2) М.Жұмабаев поэмасынан ӛздеріңе қандай тәлім-тәрбие алдыңдар?
Үйге: Поэма бойынша шығарма жазу немесе табиғатты суреттейтін жолдарын
тауып, поэмаға қандай қатысы бар екенін анықтау.
Осындай сабақ барысында оқушылар ӛздерінің, бір-бірінің ой-пікірлеріне
сын кӛзімен қарай отырып, жаңа тың идеялар туғызады.
Сабақтар баланың
танымдық белсенділігін арттыруға, ӛз бетінше білім алуына, шығармашылығын
қалыптастыруға ықпал етеді. Оқушылар мұндай сабақтарда оқудың қызықты
әрі жеңіл ӛтетіндігін, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің
тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын баяңдайды.
«Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады» деп
Ахмет
Байтұрсынов айтқандай, мұғалімнің ізденісі жан-жақтылығы,
құзыреттілігі арқылы айқындалады.
Ұлтты ұлт етіп дүниежүзілік деңгейге кӛтеретін оның саналы да дарынды,
талантты ұрпағы. Ал білімді ұрпақ, болашақ ел тірегін тәрбиелейтін, оқытатын-
ұстаздар екені аян. Ендеше
заман талабына сай оқыту, білім беру,
модернизация деңгейіне жеткізу- біздің міндетіміз.
Сондықтан балаға білімді қалай игертсем, олардың сабаққа
деген
қызығуын қалай арттыра түсем деген мәселе қазіргі күні ӛзекті мәселелердің
бірі болып отыр. Сондықтан біз мемлекеттік стандартқа сай,
жан-жақты
дамыған, шығармашыл тұлға қалыптастыруымыз керек.
Қорыта келе, біз мұғалімдер-шәкірттердің арманы болғымыз келеді, ертең
ӛскен кезде де біздің түлектер
ұстаздарына зор құрмет, мақтанышпен қараса
екен деймін. Қазіргі қазақ баласына «Сен мықты азамат боласың!» - деп үлкен
сеніммен қарап, оған таныс нәрсемен, оқушыны әр сабақта «Даналыққа
ұмтылу-таңқалудан басталады», - деп таң қалдыра білуіміз қажет. Бүгінгі таңда
тәлім-тәрбие алып жатқан бүлдіршіндер ертеңгі күннің
тек білімді маманы
емес, Отанын жанындай сүйетін, ұлттық тәрбиені және мәдениетті қастерлейтін
рухани кемелденген азамат болып жетілу керек!
Достарыңызбен бөлісу: