Білім беру бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



Pdf көрінісі
бет52/58
Дата21.04.2024
өлшемі0.73 Mb.
#499391
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   58
Назарбаев зияткерлік мектептері программа

«Адам және қоғам» білім беру саласына «Қазақстан тарихы», «Экономика» пәндері кіреді.
«Қазақстан тарихы» пәні кіріктірілген оқу пәні болып табылады, бұл тұлғалардың азамат-
тығын қалыптастыру бойынша өткізілген пәндер циклінің қорытынды курсы болып есептеледі. 
Ол оқушылардың тарихи мұра жайлы және әлемдік қауымдастықтағы қазіргі Қазақстанның 
дамуы жайлы білімдерін дамытуға бағытталған. Бағдарламаның мазмұны еліміздің өткен және 
қазіргі заманғы тарихының маңызды аспектілерін қозғайды, сонымен қатар негізгі мектепте 
Қазақстан тарихынан алған білімдеріне, қалыптастырған қабілеттері мен дағдыларына негіз-
деледі. Сондай-ақ бағдарламаның мазмұны қазіргі Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына, 
әлеуметтік қатынастарына, экономикалық және мәдени дамуына қатысты бөлімдерді қамтиды, 
бұл өз кезегінде «Саясаттану», «Әлеуметтану», «Экономика», «Мәдениеттану» сияқты пәндер 
бойынша бастапқы білім береді.
Бұл пән әрбір азаматтың Қазақстанның дамуы мен болашағы үшін өз жауапкершілігін 
сезінуге және оны түсінуге, сондай-ақ елдің одан әрі дами түсуіне өз үлесін қосуына ықпал етуді 
көздейді.
«Экономика» пәні бойынша оқу бағдарламасының мазмұны микро- және макро-экономика 
негіздерін түсіндіру арқылы жергілікті, ұлттық және жаһандық деңгейдегі әлеуметтік-экономи-
калық оқиғаларды сауатты жеткізу қабілетіне негізделген практикалық дағдыларды дамытуға 
бағытталған. Сондай-ақ, экономикалық және қаржылық сауаттылықты талап ететін ұтымды 
шешімдерді нақты негіздеу қабілетін дамытады. Оқушылар пәнді оқу барысында зерттеу жұмыс-
та рын жүргізуге қажетті статистикалық есептеу дағдыларын дамыту үшін мәтіндік, графикалық 
және цифрлық форматтағы деректерді бағалауды үйренеді.
Жоғары мектепте «Өнер» білім беру саласы 
«Графика және дизайн» пәні арқылы ұсыны-
лады.
«Графика және жобалау» пәні қазіргі заман талабына сай қызметтерді қамтамасыз ету мақ-
сатында бірқатар пәндерді біріктіретін кіріктірілген курс болып табылады. Бұл пәннің негізгі 
мақсаты – оқушылардың кескіндеу теориясының негіздерімен, проекциялау және графикалық 
үлгілеу әдісінің заңдылықтарымен таныстыру және оларды үйрету, жобалық, шығармашылық 
жұмыстың дамуына, олардың графикалық мәдениетін, дәстүрлі және заманауи графикалық құрал-
дармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруына ықпал ету. Бұл пән тұлғаның шығармашылық 
қасиеттерін дамытады, политехникалық және функционалды графикалық сауаттылығын қа-
лыптастырады, жобалау-конструкторлық жұмыстың негіздерімен таныстырады және болашақ 
мамандықты таңдауға бағыттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет