10.6. Мектептік білім беру үдерісін ұйымдастырудың негізгі қағидаттарының бірі – оқушы-
лардың жобалық және ғылыми‑зерттеу жұмысын жүргізу қабілетін дамытуда бірізділік-
ті қамтамасыз ету. Егер оқушылар жобалау және ғылыми зерттеу қабілеттерін мақсатты
түрде дамытатын болса, олар өз дербестігін арттырады, зияткерлік әлеуетін ашады, бұл
оқушыларды өздерінің өмірлік мақсаттарын анықтауға және осы мақсаттарға адамгершілік,
моральдық нормаларға қайшы келмей жетудің сауатты әдісін табуға ынталандырады. Жоба-
лық және ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу арқылы оқушылар міндетті пәндер шеңберінде
ғана емес, сонымен қатар, сабақтан тыс шараларды ұйымдастыру кезінде де жаңа білім
алады. Оқушылардың осындай шараларды ұйымдастыруы олардың
сыни ойлау, ақпарат-
тық кеңістікте шарлау қабілетін дамытады. Жобалар мен зерттеулерді орындау барысында
оқушылар білімдерін өз бетінше қалайды, ғылыми білім үдерісін ғылыми білімді, негізгі
ғылыми ұғымдарды игеру және түсіну қажеттілігіне шоғырландырады, барлық білімдері
мен дағдыларын нақты ғылыми мәселелерді шешуге жұмылдырады.
10.7. Жобалық жұмыс дегеніміз оқушының жоспарланған нәтижеге қол жеткізуге бағытталған
іс-әрекетін өз бетінше ұйымдастыруын білдіреді. Десе де, жобаны іске асыру үшін оқушылар
әртүрлі пәндік білімдерді, қабілеттер мен дағдыларды, АКТ-ның пайдалану дағдыларын,
жинақталған өмірлік тәжірибелерін мазмұнды түрде кіріктіреді. Жобалау үдерісі барысында,
сондай-ақ, нәтижеге қол жеткізу үшін оқушылар әртүрлі іс-әрекеттерге барады, әртүрлі
ақпарат көздеріне жүгінеді, жауапты таңдау жасайды. Ұйымдастырушылық тұрғыдан алған-
да, оқушылардың жобалық жұмысы жеке өзіндік жұмыс, шағын топтық жұмыс, топтық
жоба, әлеуметтік бағыттағы ірі жобалар түрінде жүзеге асырылады. Мазмұндық тұрғыдан
алғанда, оқушылардың жобалық жұмысы пәндік, пәнаралық сипатта болуы мүмкін, оқу
материалын да, оқудан тыс материалды да қолдануға бағытталған болуы мүмкін. Жобалар
тек оқу-жобалау жұмысы түрінде ғана емес, сонымен қатар, тәрбиелік мәні бар жобалық
жұмыс түрінде де жүзеге асырылуы мүмкін.
10.8. Негізгі және жоғары мектептерде жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін оқу ба-
рысында оқушылардың жобалық жұмысы айқын көрінетін
Достарыңызбен бөлісу: |