А.Ғ. Темирбекова*, Н. И. Жапаркулова



Pdf көрінісі
бет4/11
Дата28.04.2024
өлшемі368.58 Kb.
#500044
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Зерттеу мақсаты: оқушылардың танымдық 
іс-әрекетінің дамыту жолдарын зерттеу және 
тәжірибелік – сынақ жұмысын жүргізу.
Зерттеудің міндеттері:
- Оқушылардың оқу үдерісіндегі танымдық 
белсенділігін арттырудың мәнін ашатын замана-
уи психологиялық – педагогикалық теориялар-
ды зерттеу;
- Оқушылардың танымдық іс-әрекет деңгейін 
диагностикалау әдістерін зерттеу;
- Биологияны оқытуда оқушылардың таным-
дық белсенділігін арттыратын оқу әдістерін 
анықтау;
- «Биология» пәнін оқытуда оқушыларының 
танымдық белсенділігін дамытудың практикалық 
тәжірибе нәтижесін талдау.
Зерттеу әдістер
«Блум кубигі» әдісінің оқушылардың таным-
дық іс-әрекет деңгейіне артуына әсерін анықтау 
мақсаттында Түркістан қаласындағы химия-
биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік 
мектебі эксперименттік мектеп ретінде қаралып, 
зерттеу тәжірибесі осы оқу орнында жүргізілді. 
Эксперимент барысында оқушылардан та-
ным дық іс-әрекет деңгейін анықтау үшін пси-
хологиялық тест алынып және нәтижелері тал-
данды.


210
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру әдістері
Берілген зерттеу келесі әдістерді қолданды: 
• Теориялық әдістер: тақырып бойынша 
пси хологиялық-педагогикалық және ғылыми 
әдістемелік әдебиеттерді зерделеу және талдау
• Эмперикалық әдістер: 7 сынып оқу-
шыларының танымдық белсенділігік деңгейін 
анықтауға тәжірибе жүргізу; 
• Зерттеудің сандық және сапалық әдіс-
тері: мәліметтерді статистикалық талдау. 
Оқушылардың танымдық белсенділік дең-
гейін анықтау үшін келесі әдістер мен диагности-
ка қолданылды (G.S. Wilkinson, G.J. Robertson, 
2006: 88) [9]: 
• Жад көлемін анықтау үшін – «Қысқа 
мер зімді есту жадының диагностикасы»;
• Ойлаудың даму деңгейін анықтау үшін – 
«Ұғымдарды салыстыру»; 
• Қиял деңгейін анықтау үшін – «О.М.Дья-
ченконың фигураларын толықтыру» әдістемесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет