалары, құбылыстары мен үдерістері туралы өз көзқарасын ауызша және жазбаша 
түрде анық білдіреді; оқу үдерісі туралы кері байланыс пен бағаларды объективті және 
оң қабылдайды;
-
елдер мен өңірлердің, халықтардың және әртүрлі әлеуметтік топтардың қазіргі және бола-
шақ тарихи дамуының ықтимал бағыттары мен тенденцияларын болжайды; мәлімдеме-
лерді, бағалаулар мен пікірлерді негіздеу және дәлелдеу үшін тарихи дәлелдерді анықтап 
ұсынады; гипотезалар жасайды; проблемалық тарихи сұрақтарды тұжырымдайды және 
оларға жауап таба біледі; оқу зерттеулерін жоспарлап, жүзеге асырады; оқу мазмұнын 
шығармашылық формада ұсынады; оқу зерттеулерінің нәтижелерін аудитория алдында 
ұсынады.
7.9.2.3 «Құқық негіздері» пәні бойынша күтілетін оқу нәтижелері
Негізгі мектепті аяқтағаннан кейін оқушы:
-
құқық және мораль ұғымын, конституциялық құқық жүйесін, құқық салаларындағы (аза-
маттық, еңбек, әкімшілік, қылмыстық) бұзушылықтар мен олар үшін жауапкершіліктің 
сипаттамасын; демократияның, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің белгілерін, 
заңдылық пен құқықтық тәртіпті; қазақстандық құқықтық жүйесінің базалық мазмұны 
мен негізгі ұғымдарын, құқық көздерін біледі;
-
қазақстандық құқық салаларының ерекшеліктерін; нақты құқықтық қатынастардың 
негізгі қатысушылары ретінде азаматтардың міндеттері мен жауапкершілігін; азамат-
тардың құқықтарын қорғаудың маңыздылығын, оларды жүзеге асырудың қажеттілігі 
мен мүмкіндігін; әлеуметтік өмірдің негізгі салаларындағы қоғамдық қатынастардың 
құқықтық реттеуін, жеке адамның құқықтарын құрметтеу қажеттілігін түсінеді;
-
меңгерген білімдерін күнделікті өмірде және тәжірибе жүзінде қолданады; заңға, реттелетін 
құқыққа сәйкес құқықтық ақпаратты, іс-әрекеттер мен мінез-құлық тәртібін айқындайды; 
құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асыру тәсілдерін айқындайды; бұзылған құқықтар-
ды қорғай біледі, тиісті органдар мен ұйымдарға білікті заң көмегіне жүгіне алады; өзекті 
қоғамдық және құқықтық мәселелер бойынша пікірталастарға қатысады;


| 58
-
қоғамдағы құқықтық қатынастарды реттейтін нормаларды; қоғамдағы құқықтық қа-
тынастарға байланысты қатынас субъектілерінің негізгі құқықтары мен міндеттерін; 
қарапайым практикалық жағдайларды; жасөспірімдердің заң алдындағы жауапкершілігін 
және құқықтық ережелердің ерекшеліктерін; әртүрлі дереккөздерден алынған құқықтық 
сипаттағы ақпаратты талдайды;
-
қоғамдағы мемлекеттік-құқықтық институттардың қызметін бағалайды, олардың дамуы-
на үлес қосады; қоғам өміріндегі жағымды және жағымсыз құбылыстарды ажыратып 
сипаттайды; құқықтық тәртіп пен заңдылықтың мәнін; нақты мәселелерді шешуде са-
налы белсенділік танытады, адамгершілік нормаларына сәйкес белгіленген міндеттерді 
сындарлы шешу үшін ұжымда ынтымақтасады;
-
құқықтық сұрақтарды құрайды (тұжырымдайды), олар бойынша шешімдерді болжайды; 
қорытындыларды, бағалаулар мен пікірлерді негіздейді, дәлелдемелер келтіреді; зерттеу 
сұрақтарын құрастырады және оларға жауап береді; тақырыптардың кең ауқымына сәй-
кес зерттеу жұмыстарын жоспарлап, жүзеге асырады; оқу зерттеулерінің нәтижелерін 
аудитория алдында ұсынады; оқу мазмұнын шығармашыл түрде таныстырады; құқықтық 
мәселелерді шешу моделін жасайды.
7.9.3. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет