Білім беру бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



Pdf көрінісі
бет53/58
Дата21.04.2024
өлшемі0.73 Mb.
#499391
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
Назарбаев зияткерлік мектептері программа

«Дене шынықтыру» білім беру саласына «Дене шынықтыру»
, «Алғашқы әскери‑техно-
логиялық дайындық» пәндері кіреді. Бұл пәндер оқушылардың дене шынықтыру дайындығын 
арттыру үшін сауықтыру әдістерін ұтымды қолдана білу дағдыларын дамытуға, алғашқы әскери 
дайындық бойынша бастапқы білім мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Жоғары мектеп-
тегі 
«Дене шынықтыру» пәнінің мазмұнында командалық спорт түрлері бар, онда оқушылардың 
дене шынықтыру дайындылығымен қатар, ұжымдық өзара әрекеттестік дағдыларын дамытуға 
аса қатты көңіл бөлінеді. 
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің мазмұны 
оқушылардың патриоттық рухын оятып, Отанын қорғауға әрқашан дайын болуға тәрбиелеуге 


| 74
бағытталған. Бұл пән оқушыларға әскери қызметтің негіздері жайлы және төтенше жағдайларда 
адам өмірінің қауіпсіздігі бойынша білім алуға және әскери қызметке қажетті қабілеттерді игеруге 
мүмкіндік береді.
8.11. Жоғары мектептерге «Жаһандық перспективалар және жобалық жұмыс» пәні енгізілді. 
Бұл пән жалпы білімді арттыруға емес, зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған. Ол 
дүниетанымның кеңеюіне және жеке көзқарастың қалыптасуына ықпал ететін көптеген 
мәселелерді қозғайды. 11-сыныпта оқушылар мынадай дағдыларды игереді: қорытынды-
ларды, дәлелдерді, пайымдауларды және тұжырымдарды талдау және бағалау; контекстті 
сыни талдау және түсіндіру, және де дәлелдерді негіздеу; рефлексия жасау; зерттеу қоры-
тындыларын дұрыс ұсыну қабілеті.
8.12. Жоғары мектепте білім беру мазмұнын жүзеге асыру оқушыларға таңдау беру арқылы 
оқытылатын пәндер санын қысқартуды көздейді. Жоғары мектепте міндетті оқу пәндерінің 
санын азайту оқушылардың жоғары оқу орындарына түсуге одан әрі мақсатты түрде дайын-
далуына ықпал етеді.
8.13. Оқушылардың жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ескере отырып, оқушыларға 
оқудың екі деңгейінде пәндерді таңдаудың икемді жүйесі ұсынылады. Оқушы өз қалауы 
бойынша жоғары оқу орындарына түсу үшін қажетті тереңдетілген және стандартты оқу дең-
гейінде оқытылатын пәндерді өз бетінше таңдайды. Стандартты деңгейден көп сағаттарымен 
ерекшеленетін тереңдетілген деңгей бейіндік пәндерді қамтиды. Стандартты деңгейде де 
бейіндік пәндер оқытылады. Дегенмен, кейбір таңдалған пәндерді оқу 11-сыныпта аяқталуы 
мүмкін. Оқушылар тереңдетіп оқу үшін 2 пәнді және стандартты деңгейдегі 1 пәнді таңдай 
алады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет