Қайыпбаева А., филология ғылымдарының кандидаты, А



Pdf көрінісі
бет13/99
Дата11.05.2024
өлшемі1.07 Mb.
#500848
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   99
dosova a t azaa t l n orfografiyasy men punktuaciyasy 2019 12 10 09 24 31 0991

2-жаттығу. Текстерден о, ө, ұ, ү әріптері қатысқан сөздерді теріп жазып, 
олардың қай орында (буында) тұрғанын көрсетіп, түсінік беріңіздер. 
 
1-нұсқа. Биылда күріштің шығымы жаман емес еді. Енді бас ала бастаған 
қалың нау тегіс тұтасып, теңселіп жатыр. Тек кей атыздың шет-шеті аласа, 
алақат көрінеді. Бұл екі рет тұқым себілгеннің белгісі. Әйтеуір әбүйір болғанда 
мұндай алақат жерлер онша көп емес. Демек егіннің бас-аяғы бір мезгілде 
пісіп, бір мезгілде орақ түседі деген сөз. Председатель еңкейіп, атыздың 
шетінен бес-алты тал өскінді алды да, әрлі-берлі айналдырып, үңіліп қарай 
бастады. Сырт көзге тұтас, бітік көрінетін өскіннің жапырақ ұштары 
кәдімгідей сарғайып, қаудырап үгіле бастаған екен. Мұны көрген басшының 
қабағы қалыңдап, көңілі нілдей бұзылды (О.С.). 
2-нұсқа. 1. Ол орыс реализмінің дәстүрін қабылдады. Көркем творчество 
арқылы патша үкіметі тудырып отырған әділетсіздік пен әлеуметтік теңсіздікті 
әшкере ету қажеттігін көтерді. Халық өмірі, оның арманы мен тілегі 


16 
жазушының қаламына жел берді. Сол арқылы Ахундов азербайжан мен бүкіл 
шығыс халықтары әдебиеті үлгілерін хылықтық тұрғыда бағалау қажеттігін 
көтерді («Сөз зергерлері»). 2. Ол Грибоедовтың, Гогольдің, Шекспир мен 
Мольердің үздік туындыларынан үйренді. Драмалық шығармалар жазумен 
Ахундов ұлттық әдебиет пен өнердің алдында тұрған міндеттерге шұғыл жауап 
бере алатын және халыққа жақын жанр арқылы ескі кертартпалықты сынауға 
кең мүмкіндік алды (сонда).
3-жаттығу. Текстерден и, у әріптері қатысқан сөздерді теріп жазып, 
олардың қолданылуындағы ерекшеліктеріне және қандай дыбыстық 
мағыналарды қамтитындығына түсінік беріңіздер. 
 
 1-нұсқа. 1. Бұл уақытта жел қатайып, күн суытып, таңертеңгі қиыршық 
қар енді бетке сабап, қалыңдай түсіп тұр. Айнала бұлыңғыр. Шыңғыстың 
биектерінен бүктетіліп, булығып түсіп, ағындап өтіп жатқан тұманды шаңыт та 
бар екен (М.Ә.). 2. Тәңірберген ел тізгінін ұстаған игі жақсылардан торығып 
қалды. Тым құрыса, осы қазіргідей жөн таппай қиналған кезде ақылдасар адам 
болмағанын айт. Ағаның сиқы – Алдаберген. Ақбаланы қуғалы сопы ағасымен 
табысса да, оқыған інісмен бұрынғыдан бетер суысып, келімге келмей қиғаш 
тартып барады (Ә.Н.). 3. Құдай-ау, бұл неткен қыз, не іздеп жүр?... Түу, әрең 
таныды ғой!... Түнеугүні Отарбайдың үйінде өлімнен құтқарған қыз екен-ау! 
(Ғ.М.).
2-нұсқа. 1. Сапардың сөзіне ешкім қарсы дау айтқан жоқ. Мұнан әрі бәрі 
де үнсіз жүрді. Аттарды шалдықтырмау үшін, өрге қарай жаяу көтеріліп келеді 
(Ә.Әлім.). 2. Сонадайдан әлі күзеуге түсіп үлгермеген шопандардың киіз үйлері 
көрінді (Ә.Әлім.). 3. – И-и, балақайым, тоңғансың, тоңғансың, деп, Темірке 
жүгіріп барып, түп жақтағы бөлменің бірінен түлкі ішік әкелді (Ә.Н.). 4. Билер 
үйінде жақсылардың тақ ортасында отырған семіз сары кісі Бақтығұлдан мал 
қуушы даугер болып шықты (М.Ә.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет