8.10. Жоғары мектептегі білім беру мазмұны
Жоғары мектепте білім беру мазмұны білім берудің негізгі мақсатын ескере отырып анықта-
лады. Білім берудің негізгі мақсаты оқушылардың жоғары оқу орнына дейінгі дайындығын
қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан білім беру мазмұнында оқушылардың әлеуметтік
дағдылары мен ұтқырлығын дамытуға, өз мүдделерін, болашағын және өзінің әрі қарайғы өмір
жолын анықтауға ерекше көңіл бөлінеді. Жалпы барлық алты білім беру саласы бойынша оқу
пәндерінің болуы есебінен орта мектептің білім беру мазмұнының функционалдық толықтығы
қамтамасыз етіледі.
«Тіл және әдебиет» білім беру саласына «Қазақ тілі және әдебиеті» (Т1)/ «Орыс тілі және
әдебиеті» (Т1), «Қазақ тілі және әдебиеті» (Т2)/ «Орыс тілі» (Т2), «Ағылшын тілі» пәндері
кіреді.
«Қазақ тілі және әдебиеті» (Т1) және «Орыс тілі және әдебиеті» (Т1) пәндерінің мазмұны
оқушылардың бойында ауызша және жазбаша хабарламаларды түсіну, әртүрлі стильдегі және
жанрдағы мәтіндерді құру дағдыларын қалыптастырады; ауызша және жазбаша сөйлеудің комму-
никативтік ұстанымы мен нормаларына сәйкес тілдік құралдарды саналы түрде таңдауына ықпал
етеді; күрделілігі әртүрлі деңгейдегі көркем шығармаларды терең түсіну және оларды түсіндіру
дағдыларын жетілдіреді, көркем мәтінді толыққанды қабылдаудың және түсіндірудің шарттары
ретінде негізгі эстетикалық және теориялық-әдеби ұғымдарды қалыптастырады. Бұл пәндер білім
беру, қоғамдық пайдалы, оқу-зерттеу, шығармашылық және басқа да қызмет түрлерінің үдерістері
барысында диалогқа, басқаларды түсінуге дайын болу дағдыларын дамытуға бағытталған.
«Қазақ тілі және әдебиеті» (Т2) және «Орыс тілі және әдебиеті» (Т2) оқу бағдарламалары
ауызша және жазбаша коммуникативтік дағдыларды; саналы әрі мәнерлеп оқу, қазақ, орыс және
басқа халықтардың мәдениетінің құндылығын түсіну және сезіну дағдыларын дамытуға бағыт-
талған.
«Ағылшын тілі» пәні бойынша білім беру мазмұны ағылшын тілінің көмегімен әртүрлі
пәндер бойынша өздігінен білім алуға дайындықты дамытуды; ағылшын тілін пайдалана отырып,
жобалық және зерттеу жұмыстары саласында тәжірибе жинақтауды көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |