Білім беру бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



Pdf көрінісі
бет47/58
Дата21.04.2024
өлшемі0.73 Mb.
#499391
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   58
Назарбаев зияткерлік мектептері программа

«Математика» 
және 
«Информатика» пәндерінен тұрады.


| 70
Негізгі мектептегі «Математика» пәнінің мазмұны қарым-қатынас құралдарының бірі ретінде 
математикалық ойлауды; математикалық үлгілер негізінде қиын жағдаяттарды шеше білу қабілетін 
дамытуға бағытталған.
«Информатика» пәні компьютерлік технологияны қолдану дағдыларын ғана емес, сонымен 
қатар бағдарламалау дағдыларын дамытуға және оны сауатты пайдалануға, барлық пәндерді оқу 
үшін әртүрлі бағдарламалық қосымшаларды қолдану арқылы жеке және ұжымдық жобаларды 
жүзеге асыруға бағытталған.
«Жаратылыстану» білім беру саласына «Жаратылыстану», «Биология», «Физика», 
«Химия» және «География» пәндері кіреді.
Негізгі мектепте 6-сыныпта «Жаратылыстану» пәні оқытылады. 7-сыныпта «Биология», 
«Физика» және «Химия» дербес оқу пәндерін қатар оқыту басталады. Осы пәндер бойынша оқу 
бағдарламалары оқушыларға маманданғысы келетін бағыт бойынша жоғары мектепте оқу пәндерін 
таңдау үшін өздерінің мықты жақтары мен қызығушылықтарын анықтауға мүмкіндік береді.
«Биология» өсімдіктер мен жануарлар ағзаларының құрылымдық ерекшеліктері мен қа-
сиет терін ашуға, тірі ағзалардың алуан түрлерін зерттеуге, экологиялық факторлар мен олардың 
тірі ағзаларға әсерін, адам мен оның айналасындағы тіршілік арасындағы өзара байланысты зерт-
теу ге, адамның қоршаған әлемдегі орны жайлы түсінік қалыптастыруға және оны оқушылардың 
санасына құюға бағытталған.
«Физика» пәнінің мазмұны оқушылардың физикалық заңдар мен заңдылықтардың мәнін 
түсінуі негізінде әлемнің ғылыми бейнесі туралы түсініктерін кеңейтуді көздейді. Оқушылардың 
материяның (зат пен өріс, макро- және микроәлемнің бірлігі) тіршілік ету формасы, олардың өзара 
әрекеттесуі және табиғаттағы көріністері туралы ғылыми түсінігін қалыптастыру мақсатында 
негізгі мектеп оқушыларының танымдық мүмкіндіктері ескеріледі. Оқушылардың ғылыми та-
ным дағдыларын дамыту үшін мынадай құралдарды қолдану қарастырылған: бақылау, тәжірибе, 
өлшеу, үлгілеу.
«Химия» пәнінің мазмұны оқушыларға заттардың алуан түрлілігі және олардың түрленуі 
туралы жеткілікті білім мен түсінік алуға, химиялық үдерістердің мәнін, оларды шынайы өмірде 
қауіпсіз қолдану мақсатында химиялық үдерістер жайлы заңдар мен заңдылықтардың мәнін 
түсінуге мүмкіндік береді. Бұл пән оқушылардың табиғаттағы химиялық құбылыстарды зерттеу 
қабілетін қалыптастырады, олар жағдайды сыни бағалаумен, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс-
тар мен, деректерді жинау және талдаумен, зерттеу жобасының нәтижелерін рәсімдеумен бірге 
жүзеге асырылады.
«География» пәні бізді қоршаған әлемді тану және онымен әрекеттесу құралдарының бірі 
ретінде географиялық білімді қалыптастыруға бағытталған. Бұл пәннің мазмұны құрлықтар 
мен мұхиттар табиғатының алуан түрлілігінің мәнін ашып көрсетуге, Қазақстанның әлемдік 
қоғамдастықтағы географиялық жағдайының ерекшеліктерін атап өтуге, әртүрлі карталармен 
жұмыс істеуге, географияға қатысты мәліметті әртүрлі оқу және практикалық міндеттерді шешу 
үшін пайдалану дағдыларын дамытуға бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет