Білім беру бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


«Математика және информатика»



Pdf көрінісі
бет50/58
Дата21.04.2024
өлшемі0.73 Mb.
#499391
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   58
Назарбаев зияткерлік мектептері программа

«Математика және информатика» білім беру саласына 
«Математика», «Информатика» 
және «Бағдарламалау» пәндері кіреді.
Жоғары мектептегі «Математика» пәнінің мазмұны индукция мен дедукцияны, жалпылау мен 
нақтылауды, талдау мен синтезді, жіктеу мен жүйелеуді, абстракциялаушылық пен аналогияны, 
тұжырымдауды және тұжырымдау қабілетін, тұжырымдарды негіздеу және дәлелдеу қабілетін 
қолдану негізінде математикалық ұғымдарды қолдануға, нақты өмірде сызбаларды, кескіндерді 
және диаграммаларды құру үшін математикалық ұғымдарды, формулаларды және кеңейтілген 
кеңістіктік бейнелерді пайдалануға бағытталған. Жоғарыда аталған барлық дағдылар жоғары оқу 
орнында жақсы оқу үшін қажет.


| 72
Зияткерлік мектептердің жоғары сынып оқушыларын саралау және болашақ мамандығына 
сәйкес пәнді, оны оқу деңгейін таңдауда икемділік пен еркіндік беру мақсатында «Математика» 
пәні екі бағдарлама бойынша оқытылады: аптасына 7 сағаттық және аптасына 10 сағаттық оқу.
Аптасына 7 сағат оқытылатын пәннің оқу бағдарламасы ҚР МЖМБС бойынша жара ты-
лыс тану-математикалық бағытқа арналған «Алгебра және талдауды бастау» және «Геометрия» 
пәндерінің оқу бағдарламаларының мазмұнын толық қамтиды. Аптасына 10 сағат оқытылатын 
пәннің оқу бағдарламасына оқушыларға математикалық даярлықтың жоғары деңгейін талап 
ететін мамандықтар бойынша еліміздің және халықаралық жоғары оқу орындарына оқуға түсуге 
жағдай жасау мақсатында бірқатар қосымша тақырыптар енгізілген.
«Информатика» пәнінің білім беру мазмұны келесі тәжірибелерді меңгеруге бағытталған: 
жобалық жұмыс, заманауи бағдарламалық құралдардың көмегімен әртүрлі типтегі ақпараттық 
объектілермен жұмыс істеу, сонымен қатар компьютерлік үлгілер құрастыру және оларды ұжымда-
сып жүзеге асыру.
Оқушылар «Информатика» пәнін стандартты және тереңдетілген деңгейде оқи алады. Стан-
дартты деңгей оқушыларға өздерінің таңдаған мамандығы бойынша ЖОО-да одан әрі білім 
алу және «Информатика» пәніне қатысы жоқ болашақ кәсіби қызметі үшін қажетті ақпараттық 
технологиялар мен бағдарламалау дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді.
«Информатика» пәнін тереңдетіп оқыту оқушылардың білімін A-level деңгейіне жеткізуді 
көздейді. Бұл пәнді кейінгі білім жолы информатикамен байланысты оқушылар таңдай алады.
«Бағдарламалау» пәнінің мазмұны бағдарламаларды әзірлеу үдерісі барысында бағдарла-
малау тілінде тапсырмаларды шешу қабілеті мен дағдыларын дамытуға, оқушыларға ақпараттық 
технологияларды қолдану бойынша тереңдетілген біліммен қамтамасыз етуге және ғылыми, 
коммерциялық, инженерлік және мәдени дамуды қолдау үшін бағдарламалық құралдардың пай-
даланылатынын түсіндіруге бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет